400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "15 орта мектеп" КММ

Материал туралы қысқаша түсінік
Рудный қаласы, №15 орта мектеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рудный қаласы,

№15 орта мектеп

Еліміздің егемендік алып,тәуелсіз ел болуы зиялы ақсақалдың бойына тың күш қосып,санасын нұрландырды.Ішінде жатқан маржандай ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.Сөйтіп,қазақ халқының қайтадан өз қалпына түсуіне,жоғалғанын табуға,өшкенін жандыруға үлес қосуға кірісті.

Үстіміздегі онжылдықтың басы болатын.Елімізде "Қазақ тілі " қоғамы құрылып,оның жергілікті жерлердегі ұйымдары ашыла бастады. Рудный қаласында да осындай ұйымның дереу ашылуына намысты азаматтар үлкен тірек болды.Сондай кісілердің басында ақ таяқты ақсақал да жүрді.

Соның ішінде ең бір маңыздысы - қазақ тіліндегі балалар бақшасы мен мектеп ашу жөніндегі бөлім еді. Оған басшылық жасау ісі Омар Оспанұлына тапсырылды.Бұл орайда оның ширақтығы,ұйымдастырушылық қабілетінің зорлығы баса ескерілді.

Омар аға өзіне тапсырылған жауапкершілікті қуанышпен қарсы алды.Дереу іске кірісті.Күндіз де,түнде де істі алға апарудың жолдарын ойлады.Мойынға батпандай жүк артылды.Бұрын бірде-бір қазақша тәрбие ошағы болмаған қаланы қазақшылыққа қайлай бет бұрғызарсыз.Алдынан қат-қабат қиындықтар шыға берді.Материалдық базаның,кадрлардың жайын ыңғайлағанмен,өз қазағың ниетіңді түсіне қояр ма?Ата-аналардың көбі арнайы хабарландыруларды құлағына да қыстырмады.Осындай тұста Омар Оспанұлының ойлап тапқан амалы-мектепке баруға жасы келген балалары бар әр үйді жеке-жеке аралап шығу еді.Сол үшін бөлім мүшелері,үй басқармалары,балалар бақшалары,қалалық оқу бөлімі арқылы қажетті деректерді жинады.Әркім өзі тұратын төңіректегі үйлерді аралауға келісті.Омекең өзі бас болып,табанынан таусылып,үлкен қаланы жаяу аралады.Осындай жұмыстың нәтижесінде жеті бала-бақша қазақ топтары ашылды.Оның әрқайсысына жиырма -жиырма бестен бала болды. Міне осылайша 1993-1994 оқу оқу жылының басында қалалық оқу бөлімі қазақша оқитындар үшін жеке мектеп ашу жөнінде ұйғарым жасады.№12 мектептегі төрт қазақ сыныбы

№15 мектепке көшірілді.Сол жылы тағы да үш бірінші сынып ашылып,қазақ сыныптарының саны жетіге жетті.Осылайша оқу жылында қатарынан төрт бірінші сынып ашылып,білім ошағы өрісін кеңейте түсті.

Қаланың қақ ортасында,қолайлы жердегі мектеп ішкі,сыртқы көркімен көз тартады.

Үш қабатты білім ошағының ішін ұлттық нақышта жабдықтауға ерекше көңіл бөлінді.Бұл орайда қаладағы іскер азаматтар мол көмегін тигізгенін айтып кету парызым.Мектеп балалардың жан-жақты дамуына сондай қолайлы.Кадр ,оқулық мәселесі біршама шешілген.Мамандар жөнінен қаладағы педогика колледжі мен индустрия институты тікелей көмек жасады.Әсіресе,педколледж ұлттық кадрларды даярлау мәселесін табандылықпен қолға алды.

Осы елең еңбектің нәтижесінде қазіргі таңда Рудный қаласының қақ ортасында

№15 орта мектебі жұмыс жасауда. Толық қазақ тілінде болашақ елін,жерін сүйетін балалар білім алу жолында.Мектептің тірегі,жүрегі деуге болатын мектеп басшысы Нұрмағанбетов Қайыржан Рақымжанұлының еңбегінің арқасында,мектеп ұжымы елеулі еңбек атқару жолында . Бірдей бір мектепті басқару оңай жұмыс емес екені айдан анық.Сол қиыншылықтарды төзе білу,барлық ұстаздардың басын біріктіріп,мектептің еңсесін жоғары көтеріп,нағыз қазақ мектебі деген атқа лайық істер жасалып жатыр . Мектепте жалпы 70-тен астам мұғалім еңбек етуде.Тағы сыртында басқа жұмысшылар жұмыс жасайды. Жалпы мектепте 1048-дің сыртында оқушылар білім нарын сусындатуда. Оның ішінде 500-ден астам оқушы бастауыш сыныбында.Жылына 30 түлекті жылы ұясынан ұшырып,олардың жоғары оқу орнына түсіп, танымал азаматтар мен азаматшаларымыз болып жатқаны қаншама. Осының бәрі ұстаздардың елеулі еңбегі деп білеміз."Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға " демекші,ұстаздардың еңбегін сөзбен айтып жеткізу қиынның қиыны.

Осындай кісілердің зор еңбегінің арқасында қазақ мектебі деп ауыз толтырып,Омар атамыздың еңбегін мақтанышпен айтуға болады.

- Шіркін, облысымызда Омар Оспанұлы секілді кісілер көп болса,ұлттық қасиет жөнінен Қостанай облысы тік тұрған болар меді деп ойлаймын. Қоғамымыздағы жақсы істерді құлшына қоштап,жаманына қарны ашып отыратын Төртбаев Омар атаның сүйегі асыл,ойы асқақ,аузы дуалы,шапағатты жан.Оның атқарып жүрген істерінің өрісі кең,жемісі де мол бола бермек.

Белгіні енгізді Шагаева Жанар Дулаткановна

"Рудный қаласы әкімдігінің №15 орта мектебі "КММ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі