400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақал –сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мақал –сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы

Сабақтың мақсаты: Мақал-мәтел ата- бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау,мақал-мәтелді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Ана тілімізді дамытып, балалардың қызығушылықтарын арттыру. Жұмбақ баланы ойлауға, ой санасының қызмет етуіне серпін беру

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Дыбыстарға байланысты тақпақ айту

Жаңа сабақ

«Ойлы болсаң озып көр» ойыны

Сергіту сәті

Мақалды жалғастыру

«Кім жүйрік» ойыны

Сабақты қорыту

Баларды үш топқа бөліп, 1 топ Жұмбақ, 2топ Мақал, 3 топ Жаңылтпаш

Балалардың тіл байлығын дамыту мақсатында дыбыстарға байланысты тақпақтар айтқызу

А А дегенім атаң ақыл сөзің батаң,

Ата сөзін тыңдап, ардақтай біл ботам

О О дегенім орман, жан-жануар толған

Жеміс жидек теріп, орман кезу арман

Н Н дегенім наным, нанмен бірге әнім

Наным менің нәрім, әнім менің сәнім

Т Т дегенім талап, көңіліңмен қалап

талапты бол сенде оқып жақсы сабақ



С С дегенім сурет,көрдің бе сен бір рет

Сонша неге тәтті, суреттегі сур ет



Р Р дегенім ретте, рет-реттімен бетте

Дәптер,кітап,бәрін, ретсіз шашып кетпе



Жаңа сабақ

Мақал мен мәтелдер

Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал – мәтелдерден халықтың ақыл –ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Мақал-мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.

Жұмбақтар

Жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі. Ол баланы жастайынан қиялдай білуге,қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді.

Жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Баланың ұшқыр ойын іс әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпін береді

Жаңылтпаш

Жаңылтпаштар баланың тіл байлығын дамытып,күрделі сөздерді қиналмай айтуға дағдыландырады, есте сақтау қабілетін шыңдай түседі. Қай замандарда да ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан осынау халық тәжірибесіне айрықша көңіл бөлініп келгені анық.Енді балалар «ойлы болсаң озып көр» ойынын ойнаймыз

Мен сендерге жұмбақ жасырамын соны сендер ойланып дұрыс жауап беруге тырысыңдар

Жауабын сурет арқылы көрсетесіңдер

Жемістерге байланысты

Бұл не деген көп киім,

 жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, 

қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.

(Орамжапырақ)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.

(Қызылша)

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.

(Қарбыз

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.

(Қияр)

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. (Жуа)

Жануарларға байланысты



Қалқиып қос құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян

Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.     

   (Піл)

Ағаштан-ағашқа секірген,

 Кішкентай ғана шапшаң аң.   

 (Тиін)

Халық «қу» деп,

Қылған күлкі

 Айласы көп.

 Бұл не?    

(Түлкі)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

Асты- тас, үсті – тас,

Ортасында піскен бас. (Тасбақа)

Аспан әлеміне байланысты

Қос алып көз,
Бiрi – жарықта көредi,
Бiрi қараңғыда көредi. (Күн мен Ай)

Айдалада көк шатыр,
Көк шатырда

Қызыл көздi шал жатыр. (Аспан мен Күн)

Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. (Ай)

Жылт-жылт етiп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге. (Жұлдыз)

Алып кiлем –
Гүлге толы
Үстi кiлең. (Жер)

Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгiлдi.
Бусанып жон-алап,
Терледi, керiлдi.  (Жаңбыр )

Сергіту сәті



Суретке қарап мақалды жалғастыру



рет

рет Picture 13







«Кім жүйрік» ойыны

Мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш айтып жарыстыру.

Балалар мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш айтып жарысады



Сабақты қорытындылау

Балаларды мақтап,мадақтау Сабаққа жақсы жауап берген балаларды ерекше атап өту





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.01.2026
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі