400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Мақал-сөздің мәйегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтыңтақырыбы: «Алтын күз»


Сабақтыңмақсаты: 1. «Балалардың күз туралы алған білімдерін тиянақтау, күзгі табиғат өзгерістерін балалардың өз көздерімен көріп, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге, сурет көріністерін әңгімелеп, айтуға, үйренген сөздерін күнделікті қолдана білуге жаттықтыру,

2. Сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеуге баулу, күз туралы өлең, тақпақ айтып, жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру, тілің дамыту.

3. Көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын жетілдіру, іскерлік дағдыларына баулу арқылы еңбекке үйрету.

Көрнекілігі: Күз көрнісі бейнеленген бейнелі сурет, көкөністер мен жемістер,күзгі бақ, жапырақтар интерактивті тақта, видео-роликтер,.


Әдіс-тәсілдер Әңгімелеу, көрсету, сұрақ, жауап, мадақтау, қимылдыойын, сергітужаттығуы, қорытындылау.


Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру, сәлемдесу.


І. Мұғалім сөзі:

Қайырлы күн , құрметті қонақтар!

Асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті. Алтын күз мерекесі құтты болсын! Күз мерекесін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай          

Соңғы әнін  айтып

Құс кетті кайтып.

Жаздай күткен бәріміз

Сары алтын ұябақшада

Күтіп алар шағымыз.


Би: «Күзгі жапырақтар»

Видео- көрініс « Ер Төстік пен айдаһар ертегісі»


Күз ханшасы:


Армысыздар, қадірлі қонақтар!

Күз мерекесі құтты болсын!

Күз бақыт,береке әкелсін!


Мыстан кемпір:


-Айтқаныңыз келсін, күз ханшасы.

-Сіз бізге күз дегеніміз не?

-Неге күзді « Алтын күз » дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?

Күз ханшасының жауабы:

-Күз дегеніміз 1-ден байлық, молшылық, қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік , алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне, қараңдаршы !

Дала да , егін де , тоғай да сап-сары.Сондықтан халық күзді «Алтын күз»дейді.

Ойын: «Жапырақтар жинау»

Осы кезде мыстан кемпір бір баланы ұрлап кетеді

Мұғалімнің сөзі

-Балалар бізде бір бала жоқ қой. Онын анасына не деп айтамыз

-Біз бәріміз оны іздегенге шығайық

Орманға келед і

Ойын «Ағаштар, томарлар» / Музыка «Күзгі орман»/

Сайтандардың биі

Мыстан кемпір:

-Мында не той?

- Қандай думан?

Сайтандар:

-Мына балалар өздерінің жолдастарын іздеп келіп тұр

Мыстан кемпір:

Білемін білемін олар не үшін келіп тұрғандарын

Бірақ мен тектен-тек жібересалмаймын менің шартарым бар

Бірінші тапсырма:

Маған күз туралы тақпақтар айтып беріндер


Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішішмізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?


БҰРШАҚ: 
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!


ҚЫЗЫЛША: ызыланған қызылша қып-қызыл болып қалыпты.
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.


ҚЫРЫҚҚАБАТ:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіздәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!


ҚИЯР:
Дәмім тілді үйірген
Мен түздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде 
Жейді бәрі сүйсіне!


ШАЛҚАН:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таңқалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды!


СӘБІЗ:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!


ҚЫЗАНАҚ:
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?


ПИЯЗ:
Боламын мен демеуіш, 
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға!


КАРТОП:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.


Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа
пайдалы
Мұны
жатқа біліңдер,
Олард
ы жақсы көріңдер


Мыстын кемпір:

-Мына балалар бәрін біледі ғой жарайды мен көмекті кащейдер сұрайын

Видео-көрініс «Иван царевич және қасқыр»


2. тапсырмаТренажер мен жұмбақ

«Шалқан» ата-аналармен ойын

Ән: «Айгөлек»

-Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

- Бүгінгі мерекемізді аяқтай келе өз пікірлерінді смайлик арқылы ағашқа жапсырындар.

Қорытынды: Сонымен балалар бүгінгі сабақта алтын кузіміздің ерекшелігін, кереметтерін, береке байлығымен танысып білдік. Әсемділікті сұлулықты сезіне білуге үйрендік.



































3 Күршім гимназиясы





Тәрбие сағаты:

«Алтын күз»



Өткізген: Сагиева Т.М






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі