Тексерілді: Күні: Пәні:
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер.Бірлік,дос туралы.
Сабақтың
мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы
түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру.
- Сөздік қорларын молайту;
- Мақал-мәтелдер арқылы баланың ой-қиялын жетілдіру;
- Ой-саналарын өрістету;
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,слайдтар
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі .
1. Сәлемдесу.
2.Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ.Шаттық шеңбер
ІІІ. Жаңа сабақ
Мақал – мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал – мәтелдер – өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.Сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына. «Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал – мәтелдер аз сөзбен көп мағына беріп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді. Сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал – мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің, ой – тұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі – өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
Мақал – мәтелдер қосарлана айтылғанмен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар.Сонымен қатар мақалдарда бір – біріне қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой – пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені», «Еменің иілгені - сынғаны» осы мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікірді байқаймыз.
Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей, топшылап, болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.
А). Сабаққа қызығушылықты ояту.
а). Сабақтың мақсатын айтамын
ә). Оқушыларды топқа бөлу. Балалар, қазір біз топқа бөлінбес бұрын, қима қағаздарды талдап шығайық. Осы талдау жұмысы арқылы топқа бөлінеміз. (Қима
қағаздарда әр түрлі тақырыпта мақалдар жазылған. Мысалы:1. Туған жер, Отан туралы. 2.Еңбек туралы. 3.Өнер-білім туралы. 4.Достық туралы. Әр тақырыпта жазылған мақалды тапқан әрбір оқушы мақалдың тақырыбы бойынша топқа бөлініп, топтық жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
А). Отан тобы (Отан оттан да ыстық)
Ә). Еңбек тобы (Еңбек түбі сары алтын)
Б). Өнер тобы (Өнер алды қызыл тіл)
1-тапсырма. Оқушылар, берілген мақал-мәтелдердің тақырыптарын анықтайды. Мақал-мәтелдердің тақырыбын алдына- ала берілген кестеге тізбектеп шығады. Мақалдар интерактивті тақтада тұрады. «Тізбектеу» стратегиясы. Топтық жұмыс.
Кесте:
|
Мақалдар |
Тақырыбы |
|
|
Отан |
|
|
Өнер |
|
|
Білім |
|
|
Батырлық, ерлік |
|
|
Ынтымақ, бірлік |
|
|
Еңбек |
Мақалдар:
1. Ерлік білекте емес, жүректе.
2. Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл.
3. Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
4. Ырыс алды-ынтымақ.
5. Өнерлі өрге жүзеді.
6. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарнын тілеңбей.
Келесі тапсырманың шарты. Берілген мақал-мәтелдерді аяқтау. Мақал-мәтелдердің басы берілген, оқушылар керекті сөздер арқылы жалғасын табады. Мақал-мәтелдердің басы интерактивті тақтада беріледі, керекті сөздер оқушылардың алдыңда жатады. Тапсырманы дәптерге орындайды.
1. Ер-елінде, 5. Отансыз адам
Гүл-... Ормансыз ... .
2. Бейнетсіз ... жоқ. 6. Отан ... да ыстық.
3. ... қанаты-ат. 7. Ырыс алды-... .
4. Еңбек түбі-... . 8. Шешен сөз бастар,.
Көптің түбі-... . Батыр қол ... .
Керекті сөздер: бұлбұл, оттан, мереке, бастар, ер, жерінде, береке, ынтымақ, рақат.
ІҮ.Достық туралы
Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен
әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде
досың көмектеседі. Бірақ достар әр түрлі болады. Мысалы: жақсы,
жаман, қайырымды, қамқоршы. Бір мақалда
айтқандай:
Жаманмен жолдас
болсаң,
Кесірі
жұғар.
Жақсымен жолдас
болсаң,
Несібі
жұғар.
– Бұл мақалды қалай
түсінесіңдер?
– Мағынасы
неде?
– Жақсы. Ал енді достық туралы тағы қандай
мақал – мәтелдерді
білесіңдер?
– Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
қандай?
– Біз бүгін сабақта нені
үйренеміз?
– Дұрыс. Бүгін сабақта сөздерді оқимыз, сөз
тіркестерін құрастырамыз,
мәтін
аударамыз.
Ү.Қорытынды
Бүгінгі сабақ ұнадыма?Несімен
қызықты болды?Нені түсінбедіңдер?
Мақал-мәтел дегеніміз не екен?
ҮІ. Бағалау
Белсенділік танытқан оқушыларды смайлик арқылы мадақтап, марапаттау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақал-мәтелдер.Бірлік,достық

шағым қалдыра аласыз