Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мақал сөздің азығы – жұмбақ ойдың қазығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал – мәтелдердің мағынасын ұғынуға, олардың айырмашылығңын айыра білуге үйрету. Сөз қорын молайтып, ақыл-ойын дамыту. Адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Мақал сөздің азығы – жұмбақ ойдың қазығы » ( Балалар кітапханасы жобасы)

Күні:

29.01.2024ж.

Сынып жетекші:

М.Бекмуратова

Сынып: 6 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Мақал сөздің азығы – жұмбақ ойдың қазығы»

Сабақтың мақсаты:

Мақал – мәтелдердің мағынасын ұғынуға, олардың айырмашылығңын айыра білуге үйрету.

Сөз қорын молайтып, ақыл-ойын дамыту.

Адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлес қосу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Суреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Шаттық шеңбер құрып бір-біріне сәттілік тілейді. Түстер арқылы топтарға бөлу.


Оқушылар сәлемдесіп, бір-біріне сәттілік тілейді. Топтарға бөлінеді.

Түрлі –түсті қағаздар.

Сабақтың басы (20 минут)

- Мақал – мәтел ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Мақал - мәтелдің тәрбиелік мәні өте зор. Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады, айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз ер жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Мақалда қорытынды айтылады, ал мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген - ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

1 - бөлім. Бұл бөлімде оқушылар батырлық, отан, туған жер, достық туралы
Мақалдар айтып жарысады. Ұпай орнына асық беріледі.
2 - бөлім. Бұл бөлімде мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал оқушылар сол мақалдың
жалғасын табулары керек.
Қына тасқа бітеді,....../Ақыл жасқа бітеді/
Білекті бірді жығар,.../Білімді мыңды жығар/
Бір тал кессең,.../он тал ек/
Тау мен тасты жел бұзар,.../Адамзатты сөз бұзар/
Шебердің қолы ортақ,.../Шешеннің сөзі ортақ/
Еңбексіз өмір -..../сөнген көмір/
Отансыз адам -..../ормансыз бұлбұл/
Ынтымақ болмай,..../іс оңбас/
Ырыс алды -..../ынтымақ/
Күш -...../білімде/
Досы көпті жау алмайды,..../Ақылы көпті дау алмайды/
Өнер алды -.../қызыл тіл/
Тіл тас жарады,..../тас жармаса бас жарады/
Ағайын - алтау,.../ана біреу/
Әкеге қарап ұл өсер,.../Шешеге қарап қыз өсер/















Оқушылар мақал айтып жарысады.



Мақалдың алғашқы жолы оқылып, артқы жолын табады.






















Карточкалар

Сабақтың ортасы (15 минут)

3 - бөлім. Ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады. Бұл бөлімде жұмбақтар оқылады.Оқушылар сол жұмбақтың жауабына қатысты мақал айтады.
Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен.
/су/
Көп бытыра қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын
/жаңбыр/
Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.
/күн/
Үйіңді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды.
/ит/
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
/кітап/
4 - бөлім. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
Екі көзі төрт болды.
Таяқ тастам жер
Тайға таңба басқандай
Ат шаптырым жер
Құлақ түру

Оқушылар жұмбақты табады.


















Берілген сөздердің мағынасын ашады.

Компьютер

Соңы (5 минут)

Мақал – мәтел дегеніміз – нақты бір ойдың қысқаша, нақышта әрі санаушы сөзбен жеткізу. Мақал – мәтел ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

-Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етер мақал – мәтелдің адам өміріне азық болары анық. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де ақылы да арта түседі.

Оқушылар мақал-мәтелдің мағынасын түсінеді.




















"С.Қожанов атындағы № 9 ЖББМ" КММ " Еліміздің асыл тірегі Рәміздер"/ " Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы" тақырыбында 6"Ә" сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты : Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін нығайту, толықтыру;

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру.

Кіріспе бөлім.

" Отанымыздың ұлттық мақтанышы - мемлекеттік рәміздерге" арналады. Кез келген мемлекеттің айшығы - мемлекеттік рәміздері екені белгілі.

Негізгі бөлім.

1) " Ой қозғау" кезеңі

2) " Кім жылдам" сұрақ-жауап.

3) " Мақал сөздің - мәйегі"

4) Топтық жұмыс

Қорытынды.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - елді, халықты, тарихты, әдет - ғұрыпты, салт - дәстүрді қастерлеу болып табылады. Қазақстан: туымен - тұғырлы,

Елтаңбасымен - Еңселі.

Әнұранымен айбатты ел!

Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Сынып жетекші: Бекмуратова Меруерт


рәміздер сурет.jpg рәміздер сурет2.jpg рәміздер сурет4.jpg рәміздер сурет5.jpg



Мрәміздер сурет 7.jpg ақал – мәтелдердің алғашқы жолы жазылған, оқушылар топпен сол мақалдың жалғасын табу үстінде

рәміздер сурет6.jpg рәміздер сурет5.jpg

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2025
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12