400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мақал-мәтелдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға арналған тапсырмалар, мақал мәтел туралы айтып сөз онерін жарыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы

Мақсаты: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру.

1. Биікте бар, ойда жоқ,
Киікте бар, қойда жоқ.
(И)
2. Суда бар, отта жоқ,
Буда бар, шоқта жоқ. (У)
3. Айда бар, күнде жоқ,
Аспанда бар, жерде жоқ. (А)
4. Орманда бар, үйде жоқ,
Қоянда бар, итте жоқ. (О)
5. Борда бар, тақтада жоқ,
Балда бар, майда жоқ. (Б)
6. Машинада бар, қайықта жоқ,
Шанада бар, арбада жоқ. (Ш)

«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
1. Білекті бірді жығады, . . . мыңды жығады.
2. Халық айтса, . . . айтпайды.
3. Ел үмітін . . . ақтар.
4. Өнер алды . . . тіл.
5. Ердің атын . . . шығарады.
6. Тіл тас жарады, тас жармаса . . . жарады.
7. Сөз тапқанға . . . жоқ.
8. Жақсы сөз . . . ырыс
9. Бірлік болмай . . . болмас
10. Көз қорқақ, . . . батыр

«Тіл өнері»
1. Мықынын таянып,
Тұрмайды аянып,
Ертемен тұрады,
Қоқысты қуады. (сыпырғыш – веник)
2. Кіп-кішкентай бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой - баран)
3. Тысы жасыл, астары асыл,
Құйқасы қатты, еті тәтті (қарбыз – арбуз)
4. Қанаты бар ұша алмас,
Құрлықта қаша алмас, (балық – рыба)
5. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз – лук)
6. Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады. (сағат – часы)
7. Сүйрең, сүйрең етеді,
Із қалдырып кетеді. (қаламсап – ручка)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем (кітап – книга)

«Бәрін білгім келеді» (ребус шешу)
Шешуі: білім, шаңғы, ферма, флейта

Жеңген топты марапаттау.
Ата - салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтанда құнды мұраларымызды насихаттап жүрейік



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.12.2018
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі