Материалдар / Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала қоғамдағы мұғалім яғни ұстаз мәртебесін көтеру жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
531
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қоғамдағы педагог мәртебесі

Б. Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деп, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу, оларды терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау, осындай ауыр жүкті алып жүру тек білікті ұстаздарымыздың ғана қолынан келетінін» айтып кеткен болатын.

Педагог мамандығының беделін көтеру. Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқушылармен айқындалады. Дамыған елу елдің қатарында болу-еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Ғылым мен техниканың дамыған заманы, экономикамыздың өсуі, Білімді көтеру, яғни мұғалімнің мәртебесін көтеру дегенге келеді. Қала, ауыл барлық жерлерде мұғалім аты- мәртебелі зиялы адам болып саналады. Шахтер, дәрігер, космонавт барлығы мұғалім алдында тік тұрады. Әр адамның жас кезінде еліктеп, ұқсағысы келетіні ол әрине мұғалім.Тіпті мұғалім болуды армандады. Қазір мұғалім сол мәртебесінен, ата- абыройынан айырылып қалды деуге болады. Айта кетсек дәлелі көп-ақ , мұғалімнің айтқанын жүре бара тыңдап, ескерткендерін пікірге салып, тіпті ол мұғалімдермен айтысып, одан қалды соттасып жататындар аз емес. Соңғы уақыттарда әкімшіліктердің тегін жұмыстарына, науқандық жұмыстардың барлығы мұғалімдердің белсенділігімен атқарылады. Мысалы: алаңдағы митингілер мен залдардағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен көрермендеріне айналуы, сайлау немесе тағы да саяси науқандардың насихаттаушысы сияқты қоғамдық жұмыстардың қандайы болсын мұғалімді іздеп табады. Мектеп ішіндегі қағаз бастылықтың көптігі, сабақ өткізу, тәрбие жұмыстарын жүргізуіне күші жете ме? Мұғалімнің сынаушылары өте көп. Білім басқармасы мен аудандық білім бөлімдерін, мектептің өз басшыларын айтпағанның өзінде ата-аналар мен оқушылардың өзі білімі мен тәрбиесіндегі кемшілікті мұғалімнен іздегісі келетіні жасырын емес. Баладан ештеңе жасыра алмайсың, әділ сыншы балалар дейді ғой. Бұрынғыша мұғалімге құдыреттей табынып, ұстазын ұлы әкесіндей сыйлап отыратын оқушылар болмаса да демократиялық көзқарас тұрғысынан қазіргі қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесі жөніндегі қоғамдық пікірдің алғашқысын мектеп оқушыларынан білмекші болдық. Мектебіміздің 9-11 класс аралығында 45 оқушыдан сауалнама өткізген болатынмын. Мұғалім мамандығын бағалаймын деген сұраққа 43-і оң көзқарас білдірді. Мұғалім беделді мамандыққа айналуы керек. Еліміздегі әр мамандыққа жақсы жағдай жасалынуы керек. Сырт көзге қарағанда мұғалімдерге қызығыпта па қызғанып қарайды. Өзге мемлекеттерде мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесі мен еңбекақылары жоғары. Ең жоғарғы сұранысқа ие. Жоғары мәртебеде отырып, оңай олжа тапқаннан гөрі, еліміздің болашағына білім беріп жүрген ұстаздарына көңіл бөлінсе екен. Кейбір адамдар мұғалімдерді құрметтемейді? - неге десеңіз, бұл сұраққа жауапты айтуға қиналамын. Мектепте алдыңда отырған 30 баланың білімі мен қаупсіздігіне жауап бересің. Елде қызмет еткен жақсы, бірақ жақсы бағаланса. Мұғалім мамандығы қиын. Біздің екінші анамыз деседе болады. Мұғалім мәртебесі мен үшін өте жоғары. Сауалнаманың келесі сұрағына оқушылардан алған жауаптарым. Мұғалім болу-мен үшін – 42-і ешқашан мұғалім болғылары келмейтінін атап өтті. Қоғамдағы мұғалімнің мәртебесі жайында - 44 оқушы айтуға қиналады. Мұғалімдердің мәртебесін көтеретін, деген сауалнамаға - 43 оқушы, жан-жақты жағдайы жақсарса деп жауап берді. Қосымша өз ойым деген пікірге ашық жазғысы келетіндерге мүмкіндік берілген болатын.

Таңдалынған пәндерге байланысты үштілдік кадірларды дайындап және оны мектептерге енгізу, кадірларды даярлау қамтамассыз етілді. Білім және ғылым министрлігінде жыл сайын 73,3 мың педагогтардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр. Қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдарында қашықтықтан оқытылу қамтамассыз етіледі. Жыл сайын мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтарының осы оқуға деген тапсырысы артырылуда. Оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы инклюзивті білім алу, мүмкіндігі шеклеулі балалар. Педагогтардың мәртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар үйымдастырылуда. Атқарған жұмыстарына байланысты жалақының көтерілуі. Бірінші және жоғарғы санатты алу үшін талаптар қайта қарастырылатын болады. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиясынан анғаруға болады. Мұғалім өз беделін көтеру мақсатында оң имеджін қалыптастыру. Жыл мұғалімі, БАҚ-пен ортақ жобалар, форумдар мен конкурстар, шебер кластар мен слеттер, семинар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдерде өздерін жақсы қырынан көрсетсе, нұр үстіне нұр емес пе. Оқушылардың жауаптарына қарағанда, әр оқушының мұғалімге деген көзқарастары әр түрлі екенін байқаймыз. Қате көп емес. Оқушылар педагог мәртебесі туралы арнайы мәселе көтеріп жатқандығы туралы бейхабар. Мұғалім мәртебесі туралы сұрақты түсінгендігін білдіруге тырысқан. Бұл жауаптар мен пікірлердің шынайы екендігінен сыр береді. Біздің басты байлығымыз - адам, ал ұлы Абай айтқандай: «Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады». Мұғалім өзінің өмір бойы жинақ-таған білім мен біліктерді, дүниетаным, ойлау тәсілдері, ұлттың жаны, адами құндылықтарды жинақтап келешек ұрпаққа сіңіретін тұлға. Мұғалімнің мәртебесін көтермей, оны құрметтемей, оның қиын да асыл жұмысын тиісті деңгейде қамтамасыз етпей, біз маңызды мақсаттарға жете алмаймыз. Сол себепті жаңашыл мұғалім қалыптастыру жолында педагог мәртебесін мейлінше көтеру құптарлық іс. «Педагог мамандығының мәртебесін қалай көтеруге болады?»-атты эссемді мен В.Маяковскийдің сөздерімен аяқтағым келеді: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек».



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!