"Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы"- өнер сайысы.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы"- өнер сайысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Балаларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. 2. Сөз өнері арқылы Балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Мақал – сөздің азығы,
Жұмбақ – ойдың қазығы"- өнер сайысы.


Мақсаты: 31.012024ж
1. Балаларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
2. Сөз өнері арқылы Балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.
Өтілу барысы:
Құрметті ұстаздар, балалар, қонақтар!
Бүгін біздің кітапханамызда "Мақал – сөздің азығы,
Жұмбақ – ойдың қазығы"- өнер сайысы.
Бұл сайысқа екі топ қатысады:

1. «Сұңқар» тобы.

2. «Барыс» тобы.
Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:
Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Еңбектің наны тәтті, жалқаудыің жаны тәтті» деген бір нан үлкен еңбекпен келетіндігін және нанның қадір қасиетін білу керектін білдіреді.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз, баланың білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

1 - тур: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)
Ересек «Қарлығаш» тобының «Кітаптар» биі:

2 - тур: Мақал – сөздің мәйегі
(тақтада мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)
1. Кітап білім бұлағы,...(Білім өмір шырағы.)
2. Әкеге қарап ұл қсер,...(анаға қарап қыз өсер.)
3. Балапан ұяда не көрсе... (ұшқанда соны іледі)
4. Өнер - ағып жатқан бұлақ,...(Білім – жанып тұрған шырақ)
5. Жақсының аты өлмейді...(Ғалымның хаты өлмейді)
6. Көз қорқақ,...(қол батыр)
7. Әке,...(Асқар тау)
8. Отан ,...(Отбасынан басталады)
9. Бұлақ көрсең...(көзін аш)
10. Еңбектің наны тәтті,...(Жалқаудың жаны тәтті)
11. Отан үшін күрес -...(елге тиген үлес)


Ересек «Қарлығаш» тобының «Құпия кітап» әні.

3 – тур: Кім тапқыр?
- Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады. Мысалы:


Тұрғанмен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі. (Күн)

Орманда оның тұрағы

Тоқ-тоқ етіп тұрады. (тоқылдақ)

Қабат-қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз )
Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі). Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап)

Қорытынды:

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды.





Shape1



Ертеңгілік

Тақырыбы: "Мақал – сөздің азығы,
Жұмбақ – ойдың қазығы"- өнер сайысы.







Тәрбиешілер: Арипова Г.

Жаманкулова А.



31.01.2024ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2025
55
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі