400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақал-мәтелдер - халық даналығы Мектепалды топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды мақал-мәтелдермен таныстыру,олардың мәнін түсіндіру.Тіл байлығын,ойлау қабілетін,есте сақтауын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақтың жоспары

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: «Мақал – мәтелдер – халық даналығы»

Тобы: мектепалды «Есентай» тобы


Мақсаты:

-Балаларды мақал – мәтелдермен таныстыру,олардың мәнін түсіндіру

-Тіл байлығын,ойлау қабілетін,есте сақтауын дамыту

-Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру,ұлттық тәрбиені қалыптастыру

Көрнекіліктері:суреттер(еңбек,достық,Отан,достық туралы),мақал – мәтел жазылған карточкалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар,бүгін біз ерекше сабақ өтеміз.Сабақтын тақырыбы – мақал-мәтелдер.

2.Негізі бөлім

«Мақал-мәтел» деген не?

Ұстаз түсіндіреді:

Мақал – халықтың өмір тәжірибесінен алынған мағыналы сөз

Мәтел – қысқа,бірақ ойлы,тұспалды сөйлем.

Мысалы:

-«Еңбек түбі - береке»

-«Дос жылатып айтады,дұшпан күлдіріп айтады»

Сұрақтар:

-Бұл мақалдар не туралы?

-Қайсысы сендерге таныс?

Тақырыптық мақал – мәтелдермен жұмыс

а)Еңбек туралы

-«Еңбек етсең ерінбей – тояды қарның тіленбей»

-«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»

ә)Достық туралы

-«Дос – ауыр күнде белгілі»

-«Досыңды жаман күнде таны.»

б)Туған жер туралы

-«Отан – отбасынан басталады»

-«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.»

3.Ойын: «Мақалды жалғастыр»

Ұстаз бастайды,балалар жалғастырады.

-Еңбек түбі – береке...(Көптің түбі – мереке )

-Еңбек етсең - ... (емерсің)

-Бейнетің қатты болса, ... (Татқаның тәтті болар)

-Малыңа сүйенбе, ... (арыңа сүйен)

-Тәнім – жанымның садағасы, ... (Жаным – арымның садағасы.)

-Ұятсыз адам ...( иттен де жаман)

-Мал сақтама, ...(ар сақта)

-Ауырып тұрдың ... (Аунап тұрдың)

-Аш кісі – ұрысқақ, ... (Ауру кісі – тырысқақ)

-Басы аманның - ... (малы түгел)

-Денсаулық - ... (зор байлық)

-Досы жоқ адам - ... (тұзы жоқ тағам)

-Досы көппен сыйлас ... (Досы азбен сырлас)

-Жолдасы көптің - ... (олжасы көп)

-Отан ...( оттан да ыстық)

-Отан – елдің анасы ...( Ел – ердің анасы)

-Ит – тойған жеріне ... (Ер – туған жеріне)

-Кісі елінде сұлтан болғанша, ... (Өз еліңде ұлтан бол)

-Отансыз адам ... (Ормансыз бұлбұл)

4.Суреттерге қарап мақалдарды табу

Ұстаз мақал-мәтелдер жасырылған суреттерді көрсетеді,ал оқушылар суреттерге қарап мақал – мәтелдерді тауып,айтады.Дұрыс немесе қате жауаптарды ұстаз ескертіп отырады.

5.Қорытынды бөлім.

- Бүгін не үйрендік?

- Қай мақал сендерге ұнады?

- Мақал-мәтел неліктен маңызды деп ойлайсыңдар?

Күтілетін нәтиже;

-Балалар мақал – мәтелдердің мәнін түсінеді;

-Кейбір мақалдарды жаттап алады;

- Сөйлеу қабілеті мен ойлау қабілеті дамиды;






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
79
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі