|
Жаңа
сабақ
-Балалар біз қандай бөлімді
өтіп жатырмыз?
-Салт-дәстүр және ауыз
әдебиеті
-Бізге атадан асыл мұра болып
қалған халық шығармаларын атап
өтейікші
-Ертегілер,аңыздар, өтірік
өлеңдер, мысалдар,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер,
шешендік сөздер.
-Ал балалар олай болса бүгін
біз осы халық шығармаларының ішінен мақал-мәтелдер оқып, жұмбақтар
шешіп, жаңылтпаштар жаттайтын
боламыз.
Білу және
түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі
тақырыппен танысады.
Қолдану
Әр топқа тапсырмалар
таратылады.
Тапсырмалар:
-
Мақал-мәтел дегеніміз не?
-
Жұмбақты
қалай түсінесіңдер?
-
Жаңылтпашты қалай
түсінесіңдер?
Тыңдалым:
Мақал-мәтелдер
– халық даналығынан
құралған шығарма. Құрылысы көбінесе өлең сияқты
болады.
Қорытынды ой, тұжырымды
түйін айтылады.
Мақалдар көбінесе екі
бөліктен тұрады. Екі бөліктен тұратын мақалдың алдыңғы бөлігінде
себеп яғни өмірлік оқиға меңзеледі де, екінші бөлігінде
қорытындыланып
түйінделеді.
Мысалы: Еңбек етсең
ерінбей,
Тояды қарның тіленбей. –деген
мақалдардың өмірлік оқиғаның тұжырымды түйіні екенін аңғару қиын
емес.
Мәтел құрылымы жағынан өте
қысқа келеді. Онда ой тура айтылмай тұспалмен астарлап
жеткізіледі.
Мысалы: Су ішкен
құдығыңа – түкірме -деген мәтел жүрген ортаңды жамандама деген ойды
меңзейді.
Жаңылтпаштар дыбыстар мен сөздерді
дұрыс, анық айтып жаттығу үшін қолданылады. Оны балалардың тілін
жаттықтыру үшін
айтқызады.
Мысалы: Шеше,
шеше
Неше
кесе
Сынды
кеше
Жұмбақтар – табиғат
құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып – білуге
талпынған халық ойынан туған
шығармалар.
Яғни ойға алған бір
нәрсенің өзі аталмай оның сырт көріністері немесе сол затқа тән
белгілер сипатталады. Жұмбақ
алақанға бір нәрсені жасырып қолды жұмып көрсетуден
шыққан
Жасырынған сөздерді,
қазақша, орысша, ағылшынша баламасын
табыңыздар
1-топ: Өнер
алды-........тіл
(Қызыл, красный,
red.)
2-топ: Жаны жоқ болса
да,
Ақылды адам ісін
істейді.
(кітап, книга,
book)
3-топ: Біл , бұл
–піл,
Бұл бір.......
.
(Піл, слон,
elephant)
Дәптермен жұмыс.
Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш
жазу.
Топтық тапсырма:
1-Топқа тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.

2
–топқа тапсырма. «Ойлан тап»
Жұмбақтың жауабын
тап.
-
Жапанда бір нәрсе бар аузы
жабық,
Ашылар мезгілінде баурын
жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы
бар,
Қорек қып пайдаланар тамам
халық. (Кітап және оқу)
-
Теңіздей түбі
терең,
Сүңгіген жетер әрең.
(Білім)
3-Топқа тапсырма. «Кім жаңылыспайды» Жаңылтпашты
жаңылмай жатқа айту.
1. Қапыда ит
қапты,
Қатты
қапты,
Қапты
қатты.
2.
Ықылас пен Ыбырай,
Ыдыстарын
тасымай
Ырыскүлден үлгі
алмай,
Ынтасыз жүр тілді
алмай.
|