400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. 1939-1940 жж. Кеңес-Фин соғысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғарғы сынып оқушыларына және осы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге қосымша мәлімет ретінде көмегі болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

1939-1940 ЖЖ. КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫ

Икласбаев Д. А, Жүкен Г

Алматы облысы, Талдықорған қаласы №15 Орта мектеп



Аталмыш мақала 1939-1940 ж.ж Кеңес Одағы мен Финляндия арасында болған соғысқа -тарихи тұрғыда баға беру әрекеті болып табылады


Кілтті сөздер:Екінші дүниежүізілік соғыс, революция, реваншистік әрекет, «Ұлы Финляндия», арандатушылық, қуыршақ үкімет


Әлемдік тарихта статусымен жеңісі анықталмаған соғыстардың бірі 1939-1940 жж. орын алған Кеңес-Фин соғысы. Әлі күнге дейін тарихшылар арасында бұл соғыстың статусы, жеңісі, мақсаты жайлы айтыстар толастамай келе жатыр. Бір тарихшылар бұл соғысты Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлшегі санаса, екінші тарихшылар оны Екінші дүниежүзілік соғыстан бөлек, шекаралық сипаттағы аумақтық жанжал есебінде қарастырады. Тіпті соғыстың алар орнын анықтауда саясатта кірігіп қалады. Соғысқа баға беруде біржақтылық, әлі күнге баршылық. Соғыстың құпияланған жағы әлі күнге ашылмаған. Ол құпиялықты ашуда, соғыстың тұтануына себепкер болған және оның сипатын анықтауда төменгідей сұрақтар шеңберінде пікір қозғап көретін боламын

1.Соғыстың статусын анықтай алмауына басты кедергі уақытыма?, Яғни 1939-1940 жж. Екінші дүниежүізік соғыстың басталған шағымен тұспа-тұс келуі.

2. Соғыстың басталуына түрткі болған оқиға қолдан жасалдыма? Фин тарапының Майнилден Кеңес әскеріне оқ жаудыру қаншалықты шындыққа жанасады

3. Соғыстың басталуына Кеңес Одағы мен Германия арасында жасалған Молотов-Риббентроп пактісінің әсері қаншалықты болды

4. Финляндия билігінің «Ұлы Финляндия» жоспары

5. Кеңес Одағы мен Финляндия шекаралық жанжалды бейбіт түрде шешуде келісімге келе алмады?

6. Бұл соғысқа 1919-1922 жж. Карелияда тұтанған соғыс қимылдарының қаншалықты әсері болды?

7. КСРО Финляндияны толық басып алуды көздемесе не себепті Карелия аймағында қуыршақ «Финляндия Демократиялық Республикалық» үкіметін құрды

8. Соғысты қай мемлекет жеңіспен аяқтады

1917 жылы Ресейде революциялық толқулар кезінде бұрыңғы Империя қарамағында болып келген ұлттар тәуелсіздікке ұмтылған болатын. Бұл ұмтылысқа бір ұлттардың қолы жетсе, екінші ұлттардың қолы жетпеді. Тәуелсіздікке қол жеткізген елдердің ішінде Финляндия мемлекетіде болды. Бір ерекшелігі бұл мемлекеттің тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған елдердің бірі Кеңестік Ресей болды. Тіпті Финляндияны кеңестендірудің сәтсіз әрекетіде болды. Кеңестік Ресей мен Финляндия арасында Карелия аймағы үшін соғыста болды. Алайда бұл жанжал келісіммен аяқталып, Карелия аймағы Кеңестік Ресейге қалдырылды. Екі тарапта жанжалдың реттелуіне көңілі толмай, реваншистік ойдан айнымады. Шекара мәселесі нақты анықталмады. Мемлекеттер шекарада ауқымды күштер ұстады. Финляндия тарапы Кеңес Одағы тарапынан болып қалуы мүмкін басқыншылықтан қорғану мақсатында күрделеңген қорғаныс шептерін тұрғызды(Маннергейм шебі). Бұл жағдай екі ел арасында тұтануы мүмкін өшіріліп қойылған жанжал болды.

Енді сұрақтарға жауап беріп көрсек:

  1. 1939-1940 жылдардағы Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс статусын

анықтауға келсек – бұл соғыстың уақытына қарай Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлшегі деп санасақ, онда Екінші дүниежүзілік соғысты бастаушы мемлекеттердің қатарында Кеңес Одағының болып қалатындығы анық. Бұған Кеңестік Одағының мұрагері болып саналатын Ресей Федерациясының келіспейтіндігі анық. Ресей тарапына елдің соғысты жеңуші ғана емес, соғысты бастаушы болғандығын қабылдамайтыны анық. Сондықтанда Ресей тарапы Кеңес-фин соғысын Екінші дүниежүзілік соғыстың шеңберінен тыс қарастырады.

  1. Екі ел арасындағы соғыстың тұтануына түрткі болған Майнилдегі фин

шекарашыларының Кеңес әскерін артилериялық қарулармен оқ жаудыру оқиғасының шынайылығы. Кеңестер жағынан Бұл жағдайдың болғандығын Фин тарапы әлі күнге дейін жоққа шығарады. Тіпті Кеңес әскерінің қолдан жасалған әрекеті деп бағалайды. Бірқатар тарихшылар бұл уәжбен келіседі де. Бұған КСРО мемлекетінің Министрлер кеңесінің төрағасы болған Н. С. Хрущевтің естелігін қоссаңыз. Онда жағдайға кінәлі тарап анықтала түседі. Естелікте былай деліңген болатын «...рассказывает, что поздней осенью (по смыслу именно 26 ноября) он обедал в квартире Сталина вместе с Молотовым и Куусиненом. Между последними шёл разговор об осуществлении уже принятого решения — предъявлении Финляндии ультиматума; тогда же Сталин заявил, что Куусинен возглавит новую Карело-Финскую ССР с присоединением «освобождённых» финских районов. Сталин считал, «что после того, как Финляндии будут предъявлены ультимативные требования территориального характера и в случае, если она их отвергнет, придётся начать военные действия», заметив: «сегодня начнётся это дело». Сам Хрущёв считал (в согласии с настроением Сталина, как он утверждает), что «достаточно громко сказать им <финнам>, если же не услышат, то разок выстрелить из пушки, и финны поднимут руки вверх, согласятся с требованиями». В Ленинград был заранее послан замнаркома обороны маршал Г. И. Кулик (артиллерист) для организации провокации. Хрущёв, Молотов и Куусинен долго сидели у Сталина, ожидая ответа финнов; все были уверены, что Финляндия испугается и согласится на советские условии [1]

  1. 1917 жылы Финляндия мемлекеті құрылған кезде фин тіліне туыстас халықтарды

біріктіру идеясын жоспарланған болатын. Осы жоспар негізінде «Ұлы Финляндия» картасын жасалып, Карелия аймағына айрықша көз тігілген болатын. Тіпті 1919 жылы Фин әскерінің жасақтары Карелия аумағында Қызыл әскер жасақтарымен қарулы күрес жүргізген болатын. Егер біз бұл жоспарды 1939-1940 жж. соғыстың алғышарттарының бірі ретінде қарастырсақ Финляндия әрекеті ұлт-азаттық күрес, елдің ирреданталық бөлігін азат етудегі әрекеті деп бағалап қалуымызда мүмкін.

[2]

  1. Кеңес Одағының Финляндия тарапынан мемлекеттік шекараны Ленинград

қаласынан 90 шақырым аумақта қайта қарау мәселесі қабылданбай, ұзақ келіссөздер арқылы шешілмеген еді.

Ярцев келіссөзі

Аланд аралдарына Кеңес әскерін орналастыру

Гогланд, Лавансааари, Гютярсаари,Сескар аралдарын 30 жылға Кеңес Одағына жалға бері

Шығыс Карелияны Финляндияға беру

Финляндияға тарапы қабылдамады

Мәскеу келіссөздері

Финляндия шекарасын Ленинград қаласынан 90 км-ге аластады

Қорғаныс шептерін қарусыздандырады

Финляндияға Карелия аймағынан 5529 шаршы шақырым жер беріледі

Финляндия үкіметі талаптарды орындаудан бас тартты.

Келіссөз барысы нәтижесіз аяқталған бойда КСРО басшылығынан Ленинград округі мен Балтық флоты Финляндияға қарсы соғысқа дайындалу туралы директива алды[3]

  1. 1919 жылы Фин қарулы күштері ел аумағын Қызыл әскерден тазартып болған соң,

«Ұлы Финляндия» жоспары негізінде Карелия аумағын Финляндия мемлекетіне қосу үшін қарулы қақтығыстар бастаған болатын. Тіпті Фин тарапы Карелия аумағының бір бөлшегін басып алған болатын[4]. Бұл соғысты 1939-1940 жылдардағы соғыстың басы деп қарастыратын болсақ онда Кеңес Одағының әрекеті қорғану деп есептелінедігі анық.

  1. 1939 жылы Кеңес Одағын Финляндияға қарсы соғыс қимылдарын бастаған кезде

Карелия аумағында Мәскеудің пәрменімен Финляндия Демократиялық Республикасының үкіметі құрылған болатын. Оның басшысы болып коммунист, марксист Отто Куусинен тағайындалған болатын. Бұл үкіметті өз кезегінде Кеңес Одағы, Танну-Тува Халық Республикасы және Моңғол Халық Республикасының ресми үкіметтері таныған болатын. Кеңес үкіметі соғыс барысында бұл үкіметті Финляндияның бірден-бір жалғыз үкіметі деп мойындамақшы болған еді. Алайды Кеңес әскери шабуылы сәтсіздікке ұшырап, тұралап қалған болатын[5].

Кеңес Одағы Финляндияны толық жаулап алуды көздемесе не себепті Финляндия Демократиялық Республикасы деп аталған қуыршақ мемлекет құрып, оның үкіметін жасақтады? Кеңес үкіметі Финляндияны толық жаулап алуды көздесе керек. Бұл үкіметті Кеңестер тарапының соғысты бітіммен аяқтаған соң таратып жіберген болатын.

  1. Кеңес Одағы

А).Финляндияны толық басып алуды жоспарласа – онда жеңіске жетпеген болып саналатындығы анық

Ал егер шекаралық мәселені шешу үшін соғысса – онда жеңіске жеткендігі анық

Ә). Әскери әлеуеті мен ресурсы жағынан басым болған Кеңес Одағының Финляндияның аз әскерін талқандай алмауы бұл жеңіліс

Б). Кеңес Одағының Басқыншы деп саналып, Ұлттар Лигасынан шығарылуы Халықаралық саясаттағы жеңіліс

Г). КСРО тарапының күш-қуатына Әлемдік қауымдастық тарапынан сенімсіздік ұялады

Финляндия

А). Шапшаң қимылдауға бағытталған аз әскермен үлкен күшке ие қарсыласпен соғысып, толық жеңілмеу - жеңіс

Ә). Жаудың басым күшін аз күштермен талқандай білу – жеңістен бағалатындығы анық

1939 жылғы 30 қарашадағы күштер арасалмағы


дивизии,
расчётные

жеке құрам

орудия и
миномёты

танктер

ұшақтар

Фин армиясы

14

265 000

534

26

270

Қызыл армия

24

425 640

2876

2289

2446

соотношение

1:1,7

1:1,6

1:5,4

1:88

1:9,1



Көрсеткіш

КСРО:Финляндия

Артиллерия

5:1

Авиация

21:1

Танктер

49:1

Пехота


[6]

Соғыстың жаңашылдығы


1.аз құрамдағы мобильды жасақтармен үлкен әскерді талқандай білу

2. шаңғыны тиімді пайдалану

3. Суоми автоматы

4. Танкіге қарсы қолданатын «Молотов коктелі»


Соғыстың шығыны

Финляндия

КСРО

259045 адам қайтыс болды

71214 адам санитарлық эвакуация кезінде қайтыс болды

43557 адам жараланды

16292 жарақаттан, аурудан қайтыс болды

1000 адам тұтқындалды

39369 адам жоғалып кетті

11% жерінен айырылды

[7]

Шайқастар


Атауы

Жеңіс

Жеңіліс

Толваярви шайқасы

1939 ж. 12 желтоқсан

Финляндия

КСРО

Кельи шайқасы

Финляндия

КСРО

Суомуссалми шайқасы

1939 ж. 7 желтоқсан –

1940 ж. 8 қаңтар

Финляндия

КСРО

Печенга шайқасы

Финляндия

КСРО

Сумма

КСРО

Финляндия

Раат жолындағы шайқас

Финляндия

КСРО

Хонканием шайқасы

КСРО

Финляндия

Выборг шайқасы

КСРО

Финляндия

[8]

Соғыс барысында Фин әскері қоршауға түспеу мақсатында тактикалық шегіністер жасап отырды




ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1.Майнильский инцидентru.wikipedia.org

2.Великая Финляндия http//ru.wikipedia.org/wiki/

3.Советско-финская война. ru.wikipedia.org

4. Великая Финляндия ru.wikipedia.org

5. Финляндская Демократическая Республика ru.wikipedia.org

6. Советско-финское война (Зимняя война) 1939-1940 годов кратко istoriarusi.ru

7. Советско-финляндская война (1939-1940) – Википедия. wiki2.org

8. 6 главных сражений советско-финской войны news.rambler.ru

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 наурыз
1145
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі