400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Мақал-жұмбақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер ге көмек қолын созуға, өз еңбегіммен бөлісу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.



Мақсаты: а)Ата- аналарды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін таба білуге ,ынтасын арттыру.

Ә) Мақал айту арқылы ата-аналардың ақыл-ойын, сана-сезімін, танымдық қабілетін, білімділігін, сөз сараптауларын дамыту.

Б) Халық ауыз әдебиетінің  түрлерімен таныстыра отырып, ата-аналарды адамгершілікке, адалдыққа, ата-баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға нығайту.

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, ата- аналарды жарыстыру.

Көрнекілігі: интерактивты тақта , салт-дәстүрге байланысты суреттер,.

Түрі: дәстүрден тыс ойын, жарыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Ата- аналар апталығына байланысты «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»атты тақырыпта тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

(Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады.Әр топтан төрт ата-ана. Топ жетекшілері сайланады.)

Туған тілім -бабам тілім -өз тілім!

Туған тілім - анам тілім-өз тілім!

Туған тілім-далам тілім-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі-өз тілім!- дей келе,

бүгінгі сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.

Сайыс сабақтың жоспары:

1.Өздерін таныстыру, ұраны, топтың аты.

2. «Ойлы болсаң озып көр ».(Жұмбақ)

3 Жалғасын тап

4.Суретке байланысты мақал құра.

5.Мақал –сөздің мәйегі.

6.Білгенге маржан.

7.Қортынды.

(Сайыс басталмас бұрын әділқазылар сайланады)

-Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,

Келген жоқпыз кешке бекер еруге

Тиістіміз болашақтың алдында,

Тік түрегеп, тура жауап беруге,- деп әр топ өздерін таныстырып өтсе.

Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар,-дегендей ата-аналарымыздың тапқырлығы мен ой-өрісін тексеру мақсатында

2–ші бөлімді бастаймыз.Жұмбақ

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-мәңгі өнеге айдыны,

Жан байлығы, салт-дәстүрі, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және туған тарихы. –деп



3-ші бөліміміздің мақалдың жалғасын тап

Ұстаз

Еңбек

Ағадан

Асық

4-ші бөліміміздің мақал құрастыру сайысын бастаймыз.

Бұл сайыста әр топқа  суреттер көрсетіледі. Олар осы сөздерден мақал-мәтел құрастырады. Құрастыруға уақыт беріледі.

А) еңбек туралы мақал-мәтел.

Еңбек етке мұратына жетеді.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Ә) ана тілі туралы.

Басқа бәле тілден.

Піл көтермегенді тіл көтереді.

Тіл қылыштанда өткір.

Тіл тас жармаса бас жарады.

Тіл жүйрік емес ой жүйрік.

Өнер алды қызыл тіл.

Б) Достық туралы мақал-мәтел.

Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.

Дос тұтқанды қадірле.

Досы көпті жау алмайды.

Дос таппай көңіл тыным таппас.

-Осымен мақал-мәтел құрастыру сайысы аяқталды.

Әділ қазылар алқасы бағаларын берсе.

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

 

5-бөліміміздің «Мақалдың құрастыру» сайысын бастаймыз.

Мен сендерге мақалдың басын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар. Жалғасын тапқан топ қол көтеріп жауап береміз.

  1. Баланың ұяты-әкеге …(қыздың ұяты-шешеге)

  2. Атаңа не қылсаң, … (алдыңа сол келер)

  3. Туған жердей жер болмас,… (туған елдей ел болмас)

  4. Батыр туса ел ырысы, … (жаңбыр жауса, жер ырысы)

  5. Екі жақсы қас болмас, … (екі жаман дос болмас)

  6. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, … (алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)

  7. Әдепті елдің баласы, … (алыстан келіп сәлем береді)

  8. Ұяда не көрсең, … (ұшқанда соны ілерсің)

  9. Сө зжүйесін тапса … (мал иесін табар)





6-бөліміміз «Білгенге маржан» сайысын бастаймыз


Осымен  біздің «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»  атты сайсымыз соңғы бөлімі аяқталды. Әділ қазылар алқасы, өздерінің шешімдерін шығарғанша, Шакабай Жансаяның орындауындағы «Тентегім» биім тамашлаңыздар.
Осымен құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар,  оқушылар «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты
сайысымыз аяқталды.Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.05.2019
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі