400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал-мәтелдердің мәнін түсінеді, жұмбақтарды шешеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді

Пән:Тәрбие сағаты

Бөлім:

Мектеп: Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Сабақтың тақырыбы

Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы”

Күні:05.01.24.

Машықкердің аты жөні: Камбарова С.А.

Сынып: 8 «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Мақал-мәтелдердің мәнін түсініп, жұмбақтарды шешу.

Сабақтың мақсаты

Мақал-мәтелдердің мәнін түсінеді, жұмбақтарды шешеді.

Құндылықтарға баулу

«ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» Қоғам игілігі үшін қызмет ету; Қазақ тілінің қолдану  аясын кеңейту;


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут




10 минут

Оқушылармен амандасады.


Бір тілек” әдісі бойынша бір-біріне жақсы тілектер тілейді, көңіл-күй сыйлайды.



Мақал-мәтелдер мен жұмбақ ұғымын ашу.


Мақал  нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. 

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. 

Жұмбақ адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.



Мұғаліммен амандасады.

Берілген әдіс бойынша бір-біріне тілек тілейді.





Тыңдалым








слайд


Сабақтың ортасы


10 минут












10минут

Quizizz“ ойыны:

Мақал-мәтелдердің бастапқы жолдары жазылады, жалғасын табуы қажет.

1.Атасыз үй-батасыз,

Анасыз үй-панасыз.

2. Жаста оқыған оқуың, тасқа жазғанмен бірдей.

3.Жолдасың жаман болса, алыс жүріп түн қатпа.

4.Жолдасы көптің, олжасы көп.

5.Шошқаға ерген-балшыққа аунар.

6.Ағайын өкпеге қиса да, өлімге қимайды.

7.Айлалы батыр-алдырмас.


Жұмбақтың жауабын тап…

Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?
Уақыт

Иісшіл - ит емес,
Ұшады -құс емес.
Шыбын

Кішкене ғана тостаған
Жер дүниені бастаған.
Көз

Бір жолда екеуі жарысады,
Бір-бірінен оза алмай алысады.
Темір жол

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.

(Қар


Мақал-мәтелдерді еске түсіре отырып, жалғасын табады.












Жұмбақтар шешеді.































слайд





Сабақтың соңы


5 минут

Өтілген сабақ бойынша “бес саусақ” бағалау әдісі.

Оқушылар 5 саусақ арқылы бүгінгі сабақты бағалайды, өз пікірлерімен бөліседі.



Үйге тапсырма:

Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жаттап келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11.06.2024
214
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі