«А.Саттаров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Турсыналиева Молдир Жунисбековна
Мақала
21-ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыретілігі
Әр заман өз заманына сай ұстазды қалыптастырады . 21 ғасыр ұстазы , заманауи, жан-жақты құзыретті ұстаз дер едім. Ол - ақпараттың жаршысы, техниканың көзін меңгеруші, цифрлық сауатты және ең бастысы, жаңа мүмкіндіктер иесі. Бұл-мінсіз мұғалім бейнесі.
Кәсіби құзыретті ұстаз болу-ол өзіңді әрдайым дамытып отыру. Даму үстінде жүру арқылы ол бір деңгейден екінші деңгейге өсе алады, жаңашылдықтан қорықпай, алға қадам басып, ізденуге талпыныс жасайды. Міне , осы әрекет барысында мұғалім құзыреттілігін көрсете алады.
Әрбір бала ол құдды бір шамшырақ іспеттес. Әрбірінің бұл әлемнен өз орнын алып, мәңгі лаулап жануы үшін ұстаз оның шырағын жаға білуі тиіс. Ал ол мықты, кәсіби, тәжірибесі мол ұстаздың қолынан келер іс.
Білім беру жүйесі - қызығы мен шыжығы қатар жүретін сала.Технология дамып бір орында тұрмайтын заманда білім де жаңашылдықты , әр алуандылықты қажет етіп тұрады. Мұғалім де жаңа идея , жаңа жүйелерді меңгеріп, икемді тұлға болуы да міндетті. Себебі, әр ұстаз өзін болашақ үйдің іргетасын қалап жатқан құрылысшы іспетті. Күнделікті өмірімізде қолданатын заттарды сапасына қарап баға беретініміз секілді, кез келген нәрсенің де өзіндік сапасы болады. Не нашар, не жақсы? Ал керемет берілген білім сапасы оқушы жетістігінен айқын көрінеді.Сондықтан “болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін мен не істей аламын?” деп әрбір ұстаз өз-өзіне осы сұрақты қоюы тиіс деп ойлаймын.
Білім сапалы болуы ұстаздың білімі мен кәсібилігіне тікелей байланысты. Өз бойындағы бар білім мен тәрбиені осы заманға сай жеткізе білу үшін үлкен кәсіби құзыреттілікті меңгеру қажет. Осы орайда құзыреттіліктің үш бағыты: арнайы құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік, білім беру құзыреттілігін атап өткім келеді. Осы аталған құзыреттіліктің үш бағыты да мұғалімнің өзін дамытуына келіп тіреледі. Яғни, арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалау болса, әлеуметтік құзыреттілік —кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті, ал білім беру құзыреттілігі педагогикалық және психологиялық негіздерді меңгеру болып табылады. Осы үш құзыреттілікті меңгерген ұстаз ғана өзін қазіргі заман талабына сай педагогпын деп айта алады.
Қорытындылай келе, “Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деп аталарымыз айтып өткендей, мықты ұстаздың орны әрқашан төр болмақ! Ол сол төрге лайықты болу үшін, әрдайым ізденіс үстінде жүріп, өз-өзімізді жетілдіріп, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген кәсіби құзыретті маман болуға талпынайық!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "21-ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыретілігі"
Мақала "21-ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыретілігі"
«А.Саттаров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Турсыналиева Молдир Жунисбековна
Мақала
21-ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыретілігі
Әр заман өз заманына сай ұстазды қалыптастырады . 21 ғасыр ұстазы , заманауи, жан-жақты құзыретті ұстаз дер едім. Ол - ақпараттың жаршысы, техниканың көзін меңгеруші, цифрлық сауатты және ең бастысы, жаңа мүмкіндіктер иесі. Бұл-мінсіз мұғалім бейнесі.
Кәсіби құзыретті ұстаз болу-ол өзіңді әрдайым дамытып отыру. Даму үстінде жүру арқылы ол бір деңгейден екінші деңгейге өсе алады, жаңашылдықтан қорықпай, алға қадам басып, ізденуге талпыныс жасайды. Міне , осы әрекет барысында мұғалім құзыреттілігін көрсете алады.
Әрбір бала ол құдды бір шамшырақ іспеттес. Әрбірінің бұл әлемнен өз орнын алып, мәңгі лаулап жануы үшін ұстаз оның шырағын жаға білуі тиіс. Ал ол мықты, кәсіби, тәжірибесі мол ұстаздың қолынан келер іс.
Білім беру жүйесі - қызығы мен шыжығы қатар жүретін сала.Технология дамып бір орында тұрмайтын заманда білім де жаңашылдықты , әр алуандылықты қажет етіп тұрады. Мұғалім де жаңа идея , жаңа жүйелерді меңгеріп, икемді тұлға болуы да міндетті. Себебі, әр ұстаз өзін болашақ үйдің іргетасын қалап жатқан құрылысшы іспетті. Күнделікті өмірімізде қолданатын заттарды сапасына қарап баға беретініміз секілді, кез келген нәрсенің де өзіндік сапасы болады. Не нашар, не жақсы? Ал керемет берілген білім сапасы оқушы жетістігінен айқын көрінеді.Сондықтан “болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін мен не істей аламын?” деп әрбір ұстаз өз-өзіне осы сұрақты қоюы тиіс деп ойлаймын.
Білім сапалы болуы ұстаздың білімі мен кәсібилігіне тікелей байланысты. Өз бойындағы бар білім мен тәрбиені осы заманға сай жеткізе білу үшін үлкен кәсіби құзыреттілікті меңгеру қажет. Осы орайда құзыреттіліктің үш бағыты: арнайы құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік, білім беру құзыреттілігін атап өткім келеді. Осы аталған құзыреттіліктің үш бағыты да мұғалімнің өзін дамытуына келіп тіреледі. Яғни, арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалау болса, әлеуметтік құзыреттілік —кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті, ал білім беру құзыреттілігі педагогикалық және психологиялық негіздерді меңгеру болып табылады. Осы үш құзыреттілікті меңгерген ұстаз ғана өзін қазіргі заман талабына сай педагогпын деп айта алады.
Қорытындылай келе, “Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деп аталарымыз айтып өткендей, мықты ұстаздың орны әрқашан төр болмақ! Ол сол төрге лайықты болу үшін, әрдайым ізденіс үстінде жүріп, өз-өзімізді жетілдіріп, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген кәсіби құзыретті маман болуға талпынайық!
шағым қалдыра аласыз













