Мақал- мәтел - сөздің көркі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақал- мәтел - сөздің көркі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатын өткізуде мұғалімдерге пайдасы тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мақал – мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
оқушылардың мақал – мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата біліу дағдылары мен оқу, таладау машықтарын қалыптастыру.

Әдіс - тәсілдері: деңгелік тапсырмалар, талдау, мағынаны ашу, салыстыру, іздендіру

Көрнекілігі: электронды тақта, үлестірмелі тапсырмалар, сөзжұмбақ, өздік жұмысы

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту

Психологиялық дайындық
Электронды тақтада:

Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,

Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

Осы мақалды сабағымыздың ұраны етіп алсақ, енді маған мынандай сұратарға жауап берсеңдер.

Сұрақтар:

а)Мақал –мәтелдер дегеніміз не?

ә) Мақал мен мәтелдің арырмашылығы бар ма?

б) Тақырыптары қандай?

б) Осы сабақта қандай мақсатты алдарыңа қоясыңдар?

III. Негізгі бөлім
«Сөз көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал – мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал – мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

Мақал мен мәтел қосарланып айтылғанмен, бір – бірінен айырмашылығы бар.

Мақал – ой тиянақты болады, алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Мақалдарда бір – біріне қарама – қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ойды айқындай түсу тәсілі басым, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады және көбіне екі бөлімнен тұрады.

Мәтел – ойды ақырына дейін жеткізбей, топшылап, болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем не сөз тіркесі түрінде келетін фразеологиялық бірлік.

Енді балалар, түсінген – түсінбегенімізді білу үшін мына тапсырмаға назар аударалық.

Мақал мен мәтелдерді ажыратыңдар.

Опасызда Отан жоқ. (мәтел)

Ел құлағы – елу. (мәтел)

Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.(мақал)

Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім. .(мақал)

Күш атасын танымас. (мәтел)

Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра. (мақал)

Туған жерге туың тік. (мәтел)

Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет.(мақал)

Мақал – мәтелдердің тақырыптары сан алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды.

Тақырыптары:

1.Отан, туған жер

2. Білім, ғылым, оқу

3. Отбасы, ата-ана, бала

4. Ерлік, батылдық

5. Денсаулық және т.б.

Дәптермен жұмыс

  1. тапсырма

Кіммен, немен, не үшін қарым- қатынас жасағаныңды есіңде ұста.

1.Баяндамашы тілдік қатынастың қай бөлігін ескермеді?

2. Бала мезгілсіз уақытта айғайлап сөйлеп, тілдік қатынастың қай бөлігін ескермеді?

Бала үлкен кісінің сұрағына теріс қарап тұрып жауап беріп, тілдік қатынастың қай бөлігін ескермеді?

  1. тапсырам

«Әзілің жарасса- атаңмен ойна»


«Әділде кек жоқ,

Күлкіде шек жоқ» мақалдарының мағынасын түсіндір.

3-тапсырма

«Төле би мен сегіз жасар бала» мәтінін оқып қорытынды жаса.

ІV. Қорытынды

«Ғажайып қоржын» ойыны

Топтағы оқушылар қоржыннан әр түрлі түстегі кішкентай қалташалардан кез - келген тақырыптардағы тапсырмаларды алып, орындайды. Дұрыс орындаса балл алады.

Мақалды дұрыс құрастыр.

1.Кітап, мұғалім, пен, тілсіз, ғылым.

2.Көп, білімді, сөйлеген, емес, сөйлеген, дөп, білімді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
1169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі