400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Мақал-мәтел, жұмбақтар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты жан – жақты дамыту, мақал-мәтел, жұмбақтар туралы түсініктерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Токтаганова Алтынай Каражауовна

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы

Жетібай ауылы «Ғарышкер» балабақшасы


Мақал-мәтел, жұмбақтар сайысы


Мақсаты: Балаларды ана – тілін сүюге тәрбиелеу. Мақал-мәтел,жұмбақ

арқылы ой- өрісін дамыту.Топта жағымды қарым-қатынас

орнату.

Көрнекілігі: Мақал-мәтел жазылған плакаттар,үнтаспа. Назарбаевтың

«Елім менің» әні.

Барысы: Тәрбиеші:

-Балалар бүгін бір керемет ерекше күн.

-Арайлап атқан таңда,

Шырқатар күнде ән болсын!

Нұсқаумен балалар көздерін жұмады.

Тәрбиеші:- Біз туған өлкемізді аралап қайтайық.Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша! Айналамыз жап-жасыл шөптер, сан алуан гүлдер жұпар иісін аңқытып ,зәулім ағаштар мейрімді анадай көлеңкесін тасып тұр.Туған жердің әр шөбі, әр гүлі, әр ағашы,салқын аймағы,қасиетті топырағы көзіңе оттай ыстық .Оның қызыл-жасыл көбелегі , әсем құстарының құйқылжыта салған үні, жан-жануардың шығарған дыбысы құлағыңа жағымды естілуде. Жақын маңнан тау бұлағынан бастау алған өзеннің сарқыраған даусы естіледі.Туған жердің таза ауасымен дем алып , көңілдерін көтеріп жүрген Жиренше мен Қарашаш бүгін бізге қонаққа келді.

(Балалар көздерін ашады.)

Жиренше мен Қарашаш пен балалар амандасады.

-Балалар бүгін біз мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды айтамыз.

Мақал-мәтелдер Отан, еңбек, білім, салт-дәстүр туралы екен.

Қазір біздер екі топқа бөлінейік. Бір топты Жиренше , екіншісін Қарашаш бастасын. Жиреншенің тобы мақал-мәтелдер, Қарашаштың тобы жұмбақ айтады. Қарсы топ жұмбақтың жауабын табуға тырысамыз. Бірінші мақал-мәтелді топбасшының өзі бастауы керек. Мақал-мәтелдердің санына қарай ұпай саны сақалармен белгіленіп отырады.

Жиренше: Балалар сайдың тасындай мықты болып тұрған сияқты.Қане ендеше не тұрыс? Тезірек бастап жіберейік.

- Әдепті бала

Ата-анасын мақтатар.

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар.

Мирас: Қыз – қуыршақ

Бала – құлыншақ

Абылай: Отан – оттан да ыстық.

Айдана: Отан – үшін отқа түс.

Фатима: Мал өсірсең қой өсір

Өнімі оның көл көсір.

Айбек: Батаменен ел көгерер

Жаңбырменен жер көгерер

Тәрбиеші:

-Бәрекелді.Жиреншенің тобы қандай жақсы мақал-мәтелдер айтты.

Ал қазір Қарашаштың тобының жұмбақтарын тыңдаймыз және шешуін табуға дайындалып отырамыз.

Қарашаш: Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез-келген ұяға,

Жұмыртқа саламын.

(Көкек)

Ақтілек: Айдалада ақ отау

Аузы-мұрты жоқ отау

(Жұмыртқа)

Мейрамбек: Асты тас , үсті тас,

Ортасында піскен ас

(Таба нан)

Еламан: Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

(Қоян)

Динара: Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етік,

Тоқ – тоқ – тоқ соғады.

(Тоқылдақ.)

Санжар: Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

(Тіл мен ерін)

Тәрбиеші: Балалар, өздерің Жиренше мен Қарашаштан қалыспай мақал-мәтелді де, жұмбақтарды да мүдірмей айттыңдар.Енді ұпай санын есептеп қарайық. Жиренше тобы мен Қарашаш тобында ұпай саны тең түсті. Екі топқа да ауыл ақсақалының дайындаған сыйы бар. Соны табыстайық.

(Сыйлықтарды табыстайды)

Қане енді бәріміз бірге ортада «Қара жорға» биін билейік.

Балалар, Жиренше мен Қарашаштың қайтатын уақыты болған сияқты.

Оларды өлең айтып шығарып салайық.

«Қош бол,Сәулем» әнімен шығарып салады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі