"Мақал- сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы" сынып сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мақал- сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы" сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы. Сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Сынып сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты


Күні

05.02.2024

Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы

Сабақтың мақсаты:

Мақал - мәтел тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру.. Ойлау, есте сақтау, ой түйіндеу, ауыз екі сөйлеу, ой өрісін кеңейту.
Шешендік сөйлеуге, сөз астарын мағыналы түрде сипаттап көрсету, салауаттылыққа тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

нақыл сөзбен жазылған плакаттар, жеке суреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)





2 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру, Топ мүшелерінің ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау. Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына.


Компьютер



Сабақ басы (13 мин)







Мағынаны тану. Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.
Таза терең өткір, күшті, кең тілім.
Таралған балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.
«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздер халқымызда тегін айтылмаса керек.

Оқушылар

Өздері білетін мақал мәтел, жұмбақтарымен бөліседі



Ортасы

12 мин












  1. «Ойлы болсаң, озып көр» (Мақалдарды жалғастыру)

1-топ

1. Алдыңғы арба қайда жүрсе,... (соңғы арба сонда жүреді.)
2. Сын түзелмей, (мін түзелмес).
3. Кісінің кісілігі, (Киімінде емес, білімінде).
4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).
5. Байлықтың кілті – (ғылым…)

.2-топ
1. Әдепті бала – арлы бала,( Әдепсіз бала сорлы бала ).
2. Білгенің бір тоғыз,...(білмегенің тоқсан тоғыз).
3. Ғылым теңіз... (Отбасы - шуақ)
4. Ұланы бар елдің... (ұраны бар) 5. Еңбек ердің көркі ……. (ер елдің көркі)
3-топ:
1. Көз - қорқақ (қол – батыр).
2. Батыр туса - ел ырысы... (Жаңбыр жауса – жер ырысы). 3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)

2. «Тапқыр болсаң тауып көр» (Берілген жұмбақтарды шешу. Оны қазақша, орысша, ағылшынша жауап беру)

Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз - frost)
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
Бір кісі бар дүниеде,
Шемішке шағып тұрады.
Бұл кісіден әр уақыт,
Әркім мезгіл сұрайды.(сағат - часы - watch)


Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай - луна - moon, жұлдыздар - звезды - stars)

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка - ruler)
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц - rabbit)
Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка - cat)
Бір жәшік тор бұрышты сырғасы бар,
Көтерсең сырғасынан дауыс шығар.
Қанша алыс болсаңдағы екі сырға,
Естіліп бір – біріне жақын қылар. (телефон - telephone )
Жаны жоқ, болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (кітап - книга - book)

3. «Біз білмейтін бір мақал» (Мақалдың мағынасын ашу)

1. Қараңғыда тапқаныңды ханға берме, Жарықта тапқаныңды жанға берме.
Мағынасы: еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа.


Оқушылар топ болып тапсырмаларды орындайды.



























3 - топ. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук - onion)
3 - топ. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса - fox)
3 - топ. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга - book)
3 - топ. Өзі кірді ашады, суға салсам қашады.(сабын - мыло - soap)
Жел соқса жайқалып толқиды.
Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең - песня – song

2. Өзін - өзі сыйлаған ер бақытты, Өзін — өзі билеген ел бақытты. Мағынасы: Адам әуелі өз қадірін білсе ғана ел мен жер

қадірін де біле алады.
3. Шын ер жеңсе, тасымас, Жеңілсе, жасымас.
Мағынасы: Қандай жағдай болса да өз — өзіңді сабырлы ұстап үйрен

Кеспе қағаздар










Соңы

5мин






Рефлексия «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

Бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін мақал-мәтелдер арқылы айтады.

Музыка қосылады











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2024
663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі