жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала " Өзін-өзі тану -өмірді тану"
№47 ЖББМ Өзін – өзі тану мұғалімі
« Өзін – өзі тану - өмірді тану»
Жалпы тағдырына риза болмайтын адам көп, неге?! дейсізбе, ол өзін тани алмағандықтан. Мысалы, Сократтың мына нақыл сөзі: "Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек." деп айтқан, ия өмірде өзінің орнын емес өзін таппай жүрген адам көп-ақ. Көп жағдайда, сыртқы ортадан жылылық іздейміз, қолдау күтеміз, әйтеуір бір пайданы ішкі сезімнен емес, сырттағы сізге пайдасы жоқ қоғамнан іздейміз. Сол үшін де, өзімізді дамытуды ұмытып кетеміз. Жалпы адамзат баласы кем деген де айына өзіне есеп бергені дұрыс, жалпы қалай өмір сүріп жатырмын мақсатым қандай, ол орындалып жатырма деген сияқты іштегі жан дүниенің сұрақтарына жауап іздеу керек деп ойлаймын. Өзгені танымас бұрын, өзіңді тануың керек, өзіңнің болмысыңды, өзіңнің кемшілігіңді, артықшылығыңды,жалпы тұлға ретінде өзіңді сыйлауды ішкі түйсіктен бастап өзгертіп отыруың керек.
Көп жағдайда біз әрекеттің орнына армандаудығана білеміз, әлемді, жер шарын түгел аралағымыз келіп, қиялмен қайда болса сонда қалықтап келеміз, мүмкін әрине бұл да жақсы шығар, бірақ, "тілекке еңбек тірек болмаса, ойдан омалып қырдан аса алмайсың" деген тағы бар, әр нарсені жасамас бұрын бір нарсені ұмытпаған жөн, бұл әрине - ішкі жан дүниең. Кейбір нәрселерге көңіліңіз толмай, бір түрлі өзіңізді жәйсіз сезінсеңіз, ішкі әлеміңізге құлақ түріңіз, ол міндетті түрде сізге не керек екенін айқындап беретіні рас.
Өзін – өзі тану пәнінің негізін қалаған Сара Алпықызы Назарбаева «Өзін-өзі тану рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» деп өз тұжырымдамасын берді.
«Өзін – өзі тану» деп аталатын бұл ғажап сөздің атыннан ақ көрініп тұрғандай, бұл пәннің түпкі ой, мақсат, мұраты ақындалып, туы нық тігіліп, биік шыңда тұрғаны мәлім. «Өзін – өзі тану» өзіңді тану ғана емес, бүкіл өмірдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды, әлемдегі өмірді тануға үйрететін пән. Адам өзін тани алмай, өзгеі танып оның қандай екенін айта алмайды. Ең алдамен әрбір адамның бірінші мақсатты – өзін өзі тану болмақ.
Өзін – өзі танудың мақсаты – өмірді мәнді, жарқын, мейірімді ету. Өзіңді тану, ішкі жан дүниеңнің әлеміне бойлау өте қиын. Бірақ өз әлеміңді тану әр адам үшін пайдалы, әрі қызықтырақ. Алдына мақсат- мұрат қоя білген адам өз – өзіне: Мен кіммін? Мен қандай жанмын? Менің ішкі жан дүнием қандай? Деген сұрақтарды қоя білуі керек. Адам өмірінің талабының өзі де сол өзін-өзі тану құндылықтарын меңгеру болып табылады.
Өзіңді танып мақсатына жеткен адам өзінің қадірін білетін, өзін жақсы көретін, өзін құрметтейтін, өмірде өз орнын таба білетін, рухани ішкі жан дүниесі мықты дамыған әр кезде, әр қиыл қиындықтар кезінде дұрыс әрекетке бағыттап шешім қабылдай білген, іс- әрекеті шынайы, адамдарға қолынан келгенше көмек беріп, олармен мейірімді болу, сүйіспеншілік қасиет көрсетіп, қиянат жасамай адмгершіліктің ең биік тұғырына шыға білген биік жеке тұлға болып саналады.
М. Гандидің «Қандай ұрыс керіс, жанжал, қарсылық болмасын барлығын сүйіспеншілікпен жеңіңдер» деген сөзінің өзінде адам қай уақытта болмасын сүйіспеншілік ұғымының мәнін түсіне білуі керек. Сүйіспеншілік өзін-өзі тану пәніндегі ең мықты құндылықтардың біріне жатады. Сүйіспеншілік ол – жақсы көру. Адамның сүйіспеншілігі ең алдымен өзінің елін, Отанын, туған жерін, табиғатын, жан- жануарын, өзінің туған халқын, отбасын, достарын жақсы көрумен бейнелейді. Әр нәрсеге сүйспеншілік таныту, түсінушілік таныту адам бойында міндетті түрде қалыптасуы керек қасиет.
Адам болмысының өзі бір- бірімен адамгершілік қарым- қатынаста болуы үшін жаратылғанғой...бірақ қазіргі қызығы қайнап жатқан мына сандық заманда менің ойымша адамдарға бір-біріне деген сүйіспеншілігі, адамгершілігі жоғалып бара жатқандай көрініп тұрады. Сандық заман дамып келе жатқанда адамдар руханилықты естен шығармас үшін, дәл осы уақытта өзін-өзі тану пәнінінің түпкі мақсаты адамдар үшін өте пайдалы болмақ.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын тәртібінде тұрған маңызды мәселенің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік» екендігін үнемі қолдап айтып отырады.
Қазіргі уақытта еліміз дамуы үшін жастарымызды, болашақ өсіп келе жатқан ұрпағымызды рухани адамгершілік құндылықтарға, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өмірдің мәнін, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне әрбір жан жауапты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп мекемелері мен отбасы болып табылады. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Қазіргі ата-ана тәрбиесінде , мектеп тәрбиесінде, ұстаз тәрбиесінде үнемі айтылып отырылуы тиіс. Сонда ғана берген тәрбиеміздің жемісін көре алатынымызға сенімдімін.
Қазіргі дамыған уақытта осы өзін - өзі тану мамандығы өте қажет мамандықтардың бірі деп санаймын. Сабақта балалар өз ойларын ортаға салады, талқылайды. Қазіргі жастар ойын ашық айта алады. Неше түрлі өмірге керек мәнді тақырыптар берілген, осы тақырыптар арқылы оқушы өзін- өзі тануға, дамытуға, жаман ойлардан ойларын өзгертуге, ізгілік жолында жүруге тырысады. Жастарымыз, өскелең ұрпағымыз осы пән арқылы өз елінің қалаулы азаматы болуға мақсат қояды. Бұл пәнде ата-бабаларымыздың, атақты ғұлама – ғалымдарымыздың, жазушы, би, шешендердің, қанатты сөздерден тұратын рухани мұралары бар. Осы пәндегі мақсатты түсінген жан, оны күнделікті өмірде пайдалануға болады
Тәрбиелі адам – өзін қоғамда , көпшілік оратда өзін жақсы ұстайды. Орыс жазушысы Л.М.Леонов: «Барлық жеңіс өзіңді-өзің жеңуден басталады» - деп жазған. Жоғары адамгершілік сапасы бар, өзін – өзі таныған, ар намсын таптамайын жан өзін- өзі жеңуге әрдайым талпынып, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады.
Атақты физик И. Стульпинененің «Құрметті ұстаздар! Өз ісімізге сүйіспеншілік көзімен қарап, оны өз шәкіртімізге жүрек тілімен ұсынайық» деген сөзінен – ақ қазіргі замандағы әрбір ұстаздың, өзін – өзі тану мұғалімінің мойнында тұрған үлкен жүктің бірі. Мұғалым алдында тұрған білім алушыны өзіндей жақсы көріп, оған бар мейірімін арнап, көңілін аударса ол оқушының мейірімді, жан- жағына көмектесе жүретін, жан-жағына тек жақсылық әкеліп жүретін жанның болуыны үлкен кепілдік бар. Оқушыға жүрекпен адамның жананын түсіне білуге, мейірімді жүзіңмен өз мақсатыңды түсіндіре білгенде, ол оқушының бойныда жүректің ішкі тыныштығы орын алатыны сөзссіз. Ал ондай жанның алға қойған мақсатты да өзгеріп, өмірде тек дұрыс әрекеттер жасап, адамдарға қиянат жасамауға талпынып, тек жақсы жолмен жүретіне сенемін.
Өмірге қызыға
қарайсың,
Бәрін де бақытты
санайсың.
Бұл пәнді үйренсең
ерінбей,
Бойыңнан керемет байқайсың, - деген өлең
жолдарымен аяқтап, өзі – өзімізді танып, мақсатымызға жетіп, өмірде
биік шыңға жетуге талпынайық деп бүкіл адамзат баласына үндеу
жолдаймын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген