жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала : " Заманауи ұстаз туралы"
Заманауи мұғалім тұлғасы.
ЭССЕ
оРЫНДАҒАН : мАМБЕТОВ.д.ү.
Адамзат тарихындағы ең ежелгі мамандықтардың алғашқысы – ұстаздық екені даусыз.Себебі, қоғам атадан-балаға,анадан-қызға үйрету арқылы дамыды. Ғасырлыр бойы барлық адамзат өркениеттерінде адамгершілік,мәдениет,өнер , білім құндылықтары қалыптасты.Қазіргі уақытта осы құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген.Біле білсек ,осындай аса маңызды тарихи процестің үзілмегеніне,дұрыс жалғасуына себепкер – ұстаз.Осындай жауапкершілікті бар болмысымен қабылдап , сол үшін еңбек ету жоғарғы адамгершілік пен биік парасатты талап етеді.Яғни, Әл-Фараби бабамыз айтқандай мұғалім –«мәңгі нұрдың қызметшісі» болып қала береді.Дәп қазіргі пандемияның өршіп тұрған уақытында қай мемлекетте болмасын білікті ұстаздың орны ерекше екені мәлім болды.
Білікті ұстаздарсыз жалпы қоғамды , мемлекетті алға сүйрейтін , дамытатын жасампаз азаматтарды тәрбиелеу мүмкін емес.Ал, енді білікті , білімді , құзыретті мұғалім деп кімді айтуға болады?! Педагогикалық құзыреттілік туралы әр түрлі лебіздер айтылған . Ең алдымен, сөздің мағынасына үңілсек , әйгілі Ожегов С.И. өз сөздігінде «құзіреттілік – белгілі бір мәселені жан- жақты білу» -деп жазады. Р.Х.Шакуров , А.И.Щербаков , Н.Ф.Талызина секілді психолог , педагог -ғалымдардың тұжырымдауынша « құзыреттілік деп , маманда өз кәсібін жоғарғы деңгейде атқаратын іс-әрекет , білім , дағдылар , тәжірибе мен іскерліктің біртұтас қалыптасқан кешенінің болуын» атайды екен. Ал енді өзіміздің «Педагог мәртебесі» туралы заңымыздың 15 бабында педагогтың құзіреттілігі 12 тармаққа жік-жігімен бөлініп , тәптіштеп жазылып қойылған . Жоғарыдағының бәрін түйіндейтін болсақ , құзіретті мұғалімге жан-жақты білімді , кәсіби шеберлігін үнемі ұштап отыратын , денсаулығына ыждаһатпен қарайтын , педагогикалық және адами әдебі өте жоғары , қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды шебер меңгерген , ата-аналармен және оқушылармен тығыз жұмыс жасайтын, педагогикалық ұжымда үлкен беделі бар ұстазды жатқызсақ жаңылмайтын боламыз. Қазақтың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда , - «Ең әуелі мектепке керегі – білімді , педагогика , методикадан хабардар , оқыта білетін мұғалім . Екінші – оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді , һәм құралдар қандай болса , істеген іс сондай болмақшы» .
Адалдық – бұл айнымастық , шын берілгендік ұғымының баламасы. Демек , адал мұғалім деп өз ісін сүйетін , кәсібін еш жағдайда да тастамайтын ұстазды атауымызға болады.Кейде өз жеке басының шаруасын , өз отбасының мәселелерінен , өзіне жаутаңдап тұрған шәкірттерінің мүддесін олардың тәрбиесі мен білімін жоғары қоятын ұстаздарды айтамыз. Бұрынғы тарихты қозғамай-ақ осы еліміздің тәуелсіздігін алған 30 жыл көлемінде ел басында болған түрлі ауыртпалықтарды мойымай қара нардай көтеріп , оқу – тәрбие қызметін адал атқарған ұстаздарды атасақ жарасады.Өтпелі кезеңдегі балалардың мінез-құлқында кездесетін кейбір мәселелерді ата-анамен бірлесіп шеше алатын ұстаздарды айтамыз. Кезінде Ыбырай Алтынсарин бабамыздың « Шәкірттер кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын»-деген ұстанымына адал әріптестерді тілге тиек етсек дұрыс.
Біз « Мұғалім, оқушының екінші ата – анасы»-деген тұжырымды жиі кездестіреміз. Әрине , дұрыс. Себебі, ұстаз өз шәкірттерін кішкентайынан ер жеткенше , тарыдайынан таудай болғанша тәрбиелеп , мәпелеп өсіреді. Өз білімінің , тәрбиесінің жалғастырушысы ретінде , өз үмітін ақтайтын азамат ретінде жақсы көреді . Дегенмен, бес саусақтың бірдей болмайтынындай оқушылар да әртүрлі . Біреуінің әлеуметтік жағдайы төмен , бірінің алғырлығы басым , бірінің мінезі тұйық , енді бірі қызуқанды. Әділетті педагог шәкірттерінің осындай ерекшеліктеріне сай қарым-қатынас жасай отырып , олардың ұтымды қасиеттерін , қабілеттерін әрі қарай дамытады. Осыдан келіп білікті , заманауи ұстаздың да сұлбасы көрінеді.
Заманауи мұғалім деп жоғарыдағы айтылған тұжырымдарға сай болатын өте жоғары адамгершілік қасиеттер мен кәсіби шеберлікті қатар дамытқан ұстазды атаймыз. Сонымен қатар ,қазіргі замандағы балалардың даму ерекшеліктерін , өмірлік көзқарастарын дұрыс бағалай білу керек. Қазіргі ұрпақтың кішкентайынан жаңа технологияларға , түрлі гаджеттер мен компьютерлі к ойындарға құмар болатыны мәлім. Заманауи мұғалім олардың осы қызығушылығын тиімді пайдалана отырып , оларды маңызды білім , өзекті ақпараттарды табуға баулуы қажет. Мысалы , қазіргі кезде жас ұрпақ тұрмақ , жоғары буын өкілдерінің арасында да кітап оқитындарын күндіз шырақпен іздеп таппайсыз. Оның есесіне интернет желісінде неше түрлі тегін кітапханалардың барлығын , өзіңіз оқуға ерінсеңіз әдемі дауысты дикторлардың оқып беретіндігін, біреу білсе біреу білмес. Оқушыларға өзінің сөздік қорын , сөйлеу мәдениетін жақсарту үшін осындай сайттардың таптырмас құрал екенін алға тартуға болады. Яғни , бір сайттан шығарманы өзіңіз оқып отырып , келесі бір сайттан оқылуын тыңдайсыз . Бұл тәсілді қолдана отырып , оқушы өз қатесін сол мезетте дұрыстай алады. Сөздің оқылуын көзімен көріп , оқылуын құлағымен ести алады . Жаңа технологияларды , АТҚ қолдануды оқушыдан артық білу заманауи мұғалім үшін өте маңызды дағды. Осы қасиеті бар ұстаздың оқушылардың алдында дәрежесі бөлек болары сөзсіз.Болашақта білім саласында небір көз көріп, құлақ естімеген жаңа технологиялардың қосылатыны анық. Тіпті , қазіргі уақыттың өзінде VR көзілдіріктерін немесе виртуалды кабиналарды білім беру саласында пайдалану мүмкіндігі бар. Ұшқыштарды , жүргізушілерді дайындау барысында виртуалды кабинаның кеңінен қолданытаны мәлім.Міне , осындай кабиналар арқылы оқушыларға кез-келген пәнді беретін болса , балалардың біліміге деген ынтасы мен құмарлығы еселеп артар еді. Қазақ баласының не нәрсеге болса да , не жаңалық , не білім , не тіл үйрену болсын , елден ерек қағілез болатыны белгілі. Бұның тамыры қазақ халқының бойындағы атадан балаға беріліп келе жатқан тектілікте жатса керек. Егер басқалардың аз ғана бөлігі өздерін текті санап , шежіресімен мақтанса , біздегі тілі жаңа шыққан қара домалақтардың әрбірі шежіресін жеті атасына дейін жатқа айтады. Менің сөздеріме қазағымның «Жеті атасын білмеген жетесіз» , «Көріп алған көріктіден , көрмей алған текті артық» , «Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» , «түбіне қарай бұтағы , тегіне қарай ұрпағы» , « тегіне тартқан» , «тектінің тұяғы» т.с.с мақал-мәтелдері мен сөз тіркестері дәлел. Яғни , тектілік адам бойында кездейсоқ емес , атадан қалған діни , рухани факторлардың , әрі-беріден соң қанмен гендік түрде берілетін құбылыс. Әр қазағым жалғызым демекші,әр қазақтың бойында атадан мирас болған тектіліктің бары рас.Әр білікті, тәжірибелі , көзі қарақты ұстаз сол шоқтай маздаған тектілікті қозғап, жалындаған отқа айналдырса дейміз. Олай болу үшін ананың сүтімен , атаның қанымен берілетін қазақи тәрбиеге , іргелі халық педагогикасына сүйенген дұрыс.Қорыта айтқанда , тектілік деп адам бойындағы күллі адамшылық пен парасаттың , білім мен дарындылықтың жиынтығын атасақ дұрыс.
Осы көзқарастар мен тұжырымдарға иек арта отырып , мен әрбір шәкіртіме оның қазақ деген текті ұлттың перзенті екендігіне , сондықтан да адамгершіліктің , білімділік пен біліктіліктің озық үлгілеріне бой түзеулерін сұраймын.Сонымен қатар оқушыларыма Отанға , ата-анаға , тілге , дінге , ділге , халқына адал болуды үйретемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген