|
Сабақтың басы
8
минут
|
Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша
тоқталып өтсек: Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес
мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы
тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел –
тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.
Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын
түсіндіріп өткім келіп отыр. Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды
түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер
жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау,
жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып
тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап,
жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең
де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз
тұспалдап айтылып тұр.
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте
заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан
жанрдың бірі -жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның
түр-түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас
жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан
да алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша
сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды — жұмбақ
дейміз.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс
дүниесі, табиғат жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар мен
өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б
жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны да болады. Бұл
тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама
түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады. Біздің
мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын,
оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге
салмақты ой айтуға үйрету болып
табылады.
|
Тақырып бойынша толық
танысады
|
Көрнекіліктер
|
|
Сабақтың ортасы.
25
минут
|
Ендеше біз бүгінгі
сайысымызды бастайық. Сайыс 4 бөлімнен
тұрады:
1-бөлім: «Ойлы болсаң, озып
көр»(мақалды
жалғастырады)
2-бөлім: «Тапқыр болсаң, тауып
көр» (жұмбақты
шешу)
Сергіту
жаттығуы.
3-бөлім:
«Даналық ойдан дән ізде» (Бұл бөлімде сандарды ретімен
орналастырсаңдар, мақал-мәтел оқисыңдар)
1-бөлім: «Ойлы болсаң,озып
көр»(мақалдың жалғасын
табу)
1-топқа: 1.Сын түзелмей,…. (мін
түзелмес)
-
Досы көпті жау алмас,….
(ақылы көпті дау алмас)
-
Шебердің қолы ортақ,…
(шешеннің сөзі ортақ)
-
Еңбек етсең ерінбей,…
(тояды қарның тіленбей)
-
Білгенің бір тоғыз,…
(білмегенің тоқсан тоғыз)
-
Батыр туса ел ырысы,
….. (жаңбыр жауса жер ырысы)
-
Қазаныңа не салсаң,……
(шөмішіңе сол ілінер)
-
Еңбек етпесең, елге
өкпелеме,…… (егін екпесең ,жерге
өкпелеме)
9.Тыста ұзақ
жүргенің,……(ұзақ өмір
сүргенің)
-
Байлықтың
кілті-….(ғылым)
2-топқа: 1. Ақыл – азбайтын тон,…. (білім – таусылмайтын
кен)
-
Алдыңғы арба қайда
жүрсе,…(соңғы арба сонда
жүреді)
-
Досы көпті жау
алмайды,… (ақылы көпті дау
алмайды)
-
Еңбектің наны тәтті,…
(жалқаудың жаны тәтті)
-
Бірлігі жоқ ел тозады
–… (бірлігі күшті ел озады)
6.Ұланы бар елдің, ……
(ұраны бар)
-
Көз — қорқақ,……. (қол —
батыр)
-
Атаңның баласы
болма,……. (адамның баласы
бол)
-
Әдепті бала ата-анасын
мақтатар, …(әдепсіз бала ата-анасын
қақсатар)
-
Білекті бірді
жығады,……(білімді мыңды
жығады)
2-бөлім: «Тапқыр болсаң,тауып
көр» (жұмбақ шешу)
1-топқа: 1.Үй ішін аралап қаптарды
жарып,
Түнде көп жортады,
мысықтан қорқады (тышқан).
-
Желден
желігеді, судан
шегінеді (от).
-
Бұрасаң тетігін,
өлшемін түн мен күн,
Соғады жүрегі, әркім-ақ
біледі (сағат).
-
Еріксе, құйрығымен
ойнайды,
Зеріксе, ұйқыға бір
тоймайды (мысық).
-
Ақпыз, сары, көкпіз,
жүреміз жайнап,
Түрлі, түрлі көппіз,
арасында шөптің (көбелек).
-
Күндіз білінбейді,
түнде күлімдейді (жұлдыз).
7.Жезге ұқсас сабағы,
дәні халық тағамы (бидай).
-
Екі аяқты, бір
басты,жүгіреді тым қатты (велосипед).
-
Білімнің дәнін тереді,
балаға тәлім береді (ұстаз).
-
Сақалы жоқ, шашы
бар,
Бет-аузы жоқ, басы
бар.
Белін бекем
байлаған,
Қоқысты қоймай
айдаған (сыпырғыш).
2-топқа:
1.Отыз екі батыр, екіге бөлініп
жатыр (тіс).
-
Балалар суға салған
жіп, тереңнен іліп алар жүк (қармақ).
3.Бұрап қойған
сағаттай, айғайлайды таң
атпай (әтеш).
-
Бетін адам ашады, білім
нұрын шашады (кітап).
-
Көше бойлап аяңдайды,
адам тасып аялдайды (автобус).
6.Әжем уыстап сығып,
далада кептірген.
Қатты әрі, дәмді, көп
жесең, шөлдеткен (құрт).
-
Күмбір-күмбір күйі бар,
құлағыңа құйып ал! (домбыра).
8.Тақылдатып таңдайды,
уақыттан бір қалмайды (сағат).
-
Ақ жібек асыл көрпедей,
қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда, су
болып сайға ағады (қар).
10.Қалың киімді
ұнатады, шешіндірсең
жылатады (пияз).
3-бөлім:«Даналық ойдан дән ізде». Бұл бөлімде сандарды ретімен орналастырсаңдар, мақал-мәтел оқисыңдар.
1-топқа: кему ретімен. «Мектептің жүрегі – мұғалім».
М – 22, і – 2, е –21, л – 3, к – 20, а – 4, т –
19, п – 17, ғ – 5, ң – 14, ұ – 6, ж – 13, г – 9,
ү-12 , р – 11, е-18, т-16, е-10, і-15, м-1, і-8,
м-7.
2-топқа: өсу ретімен.
«Мектеп – кеме, білім – теңіз».
М-10, і-23, з-29, е-17, м-18, е-14, п-15, м-24,
т-25, е-19, б-20, е-11, к-12, е-26, л-22, і-21, т-13, к-16, ң-27,
і-28
|
Оқушылар 2 топқа бөлініп берілген сайыстарға белсенді
қатысады
Мақалды жалғастырады
Жұмбақтарды шешеді
Сандарды ретімен
орналастырып,мақал-мәтел құрайды
|

Мақал-мәтелдер

Жұмбақтар


Көрнекіліктер
|