Материалдар / Мақал-сөздің азығы, жұмбақ ойдың азығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақал-сөздің азығы, жұмбақ ойдың азығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2024
159
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымдарына арналған "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру жөніндегі, кешенді жоспарын іске асыру мақсатында "Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы" тақырыбында іс –шара.

Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.


Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын – сайыс, сұрақ — жауаптар.

Жүргізуші:

Біз әдепті баламыз

Алдыменен қонақпен

Амандасып аламыз

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанекей бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге


«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ортаға сайыскерлер шақырылады. Орындарыңызға жайғасыңыздар.

Балалар, бүгін біздің арамызда әжелерімізде бар екен.

Олай болса, бүгінгі сайысымыздың әділ шешімін беретін әжелерімізбен, дәлірек әділқазыларымызбен танысайық:

1 ***********

2 ***********

3 ***********
Ойын барысы:
Ойынға 2 топ қатысады. Ойын 4 айналымнан тұрады.
1. Сайысқа түсетін топтар өздерін таныстырады.

2. «Ойлы болсаң, озып көр» (Мақалдардан жарыс, және жалғастыру)
3. «Тапқыр болсаң тауып көр» (Берілген жұмбақтарды шешу)
4. «Айшықты сөздер» (Мақалдың мағынасын ашу)


Ойын барысы түсінікті болса, сайысымызды бастаймыз, қатысушыларға сәттілік.


Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дей келе І - айналымды бастаймыз.


І - топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: *****************
ІІ - топ. Топтың аты – «Қыран»

Ұранымыз:*********************


І айналым. Әр топ өз – өздерін таныстырады.

ІІ айналым. «Ойлы болсаң, озып көр» Алдымен мақалдардан жарыс, сосын жалғастыру.

«Тұлпар» тобына:
1. Алдыңғы арба қайда жүрсе,... (соңғы арба сонда жүреді.)
2. Әдепті бала – арлы бала,( Әдепсіз бала сорлы бала ).
3. Кісінің кісілігі, (Киімінде емес, білімінде).
4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).
5. Байлықтың кілті – (ғылым…).

«Қыран» тобына:
1. Көз - қорқақ (қол – батыр).
2. Батыр туса - ел ырысы... (Жаңбыр жауса – жер ырысы).

3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)

5. Білгенің бір тоғыз,...(білмегенің тоқсан тоғыз).

ІІІ айналым «Тапқыр болсаң тауып көр» жарысы.
Мұғалім: Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін айтуларың керек.
1 - топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз)
1 - топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар)
1 - топ: Бір кісі бар дүниеде,
Шемішке шағып тұрады.
Бұл кісіден әр уақыт,
Әркім мезгіл сұрайды.(сағат)
1 - топ. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай және жұлдыздар)

1 топ. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз)

1 топ. Өзі кірді ашады, суға салсам қашады.(сабын)

2 топ. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш)
2 - топ. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян)
2 - топ. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық)
2 - топ. Бір жәшік тор бұрышты сырғасы бар,
Көтерсең сырғасынан дауыс шығар.
Қанша алыс болсаңдағы екі сырға,
Естіліп бір – біріне жақын қылар. (телефон)
2 - топ. Жаны жоқ, болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (кітап - книга - book)
2 - топ. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі)
ІY айналым: «Айшықты сөздер» (Мақалдың мағынасын ашу)


Бұл айналымда бірнеше мақалдар экранда көрсетіледі. Балаларымыз көрсетілген мақалды тез арада табады. Әжелеріміз сол мақалдың мағынасын ашуы керек.

1 - топ
1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)
5. Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізе алмау)
6. Көзге түртсе көргісіз. (қараңғы)

7. Бетінен оты шықты. ( ұялды)

2 - топ.
1. Су тегін. ( арзан)
2. Тісіңнен шығармау. (айтпау,)
3. Ешкімнен ештемесін аямайды. (жомарт, мырза)
4. Ала жіпті аттама. (ұрлама)
5. Беті бүлк етпеді. ( ұялмады)

6. Көзді ашып - жұмғанша ( тез, лезде)

7. Жүрек жалғап алды. (тамақтанды)


Мұғалім:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып, қазылар алқасы сіздерге осы сайыстың әділ шешімін шығаруа уақыт береміз. Оған дейін әжелер, сіздерге арнап дайындаған балаларымыздың өңерлерін тамашалаңыздар.

  1. Тақпақтар.

  2. Би (қыздар)

  3. Ән

  4. Би (ұлдар)


Қорытынды: Сөз кезегі қазылар алқасында …
Жеңген топты марапаттау.

Мұғалім:

Ата - салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтанда құнды мұраларымызды насихаттап жүрейік.

І айналым. Әр топ өз – өздерін таныстырады.

ІІ айналым. «Ойлы болсаң, озып көр» Алдымен мақалдардан жарыс, сосын



ІІІ айналым «Тапқыр болсаң тауып көр» жарысы





ІY айналым: «Айшықты сөздер» (Мақалдың мағынасын ашу)



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!