Материалдар / «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№56 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

080000, Тараз қаласы, Құмшағал алқабы Ақсарай көшесі №12, тел:55-02-52, kumshagal@mail.ru




«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»





«Балдырған» тобы.




Тәрбиешілер: Абжапарова Б.С

Сулейменова Ж.К







2024ж



«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»

Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын-сайыс, сұрақ — жауаптар.

Көрнекі құралдар: сурет , тапсырмалар, қоржын асықтар


Шаттық шеңбері:

Біздің топта ұл қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға, бар адамға

Тек мейірім сыйлаймыз.

Тәрбиеші: Бүгінгі өтетін ұйымдастырылған іс әрекетіміздің тақырыбы: «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» деп аталады.

Мақал-мәтелдер — халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.

Ғажайып сәт: (Балапан телеарнасынан Али мен Айя келеді)

Али: Біз, қайда келдік — Айя?

Аяй: Біз мақал мәтел кітабымызды жоғалтып алдық соны іздеп жүрміз ғой.

Али: Сен ғой жоғалтқан. Атам бізге арнап сатып алды, енді не істейміз. Атамыз ренжиді ғой. Мен атамды ренжіткім келмейді.

Айя: Али қарашы, балалар отыр екен, солардан сұрап көрейікші?

Сәлеметсіздер ме: Али, Айя.

Али мен Айя: Сіз бізді танисыз ба.

Әрине, балалар да таниды. Солай емеспе, балалар. Біздің балаларымыз «Балапан» телеарнасын қалдырмай көреді. Не іздеп жүрсіздер?

Айя: Мақал туралы кітабымызды жоғалтып алдық, соны іздеп жүрміз, көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші: Жақсы келдіңіздер! Балалармен бірге мақал-мәтел , жұмбақ шешу,жаңылпаштар сайысын ұйымдастырайын деп жатыр еді. Қанекей сіздер де екі топқа бөлініп балалармен қатысыңыздар. Сайыс біткен соң балалар тауып береді. Али мен Айя қосылады.

 

Сөйлей, Сөйлей шешен боласың

Көре, көре көсем боласың — дегендей ұйымдастырылған іс әрекетімізді сайыс түрінде өткізейік. Оң жақтағы балалар «Тапқыр», сол жақтағы балалар «Зерек» деп топқа бөлінейік. Ойынның шартын айтып кетейін.

І-кезең «Ақылды балалар» — ақыл, нақыл сөздер

ІІ-кезең «Кім тапқыр» суретке қарап мақал құрастыру

ІІІ-кезең Сөз жұмбақ «Мақал»

ІV-кезең «Шапшаң тіл» — жаңылтпаштар.

Әр тапсырманы орындаған топтың қоржынына бір асықтан салып отырамын. Қай топ асықты көп жинаса сол топ жеңіске жетеді. Ендеше әр топ өздерін таныстырып кетсін.


І-топ: Топтың аты «Тапқыр»

Топтың ұраны:

Ата-баба ұранын,

Биік ұстар тапқырмыз.

 

ІІ-топ: Топтың аты: «Зерек»

Топтың ұраны :

Алғыр, жүйрік білімпаз

«Зерек» тобы боламыз.

Жарайсыңдар! Ендеше сайысымызды бастаймыз.


І-кезең: Али мен Айяның мақал мәтел айтуы

Инабат : Алтың ұяң-Отан қымбат

Құт берекең-атаң қымбат

Айналатын-анаң қымбат

Асқар тауың – әкең қымбат

 

Абзал : Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы менжағын жер.

 

2-сұрақ «Ақылдың сөзі — Ақылдың көзі» Ақыл және нақыл сөздер айтып айтысу.

Балауса: Бұлбұл гүлзарын сүйеді.

Адал адам Отанын сүйеді.

Есік қағылып Ата мен әже кереді . Саламатсыздар ма! біз Али мен Айяны іздеп жүрген едік.

Саламатсыздар ма! Келіңіздер төрлетіңіздер.


Х.Аяда : Ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма.

Алихан : Ең тәттіде — тіл

                Ең ащы да — тіл

                Ең қатты да — тіл

                Ең жұмсақта — тіл

 

Мансұр : Туған жердің күніде ыстық, түніде ыстық.

Медина: Өтірік сөз — өрге баспайды.

 

ІІ-кезең «Жүйрік болсаң — озып көр демекші» «Кім тапқыр»

  1. Суретке қарап мақалды құрастыру

Ұяшық таңдау.

  

100 теңгең болғанша

100 досың болсын

 

Ит адамның досы

 

Қыз өссе — елдің көркі

Гүл өссе жердің көркі

 

Ер-елдің, жаңбыр жердің көркі

 

  1. Мақалдың жалғасын табу.

Көз қорқақ — қол……..(батыр)

Сәлем — сөздің………(анасы)

Жері байдың — ………(елі бай)

Кітап -алтын ………(қазына )

Ас адамның ……..(арқауы)


Сергіту сәті

Досым менің қалайсың

Қал жағдайың жақсыма

Қане құшақ жайық

Бір құшақтап алайық

Бір айналып қуана

Орнымызды табайық.

 

ІІІ-кезең «Сөз жұмбақ»


Жұмбақ жасырылады шешуін табу.


  1. Қоймасын қыс ақтарып

Жерді жапты ақ мамық                   (Қар)

  1. Көреді бәрін өзгенің

Көрмейді бірақ өздерін                   (Айна)

  1. Үй үстінде — ұсақ тас. (Жұлдыздар)

  1. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады                       (Кітап)

 

ІVкезең «Өнер алды — қызыл тіл» демекші Шапшаң тіл — жаңылтпаштар айтысына көрейік.


Ибраһим: Түйе бізге шұбат береді

                Шұбат бізге қуат береді

 

Алия: Ақ шар бар,көк шар бар,

               Көп шар бар, бес шар бар.

 

Алсу:     Доп, доп, доп жоғалды,

              Қап,қап,тап,тап

 

Ж.Аяла Шеше, шеше,

              Неше кесе

              Сынды кеше

 Мейрамбек: Доп деп,

Доп теп.

Бекасыл: Пай-пай-пай

Жайылып жүр тай,

Ай,ай,ай

Ұшып кетті торғай.

Ақпейіл: Жаға жай,

Жағажайда-Қамажай

Суретке қарап ,мақал-мәтелдерді табайық.

1.Жеті рет өлшеп,бір рет кес

2.Білім инемен құдық қаазғандай.

3.Көз қорқақ,қол батыр.

4.Ата –бәйтерек,бала жапырақ.

5.Әке-асқар тау,

6.Кітап-алтын қазына.

7.Отанды сүю.отбасынан басталады.

8.Ел іші,алтын бесік.

9.Әкеге қарап,ұл өсер,

Шешеге қарап,қыз өсер.

10.Ұяда не көрсең.ұшқанда соны ілерсің.

11.Бала тілі,бал.

12.Бұлақ көрсең,көзін аш.

13.Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті.

Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Асықтарыңызды санайық, тең түсті. Жеңіс екі жаққа бірдей болды. Жеңістерңіз құтты болсын.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Али: Ия досым, Рақмет. Біздің кітабымыз ғой

Айя: Балалар сіздерге көп көп Рақмет. Сіздермен өте қызық болды Мақалдыда, жұмбақтыда, барлығын ұғып алдық. кездескенше, Сау болыңыздар!


Тәрбиеші : Сау болыңыздар. Али, Айя. Жолдарыңыз болсын.

Қорытынды:

Бүгінгі сайыс ұнады ма?

Сайыста не туралы айтылды?

«Мақал -сөздің мәйегі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті Сау болыңыздар . Келіп тамашалағандарыңызға рақмет!

 




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!