Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы. Тәрбие сағаты ҚМЖ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы. Тәрбие сағаты ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы. Тәрбие сағаты ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Балалар кітапханасы жобасы аясында: Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы

Сабақтың мақсаты:

Оқу барысында алған білімдерін нығайту, сайысқа деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау шапшаңдықтарын дамыту. Ұйымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

3. Топқа бөлу

Мақсаты: Оқушылардың қиындық туындаған жағдайда кімге сенәм артып, көмек сұрайтынын анықтау.

І-топ: Зерек
ІІ-топ: Талап



Жаңа сабаққа кіріспе


Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Жұмбақ шешіп, мақал айтып
Көңілді кеш жасайық! – дей келе оқушылар арасында «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты сайысымызды бастаймыз.
Сайыс бағдарламасы:
І бөлім: «Әріптер сыр шертеді»
ІІ бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
ІІІ бөлім: «Тіл өнері»
ІV бөлім: «Бәрін білгім келеді»
V бөлім: «Кім зерек?»

Сайысқа қатысатын оқушылар:

  1. ___________________

  2. ___________________

  3. ________________________

  4. _______________________

  5. __________________________

  6. __________________________

  7. _________________________



Сабақтың ортасы

26 мин.

ІІІ Негізгі бөлім

І бөлім: «Әріптер сыр шертеді?
1. Биікте бар, ойда жоқ,
Киікте бар, қойда жоқ. (И)
2. Суда бар, отта жоқ,
Буда бар, шоқта жоқ. (У)
3. Айда бар, күнде жоқ,
Аспанда бар, жерде жоқ. (А)
4. Орманда бар, үйде жоқ,
Қоянда бар, итте жоқ. (О)
5. Борда бар, тақтада жоқ,
Балда бар, майда жоқ. (Б)
6. Машинада бар, қайықта жоқ


ІІ бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
1. Білекті бірді жығады, . . . мыңды жығады.
2. Халық айтса, . . . айтпайды.
3. Ел үмітін . . . ақтар.
4. Өнер алды . . . тіл.
5. Ердің атын . . . шығарады.
6. Тіл тас жарады, тас жармаса . . . жарады.
7. Сөз тапқанға . . . жоқ.
8. Жақсы сөз . . . ырыс
9. Бірлік болмай . . . болмас
10. Көз қорқақ, . . . батыр



ІІІ бөлім: «Тіл өнері»
1. Мықынын таянып,
Тұрмайды аянып,
Ертемен тұрады,
Қоқысты қуады. (сыпырғыш – веник)
2. Кіп-кішкентай бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой - баран)
3. Тысы жасыл, астары асыл,
Құйқасы қатты, еті тәтті (қарбыз – арбуз)
4. Қанаты бар ұша алмас,
Құрлықта қаша алмас, (балық – рыба)
5. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз – лук)
6. Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады. (сағат – часы)
7. Сүйрең, сүйрең етеді,
Із қалдырып кетеді. (қаламсап – ручка)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем (кітап – книга




ІV бөлім: «Бәрін білгім келеді» (ребус шешу)
Шешуі: білім, шаңғы, ферма, флейта

V бөлім: «Кім зерек?»
«Ханталапай» сөзіне сөз құрап айту
Жауаптары: хан, хат, талап, апай, атай, ат, халат




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Р ефлексия

7 мин.


ІV. Қорытынды
Қазылар алқасына сөз кезегін беру, жеңімпады анықтау, марапаттау

Рисунок 23






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2024
3142
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі