жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақал-мәтелдер
Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік
күні (Тәуелсіздік - 20 жыл)
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде
тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа
қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге
ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын
белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды,
сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»
(Н.Назарбаев)
Жоспар:
Кіріспе
Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан.
Негізгі бөлім
1.Тарих беттерін парақтасақ…
2.Ұмтылмайды Желтоқсанның ызғары.
3.Менің бар бақытым-қасиетті Отаным.
Қорытынды
Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке.
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі
аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық
сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты
қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы
дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты.
Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген
орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз
шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін
кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы:
«Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан
үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ
бастық», – деп қуаныпты.
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын
көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша
құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр.
Күн орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ.
Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік
алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су
сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық
табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге
ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын
уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп
тілейміз.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде
бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты
татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан
басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай.
Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес.
Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт
болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді
көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой,
бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға –
бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет
сияқты.
Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз
жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға
бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін,
жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап
қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының
жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған
еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат
құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік
істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді
не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен
елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай
дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны
сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп
қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға
шапқан,ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор
мақтанышқа бөлейді.Сол аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен
мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз.
Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен
келешегіміз үшін ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар
оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар
аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның
ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын;
ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен
дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын
ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет
тұрғысынан ақыл-кеңес берген,кемшілікті айта білген ұлы билер
дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың елімзге,халқымызға тән өзіндік
шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени
үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан алып үлесін,
батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын
сыртқы,тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға
болады.
Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін
түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр
Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық
қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі
туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты
мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген
ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар
біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.
Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме
бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер
кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы
Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс
салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды…
Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен,
ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп,
содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай
біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол
есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол
кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін
қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың,
Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен
ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын
қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да
таныта білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін
көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін
сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап,
оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып,
ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара
Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың
даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан-
Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл
мұрасы екні сөзсіз.
Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,
Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.
Мыңғырған мал даласында жайылған,
Бабалардың болған сондай тұрағы.
Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,
Орыс патша арам ойлы бұзықты.
Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,
Сонда көрген сорлы Қазақ шыжықты.
Қазақта жер қалмады патша алмаған,
Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.
«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,
Отаршылдық қыр соңынан қалмаған…
Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, Қазақ
қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін,
ердің ерлігін сақтап қалды.
Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін
дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих
сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік
кезең орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында
күшейген Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамның тарихи
заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші
кезекте айтар едік. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да
қамтыды Бұл эксперименттердің басты бағыттары мынадай болды: ауыл
шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және соның негізінде байлар мен
ауқатты шаруаларды тап ретінде жою; аса тез қарқынмен елді
индустрияландыру (бұл шара негізінен колхоздарға зорлап кіргізілген
шаруаларды аяусыз қанау есебінен жүргізілді); мәдени-рухани салада,
демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде жергілікті (ұлт
аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің
негізгі салаларында тек қана комунистік идеологиялық үстемдігін
орнату.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар
болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса
зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан
Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа
елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла
бастады;қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды…
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы
астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер
жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын
кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?-
деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан
Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта
шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып
алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл
арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне,
ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты.
Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан
қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін
біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты.
Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы Қазақ оқығандарын
түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты… Алашорда партичсына мүше
болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды… Алаш деген сөзді
тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті
сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге
дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады… Қазақтың өз билігі
өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл
империя аса қиналған жоқ.
… 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды.
… 36-37-нің қырғыны әдейі істелді.
1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың Қазақ зиялысы
қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар
кінәсі — көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары
ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен
келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың
үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары
бізге аманат сияқты болып көрінеді.
«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ», — деп Ислам
Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-45 –ші жылдары ең көп
қырылған Қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1
миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам
еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық
жауынгер ғана оралды.
Осыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан Қазақ халқы
атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ.
XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел Қазақ көрген азапты көрген
жоқ. Аяулы Отаным — Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем
бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын
қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің
жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды
әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел
ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы
Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік,
бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным — Қазақстан жерін бабаларымыз
ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал
балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей,
сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан
өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін,
жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен
де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым
ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды
сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына»
ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп,
өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы
Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын,
білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып
кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын
ерекше асқақ сезім.
Мәселен, М. Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен
іскер күшім жоқ», дейді. Ал, В.А.Сухомлинский: «Отан — өз бесігің,
өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа»,- дейді. (4,254 б). К.Г. Паустовский:
«Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре
алмайды.», — дейді. И.С. Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің
де тамыр жаяр топырағы — туған жер», — дейді. (5, 489б). Ал, Ж.Ж.
Руссо: «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік
туғызған»,- дейді. Ф.М. Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап,
өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», — дейді. (6, 101б).
Л.Н. Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні және келешегі», —
дейді. (3, 287б). Осындай небір ұлағатты, қасиетті сөздер көзі
ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Қаны қандас, тілі
тілдес, дініміз де тіліміз де бірдей бауырлас аға мыз Расул
Гамзатов өзінің әкесінде Шамильдей ерлерінің бір хатының
сақталғанын айтады. Онда былай деген екен: «Менің таулықтарым!
Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер, оны сақтаңдар, ол
үшін күресіңдер. Сендердің қылыштарыңның шыңылы менің бейіттегі
ұйқымды тәтті қылар». Ал, Отансүйгіштік туралы айтылған ақын
тебіреністері де бірінен-бірі асып түседі.
«Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.
Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа».
О, дариға, алтын бесік — туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Отан!
Қайсар ар-намысым, жайсаң іңкәр шапғым
Перзентке жүктеген қорғанысын,
Сен намыстың ну қалың орманысың.
Сол үшін шыңнан заңғар атағың
Тұлғасына табындырған,
Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,
Менің ұлы әкем сенсің, Отаным!
– деп Мұхтар Шаханов жырлаған. Қайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес
үкіметі жылдарында, атап айтқанда, 1929-1931 жылдары, Қазақстанды
күштеп ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әртүрлі
деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар ұйымдастырды, ал, 1917
жылғы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы
400-ден астам ктерілістерге шығып, наразылықтар көрсетті. Осындай
азаттық күрестің басында халқымыздың ортасынан қайнап шыққан
ірі-ірі тұлғалар болды. Солар көрсеткен үлгі, сеппкен ұрық бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы
желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың
өлместігін жарқын түрде дәлелдеді.
1986 жылғы желтоқсанда елде жария етілген қайта құрудың 20-шы айы
өтіп жатқан-ды. Құқықтық мемлекет құрамыз дегенге сеніп,
Горбачевтік «сәуір тезистерінің» тың идеяларымен жігерленген Қазақ
жастары орталықтың бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге
митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты. Қылышынан қаны тамып,
жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия
кезеңінде Қазақ жастарының ұлттық намысн ту етіп, отаршылдыққа
қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл
шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені,
уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол
өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар
алдын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік
қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған
жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген
озбыр орталық жүйесі жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған
әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас-көз
жоқ ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай
аласапыран құбылды.
Қазақ жастары Алматыда, Талдықорғанда, Ақмолада, Орталық
Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде тоталитарлық билік жүйесіне
қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан
көтерілісі сол кездегі кеңес одағының керегесін шайқалтып,
КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың
бірі болды. Белгілі ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді
солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған
жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас
буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол
еліміздің тәуелсіздік алуының алғышарттарын дайындауға қызмет етті.
Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген
еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын
асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады.
Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есптейтін
кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік тұрып, «бұл нағыз Қазақ
ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине,
бұл оп-оңай шаруа. Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық
партия комитетіндегілер Қазақ жастарының Респубика алаңына шығуын
нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті.
Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де
келді. Бұл үлкен оқиғаны тент ектік әрекетке балауы көрсоқырлық
еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көзі жеткен
кеңес одағының тізгінін ұстаған серкелер «қазақ ұлтшылдығы» деген
КОКП шығарған қаулының, яғни, Қазақ халқына жабылған жаланың күшін
жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу
орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін
ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ
кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты.
Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге
таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай,
шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай болды. 1991-жылы
Қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет
атанды. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу
қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді.
Мұстафа Ататүрік айтқандай, «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты
күйрететін күшті нұр- ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
– деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991- жылы
16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт
десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда. Ал, мұны дүниенің
жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен
даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда
ұмытылмайтын, бақытты баға сымен халқымыздың есінде мәңгілік
сақталып қалары анық.
Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік —
халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн,
мерейтой.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең
уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық
жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап,
тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. (9,1 б). Туған
Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде
демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған
ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер
болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Мен өз халқымның ешкімге нақақ
қиянат жасамағанын мақтан етемін, ал, қиянат жасамағанға Алланың
көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек,
біз — жасампаз халықпыз.
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен!
- деп өткен ғасырда жүрегінен сыздай жырлаған жырлаған ақын сөздері
бүгінгі ұрпақтың санасында өшпестей жаңғырып тұрады: қасиетті Отан
ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті
отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн
туған аласапыран шақтарда да, және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт
те шуақты күндерінде де — әрқашан да бәрінен де биік тұрады.
Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол
тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды.
Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ!
Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған
егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп
байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп
отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни,
біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз
болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың
жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ
тағала баянды еткей!
Енді асқақ Отан деген ұғымға кең құлаш жайып бір тоқталып
кетейінші.
Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… Бұл қай құлаққа да асқақ естілер
асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен
өз Отанының тарихына ден қоя бастайды…
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында
жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай
дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан
соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін.
Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай
дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір
бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып
келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды.
Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты.
Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас
тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Қазақстан — Қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл
жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында
ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен
еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі
ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге
әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың
үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын
болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін
Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері
тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт
шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары
асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан
шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы
– қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы
қазыналы. Қазынаның барлығы да Қазақ жерінің топырағында тұнып
жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт
аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты
мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар.
Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға
Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі
өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан.
Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте Ресеймен,
оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан,
Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай
Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы
ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі – 2 млн. 714,9 мың
шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания,
Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып
кетер еді. Міне, Қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі
жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы
орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы
тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың
тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» — деп
толғаған.
Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған
жасампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей.
Еңбеккері маңдай терін тамшылата төгіп жатса, сыршыл ақыны:
Боз жорға, боз інгенді, боз торғайлы,
Боз дала, ием саған, боз басымды!
– деп жүрек лүпілімен суарылған ақ қанатты жырына қосады. Ғылым
адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып
жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты,
айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол –
Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам
жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы
жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар
Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев егеменді елдің ғарышкерлері.
Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең
қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Ғаламындағы
ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.
«Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» — деп
түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс
күймейсің», — дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға
арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін,
туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау
арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.
Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін
туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл
таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.
Батырлар жырындағы:
Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер,
- деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз
сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.
Қазақ батыр халық, ержүрек халық, намысшыл халық. Ел басына қиын –
қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық
қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман
куә.
XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын
жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын,
жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан
салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына
жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін,
еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың
салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті
адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына
түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі
ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі
Қазақстан — өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік
проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем
саясаткерлері ықылас қоятын болды.
Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар,
әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет
құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді.
Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын
жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік
іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп,
дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық
қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан
дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.
Он бес жыл ішінде Қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін — өзі
тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін
құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани
қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар
атқарылды.
Ең бастысы, Қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны
болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен
ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен
діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін
көрсетіп берді.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын Қазақ халқы құрайды. Одан кейін
славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен
қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек. немістер және татар
халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың
ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол
еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама
мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі
көне, әрі жас Қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем
елдерімен иық тіресуде.
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ
армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін
Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап,
дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның
тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі
жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз
мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл даусыз және саяси
фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен
мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ
тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді.
Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және
Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп
өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік
қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты
елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып,
мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық
институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып
табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен
қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың
барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді
нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық
қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда
келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін
атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл
атқарылатының, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау
органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факт орлардан,
сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың
жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап
көрсетті.
Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын
көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір
мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре
отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі
ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін
қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды
қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен
бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып
отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау
шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық
құқықстарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда
жақсы қорытындыларын көрсетуде.
Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру сот жүйесіне деген
халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз.Жиырма жылдық бізге тек
бақыт пен ырыс алып келсін.Еліміз аман,жұртымыз тыныш
болсын.Еуразияның кіндігі қасиет қонған Астана гүлденіп жайнай
берсін.
Қазақша шығарма: Менiң Қазақстаным
Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен
аяулы, маңызды, асыл.
Менiң бұл отандарымды… Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып,
меңгерiп, қорғал қалылу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу
үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш
және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Бiздiң халық
ақындық мұра туған жердi әдемiлiктiң бiраз таң қалатын суреттерi,
оның шексiз жерлерi, қардай ақ зәңгiрлер қалалық болады, көкшiл
айдын көлдердiң Ұлы ақындары Қазақ жерiн тарихты да әдемiлiктi
жырлады. Халық жады Қазақ халығының өмiрiндегi даңқты және қайғылы
оқиғаларын ұрпақтан ұрпаққа сақталып алып бередi. Лихтағы ол ұшып
келе жатқан салт аттының еркiн желденгi сахаралық шөп тербелетiн
үлкен далалары көне крыльях сияқты домбыраның халық себептерi
тыңдай елестеттi, күнге.Қазақстан кең және дұрыс сұлап жатты. Күн
даладан тұрады, ол да далада оны даланың үстiнде күнi бойы жүрiп,
қалғып тұрған қалың ормандармен және мың Көлдермен кездесе кiредi.
Солтүстiкте қашан жемiстi деревьялар қар, гүлдеп қойылдардың
табанда оңтүстiкте қалалық әлi жатады. Республика Каспий және Арал
теңiздерi, оның аумағындағы суларымен жуылып қалады өзендер және
Көлдерде көп болады. Ежелгi Қазақ жерiн ертегiдей бай жер қойнауы.
Көмiр, мұнай, алтын, титан, қорғасын, цинк, темiр - барлық Қазақ
жерiне табуға болу.Бiртұтас жанұямен Қазақстанда ұлттар және
халықтардың он бес миллион адам, өкiлдер көп өмiр сүредi. Мен
әртүрлi ұлттардың әртүрлi тiлдер, тәубеге келетiн әртүрлi дiн қатты
сөйлейтiн адамдары бiрге бiздiң елде сыйысқан таң қалуға
тоқтамаймын. Және бұның барлығы жақсы қатынаспенғана емес, ұнатумен
бiр-бiрiне де жарысайды. Қазақ, орыс, үйғыр, немiс, кәрiске,
тiлдерiнде Татарскпен кiтап және газеттердi шығарады, ұлттық
театрлар, эстрадалық ансамбльлер жұмыс iстейдi, радио және дидардың
ұлттық программалары берiледi. Барлық бiздер, әртүрлi ұлттардың
адамдары, ортақ бiрлестiредi: бiздер - Қазақстан халығы.
Жақындастырыла бiздiң ел және мен қалай үлкен көп ұлттық. Онда және
Қазақтар, және татарлар және лезгиндер, және кәрестер бар. Мына
барлық жер үшiн тектi болды. Келiсiмге алпыныс әрбiр халық қанда
тұрады, бiрақ ол әсiресе дамыған қазақстандықтарда.Қазақ жерi, және
сипат Қазақ халығында оған қоса жомарт жомарт және меймандос.
Барлық өмiршең тiл, тарихты және Қазақ алығының салтын бұл жерде
бiлуi керек. Және омбыраның сарындары, украина және немiс әндерi
бұл топырақтың үстiнде сезiлсiн. Польканы және лезгиндi адамдар
билесiн. Қазақстан халығы бiртұтас. Бұл ежелгi, ғажайып
қазақстандық жерде әлемдi сақтауға көмектеседi. Әлем - келешек
өркендеудi ең маңызды шарт.
Қазақстан - үлкен мүмкiндiктердiң тәуелсiз өткен жылы тұрған елi
бар болғаны он бес шақты. Оның дамытуы үлкен екпiндермен
жүредi.
Бiз тек қана балалармыз қазiр, бiрақ қазiр бiздер ендi жоспарлар
келешек саламыз, бiреу бiздiң отан байлық мемлекетке пайда
келтiрiп, көбейту үшiн өмiрде болуға армандаймыз. Жақсы оқып,
қайрымды болсын және жомарт, егде адамдар және құрдастар, көп бiздi
сыйласын қызықтыруы керек, бiздер керең қиыншылық болуымыз керек
және адамдардың бейнеттерiне. Өйткенi тап бiздiң президент мынадай.
Бiздер бiздiң президенттi сыйлаймыз - рқасында бiздер бейбiт және
сәттi елде өмiр сүруге мүмкiншiлiгi болатын Нұрсұлтан Әбiшевич
Назарбаев.Өмiрлерде немене адамға керек? Екiбастан,. Жердегi әлем
және келiсiм - өзi бас әрбiр адамдарға мiне. Бiздер өз келешек,
бiздiң президент сендiрген барлық бiздер бақытты өмiр сүру үшiн сол
үшiн жасайды. Мен олмын сенемiн! Менiң Қазақстаным неткен мiне:
бейбiт, еркiн, бай, көп ұлттығы. Шынымен мұндай м елдi жақсы
көрмеуге болмайды ма?Бiздер бiздiң ел өткенiмiз ақтанамыз, бiз өмiр
оны осы атымен ортақ келешек арнаймыз.
-
"Ата-анам ақылшым" макала
2,"Қазақстан жолдауы" макала
3."Қыстың бір күні" макала
Ата-анам ақылшым.
Ата-анам-өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әкем мен анам бір жерге кетсе, олардың тез келіп, жанымда болғанын қалаймын. Әкемнің бойындағы үлгі-өнеге беретін тәрбиелік мәні зор сөздерін бойыма сіңіріп жүремін. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы-ана.
Әрбір ана отынның өшпеуін,шаңырағының шайқалмауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Мен дүниедегі барша ана бас иемін. Олар болмаса өмірде қандай сән мен мән бар? Әке-шешелеріміз ұзақта, бақытты өмір сүрсін деп тілеймін. 48-ші хадисте иман кітабында «Адам баласына ең қасиеті нәрсе-әке-шешесі».Әкеге қарсы шығып,оған деген махаббат құрметіңді жоғалтсақ, құдай алдында қара ниет боласың. Шешені сыйламасаң-Отаныңнан безгенің. Отансыз адам хауанмен тең. Ондайды адам деуге болмайды деп жазылған.
«Түп қазығың-Отаның,
ар-намысын-тілің,
кәусәр бұлағың-ұстазың,
қамқоршың-әкең,
ақылшың-анаң» деген сөздер көңілімде жатталып қалыпты.Менде ата-анамның тілегін орындауға бар күшімді салып келемін.
____________________________________________________
Қазақстан -2050 «Мәңгілік ел»
2014 жылдың 17 қаңтар күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жыл сайын беретін кезекті жолдауын жолдады. Биылғы жолдау жылдағыдан өзгеше болды. Қазақстан-2050 «Мәңгілік ел» бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ деп аталады. Мәңгілік ел болуға шақырады.Жолдау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2030 стратегиялық жоспарын орындап,Қазақстан Республикасын құрдық, екінші кезең Қазақстан -2050 стратегиялық жаңа даму кезеңін нақтылыап айтып берді.Жолдаудағы 10 бағыт –ел дамуының басты кепілі болып табылады.
Жолдау жаңа белестерді бағындыруға жетелейді. Жолдауда мәңгілік ел ұлттық идеологиясын,саяси, мәдени дамуын қалыптастыру керек екендігі айтылады.Еліміздегі білім беру мектептерін Назарбаев зияткерлік білім беру сапасына жету керектігін және үш аусымдағы оқитын мектептерді екі аусымға ауыстыру 2017 жылға дейін жүзеге асыру керектігі айтылды. 2015 жылдан бастап бастауыш сынып бағдарламасы өзгереді, жоғарғы сынып оқушыларын әдістемелік бағытпен оқыту керек-деді Елбасымыз. «Тәуелсіз елдің білімді ұрпағын тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда»-деп қадап айтты.
Сонымен бірге Елбасымыз білім беру саласының қызметкерлерінің еңбекақысы 29 пайызға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысы 28 пайызға,студенттердің шәкіртақысы 25 пайызы,әлеуметтік сала мамандарының еңбекақысы 40 пайызға өсетінін айтты. Мәңгілік ел болу үшін қай саланың маманы болсаң да еліңді көркейтуің керек, сол үшін еңбек етуің керек. Болашағымыз жарқын болсын, мәңгілік ел жасасын!
___________________________________________________
Қыстың бір күні
Қыс келді. Балалар ойнауға шықты. Ауа райы тамаша! Балалар аққала соғып ойнап жүр. Қар қалың жауды. Алғаш қар түскенде аңшылар қансонарға шықты. Олар түлкі, қасқыр атып алды. Әжелер бізге қолғап тоқып берді. Біз төбешіктен шанамен сырғанадық. Кейбіреулер мұзға барып коньки тепті. Біздің ауылда қыс жақсы, көңілді өтеді. Маған қыс мезгіл қатты ұнайды.
стана қаласы № 52 мектеп –
гимназия
Орындаған: тарих пән мұғалімдері Юсупова З.А.
Баяхметова Қ.Е.
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік Ел
Астана - 2014
28.02.2014 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік Ел
Жалпы мақсаты: Мәңгілік Ел сөзінің мағынасын ашу
1-САБАҚ
САБАҚ ЖҮРІСІ
1. Ұйымдастыру. (мұғалімнің кіріспе сөзі)
Кіріспе сөз: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен
оқушылар!Тәуелсіз елімізді бір мақсат,бір мүдде, бір болашаққа
жұмылдырып отырған Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан
жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». «Біз үшін ортақ
тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел –
жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Бабаларымыздың арманы »,- деген болатын.
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл
арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем
картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын
қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген
сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға
бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея
бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол
жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік
Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге
арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің
Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050»
Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда
қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен
тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік
талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере
алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге
тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз
қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз
керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп
айтып кеткен болатын Елбасымыз өзінің жолдауында.
2.Қызығушылығын ояту. (бейне фильм) президент жолдауынан үзінді
Оқушылардың пікірін тыңдау
2. Миға шабуыл. «Ойлы болсаң – озып көр»
Астана қаласының тарихы деген видео қосылады, көріп болған соң
оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға
жетті? (жеті жүз мың)
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл
сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне
байланысты)
3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа»)
5. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы)
6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр)
7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады?
(«Атамекен»)
8.«Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум
сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
9. Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1 млн 200 шаршы
метр)
10. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі
кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
11. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ
ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
4. Топқа бөлу (сиқырлы қалпақшадан оқушыларға қима қағаз алу
тапсырылады, сол қима қағаздағы сөздерге қарап бөлінеді.) Оқушылар
үш топқа жайғасады,әр топқа бірдей тапсырма беріледі.( топтың
аттары: Мәңгілік Ел жобасын жасау.
5. Сергіту сәті (экранға назар аударыңыздар)
6. Деңгейлік тапсырма ( әр оқушыға жеке тапсырма таратылады )
1. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
2. Қазақстанның қазба байлықтары
3. Көп ұлтты Қазақстан
Балалардың жеке тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар қайтадан
орындарын ауыстырады. Орындарын ауыстырған соң топтық тапсырма
орындалып, әр оқушы өз ойларын қысқаша жеткізеді.
Қорытынды сөз: Елбасымыз өзінің жолдауында айтып
кеткендей,Қазақстан елін көркейтетін де, асқақтатын да, ең
абыройлы, ең мәртебелі жол қылатын ол тек сіздер.Сондықтан да әрбір
күндерініз мерекелі, әрбір істеріңіз берекелі болсын.
Балалар бүгінгі ой пікірлеріңіз үшін үлкен рахмет.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
«Жастарыңды көрсет, еліңнің ертеңін айтайын…»
1 352 рет оқылды
Жастар
– қоғамның қозғаушы күші, ел ертеңі. «Жастарыңды көрсет, еліңнің ертеңін
айтайын» деген екен келешегіне алаңдаған бір адамға
әйгілі данагөй. Кез келген жеке тұлғаның қоғамдағы орны оның жас
күнінде қалыптасып, кірпіші қаланады.
Жастар – бүтіндей
бір елдің тірегі. Қандай да бір елді жаулап алғың келсе, алдымен
жастарының рухын сөндір, санасын аямай ула, радикалды ағымға
бағыттап, зомби қылып жібер. Бітті. Олар сенің иелегіңде.
Жалғыз ағаштың орман бола алмайтыны секілді, мемлекетінің
қолдауынсыз және бағыт-бағдарынсыз жас адам өздігінен тіршілік ете
алмаса керек-ті. Сондықтан әр мемлекет өзінің жас азаматтарының
жарқын болашақтарына жол сала білуі керек. Сонда ғана гүлденген
елді, көркейген жұртты көре аларымыз хақ дүние. Осындайда «Ұлым
деген жұрты болмаса, жұртым деген ұл қайдан болсын» деген Ахмет
бабамыздың тәлімді тәмсілі ойға
оралады.
Қазақ елінде де мемлекеттік жастар саясаты деген
атауы дардай әлеуметтік саясат бар. Мұнда жастар деп аталатын
әлеуметтік топтың саясатын дамыту, жастарды қолдау және олардың
тыныс-тіршілігіне дем беру тақілеттес мәселелер жолға
қойылған. Қағаз атаулыға «қойылған» деп ресми әрі заңды
түрде басылғанымен, бүгінгі билік – тоқ баланың, ал жастар – аш
баланың ролін ойнап жүрген сықылды. Тоқ баланың аш баламен
ойнамайтыны тағы бар. Десе де аш бала деп өзімізше ат қойып, айдар
таққандардың арасында қайбір қылықтарымен қарын тойғызып жүргендер
де бар. Солардың бірі әрі бірегейі – «әйгілі» «Жас
Отан».
Әйгілі деп әспеттеп отырғанымыз болмаса, шын мәнінде әйгілілігі
шамалы. Олай болса, кеңестік комсомолдан аумай қалған «түрі» бар,
беделінен бос айқайы көп, бітірген істерінен былайғы жұрт бейхабар,
көтере алмас шоқпарды беліне байлаған «қорқақ батырлардай»
ысқырықтары жер жаратын бұл ұйымның қазақ қоғамына қажеті
қаншалық?..
«Дипломмен – ауылға!» деп ұрандады. Паһ, шіркін!.. Бір
жылда мыңдаған түлек диплом алып, оның бес-алтауының ауылға
барғанын ода қылды. Тоқсан мың теңгесін және басқа да
жеңілдік-сымақтарын алған жас маманды «мә, саған жұмыс, істей ғой»
деп күтіп отырған ешкім жоқ. Аңыраған ауылдың қаңыраған үйлері мен
үңірейген шұрық тесік көшелерін есептемегенде. Бір жыл айлығын не
шәйіне, не жәйіне жеткізе алмай сенделіп, «есік күзетіп, тиын алсам
да, қалада жүргенім артық» деп шерлі көңілмен келіп жатқандардың
талайын көрдік. Бұл да шикі-шала бірдеңе.
«Жастар кадрлық
резерві» деп
жұртты дүрліктірді. Нәтижесін кім біледі?.. Басы-қасында жүргендер
соңы ғажайыппен аяқталатын мистикалық шығарма оқығандай болған
шығар, мүмкін. Дегенмен, сол жобадан кейін Нұреке ІІІ (үшінші)
айтқандай, «командалық элитаға» айналып кеткен ешкімді көрмедік.
Баяғы «Жас Отан» сол ақ қағазға салақұлаш «уәделерін» жазып алып,
оқып бергеннен басқа түк те бітірген жоқ. Бәлду-бәлду, басқа
«бітірген» жұмыстарына бас ауыртпай-ақ қоялық.
«Жас Отанның» билік тізгініне жақтары желімденіп қалған партияның
«сарыүрпек» қанаты болған соң ғана әләуләйлімдері шырқалып тұрғанын
әріп танымайтын әжем де біледі. Кезіндегі коммунистік дәуірде
«комсомолдан шығасың» дегенде есіміз ауып қалатын дейді ағаларымыз.
Қазір билік партиясының Жастар қанаты «Жас Отанға» мүшесің бе?»
деген сауалыңызға «О немене?» деп ожырая қарайды. Бұған сенбесеңіз
мына мәліметке көз жүгіртіңіз. «Жас Отан» Жастар қанатын
(төрағасын, мақсаты мен
міндетін) білесіз бе?», «Егер білсеңіз, ол ұйымның атқарған
қандай іс-шараларын атай аласыз?», «Жас Отанның» қатарында өзіңізді
көргіңіз келе ме?» деген үш сауалдан тұратын сауалнама
жүргізіліп, нәтижесінде қатысқан респонденттердің 70%-ы үш қайтара
«Жоқ» деп жауап берсе, қалған бөлігі «естуім бар», «төрағасы ҚР
Президенті» деген жауаптармен шектелді. Үшінші сауалға «егер
жағдайымды жасап, әлеуметтік мұқтаждықтан арылта алса, неге мүше
болмасқа» деген жауаптар да болды. Бірде сол ұйымның Жастар
парламенті деген шалағай жобасының «депутаты» болып жүрген
азаматқа «Осы
сендер немен айналысасыңдар?» деген сауалымды төтесінен жібергенімде, үнсіз
қызарақтап, жауап бере алмай қиналғаны бар. Осындай «шалағайлармен»
ала шапқын болып жүретін «Жас Отанды» қазақ баласының, анығын
айтқанда, шалғайдағы қазақтың қарадомалақтарының қамын жасайды
дегенге мойнымды бұрап жұлып алса да сенбес едім. Осыдан соң мұндай
ұйымның қажеттілігі туралы сөз қозғаудың бекершілік емес екенін
түсінетін шығарсыз.
Ұйымның басты мақсаты ретінде «Қазақстан Республикасы жастардың жан-жақты
дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқа жағдайлар жасауда, оның
рухани-адамгершілік, интеллектік және дене күш-куатын дамытуда,
әлеуметтік статусын және экономикалық жағдайын жақсартуда, саяси,
құқықтық, экологиялық және рухани мәдениет деңгейін жоғарылатуда
партияға көмектесу – ЖҚ міндеті болып танылады.»
деп көрсетілген. Айтыңызшы,
осы сөйлемнен түсінгеніңізді былай қойғанда, Жастар қанатының
аталған мақсаттарын орындай алған яки діттегендеріне жете алған
тірлігін естіген құлақ, көрген көз, сезінген саналы бар ма екен?
Әгереки, жоғарыдағы іспетті атқарған міндеттерін санамаласақ,
қолыңыздың бір-екі саусағының бүгілеріне күмәнсіз сенем. «..Басқа
жағдайлар жасау» деп бадырайтып қойыпты. Қанша ойлансам да ол
қандай басқа жағдай екеніне миым жетпей қойды. Жастардың дауысын
елемеу, олардың мұң-мұқтажын тыңдамау, интеллектуалдық потенциалын
пайдалану, жылағанға жұбаныш бола алмау – осындай «басқа жағдай»
шығар, бәлки…
Міндеттері тұсында «демократиялық және әлеуметтік-әділетті қоғам
құру процессіне жастарды тарту» деп таңбаланыпты. Әлгі «әдемі»
процесін білмеймін, басқа шаруаға жастарды қалай тартып жүргенін
зағип көріп, саңырау естіп жүр. Мысалы, мүшелікке тарту үрдісі. О
заманда бұ заман таңдау еркінен айырған ұйымды көрсеңіз, ол – «Жас
Отан». Олар сізден сұрамай-ақ, мемлекеттік мекеменің табалдырығын
аттасаңыз болды, топырлатып мүшелікке «тығып» жібереді. Содан кейін
отыз жасқа аяқ басар тұста автоматты түрде «Нұр Отанның» мүшесі
болып шыға келесіз. Байқайсыз ба, жағдайыңызды қалай-қалай ойлайды?
Сізді үгіттеп әуре болмайды. Тірліктеріне қарасаңыз, бүгінде жар
салып жарнамалап жүрген электронды үкіметтің лездік қызметі әдірәм
қалады.
Өткен аптада осы «Жас Отан» Жаңаөзен атауына қатысты ұстанған саяси
пікірлерін жария етті. Саясатпен айналысып, шайнап бергенді жұтқан
түрлері ғой. Айналайындар, әулие бабаның әруағымен ойнамаңдар!
Алдымен қазақтың қара баласының қамын жасап алыңдар. Шалағай
шаруаларыңды бүтіндеп алыңдар, сосын шырылдай жатарсыңдар.
Естеріңде болсын, ұлттық рухың мықты болмаса және ұлттық қасиеттен
жұрдай болсаң, қай жерде жүрсең де бәрібір. Ұлтты сүю – Отанды сүю.
Ал Отанды сүю сендерше қағаз бетінде ғана түзілген жалған
патриоттық емес! Ұлтты сүю – Тіліңді қастерлеу, Тарихыңды тану,
Мәдениетіңді құрметтеу, Тегіңді ұмытпау және тағы сол сияқты
адамгершілік құндылықтармен өлшенетін қасиет. Мұндай қасиеттердің
бірін де бойына сіңіре алмаған адамның өз ұлты үшін бәріне бара
алады дегенге сену өте қиын. Ұлтқа қызмет – мінезден екенін Алаштың
Әлиханы айтқан. Ендеше осы даналықпен бір сәт саналарыңды
сәулелендірген де абзал. Ұлтқа қожалық жасауға болмайды, ұлтқа
қызмет ету керек (Ататүрік) дейтін ұстанымды тіршілігіңде
темірқазық, болашағыңа бағдар етіп алғаның да жөн.
Жақын арада осы Жастар қанатының төрт жылда бір келетін
құрылтай-тойы болғалы жатыр. (Той демеске лажың қане, тегін барып,
тегін тамақ ішіп, тегін диско билеп, тегін жатып, түк бітірмей,
тегін келсе. Түбін қазсаңыз, ол – халықтың ақшасы.) Өздерінің
жастар мәселесімен айналысатындары енді естеріне түскендей
жан-жаққа жаушы жіберіп, жанталасып жатыр.
«Ет дегенде бет бар
ма» депті
бағзыдағы бабаларымыз. Міне, гәп қайда?..
Құрметті «жасотандық» жап-жас мырзалар мен бикештер, істеген
істеріңді өздеріңнен басқа ешкім білмейді екен, жұмыстарың
«поштабай» шаруамен ғана шектеледі екен, алыстағы ауылдарға
аяқтарың тұрмақ, үндерің жетпейді екен, баланың ісіндей шала
дүниелеріңнің не аяғы, не соңы жоқ сұп-сұйық сылдыр екен, Қазақ
тілінің қасіретін не көре, не жеткізе алмайды екенсіңдер, рухани
құндылыққа үшінші сорт деп қарайды екенсіңдер, сендерге қаймана
қазақ атынан мынандай ұсыныс айтайық: жап-жас бастарыңның қадірін
қашырмай, өзгенің басын да, жанын да ауыртпай, анау ағаларыңнан
үлгі алғышсыңдар, осы жолғы құрылтайларыңда тып-тыныш өз-өздеріңді
тарата салсаңдар… Бәрібір қазақ қоғамына әкелер жаңалықтарың һәм
ұлы идеяларың, қазақ дүниесіне қосар көк тиын да пайдаларың
жоқ.
Құрметті оқырман! Бұл – бір менің ғана емес,
көптің көкейінде тастай кептеліп жүрген мәселе. Айтылмаса – сөз
жетім. Сіз бұған не айтасыз? «Жас Отан» қазаққа қаншалықты
қажет?..
Еркебұлан Толқы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген