Материалдар / Мақала: Абай өлеңдеріндегі қоғам шындығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала: Абай өлеңдеріндегі қоғам шындығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай қазақтың ұлы ақыны, халық жанашыры. Өзінің шығармалары арқылы қоғамды суреттей білді. Бұл мақалада Абай өлеңдеріндегі қоғам шындығы туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2021
773
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Данат Жанатаев,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті,

философия ғылымының кандидаты

Мөлдір Төлеубай,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты



Абай өлеңдеріндегі қоғам шындығы

Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.

Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.

«Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Кұр күлемін жымыңдап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы оқырманның дәл көз алдына келмей ме? Осы секілді саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде Абай болыс-билердің адам шошығандай қылығын, қүлқын ғана суреттеп тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады. Қараңғылыққа, надандыққа жаны күйген Абай дүйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні - ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын... Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей...» Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп. Соның бәріне желі боп тартылып жатқан неғізгі идея - қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімғе, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу; замандастарын еркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді: «Моласындай бақсының - Жалғыз қалдым - тап шыным!..» Бұл ащы шындықта айрықша мағына бар. «Күз» деген өлеңіне ілесе жалғасып, тақырып жағынан ұласа ұштасып жататын «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең, сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді біртұсы. Әуелі қысқа ғана табиғат суреттерін ернектеп, одан шаруа-жайға көшіп, іле мүнан туған қоғамдық қарым-қатынасты суреттейді де, одан алған өзінің ақындық әсерін, азаматтық пікірін қорытады.

«Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ ұзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып».

Бұл - Абай заманындағы типтік көрініс: түндей қараңғы, қапас тұрмыста қоңыр іңірдей күңгірт мұңы, арман-сыры бар кедей үйінің жабырқау өмірі. Таңның атысы, күннің батысы аяғы сайға тимей, ұйқысыз да күлкісіз, бай малының соңында сабылып өзі жүрсе, азынаған қырық қүрау қараша үйде ең болмаса жылынар отыны да жоқ, құныса бұрісіп, жыртық шекпенін жама пәйелі отыр. Бұл-бір көрініс: кедейдің қоңыр лашығындағы күй-жай. Осыған салыстыра ақын бай үйінің бір қалпын көзге елестете: «Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі...», — дейді де, әлгісіне қайта оралып: «Қай жерінде кедейдіңтұрсын күйі? Қара қцдан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы» - деп, тағы да өз ортасындағы тапшы тұрмыс жайын айтып, теңсіздік сырын баяндайды. «Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқанайналасы...» Уайым жоқ, қайғы жоқ, тамақ тоқ, көйлек көк, бұлаңдап өскен бай баласы... Бұл - бір көрініс. Жә, енді кедей баласы, әлгі жыртық лашықтағы жарлы-жақыбай ата-ананың жалғыз Ұлы не күйде? «Бай ұлына жалшы Ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы». Жалшыдан туған күнәсіз сәби бала дажалшы. Байға әке-шешесі қызмет етсе, бай баласына бұл да тәуелді халде... Бәрінен бүрын, дәл осы шындықты, дәлірек айтқанда, теңсіздікті Абайдың тура тауып, тануы керегендік қана емес, кемеңгерлік болатын. Оның үстіне, өзі танып қана тынбай, өмірді өнерге көшіріп, өзгеге танытуы - өзінен бұрын көп адамның қолынан келе бермеген шыншылдық.

Абай өзі суреттеп отырған өмір шындығынан көрінген кедейдің ауыр тұрмысына оқырманның аяныш сезімін туғызып, өзі де іштей сол жағында болады. Тілегі ауып, мейірімі тұсіп тұрады. Бірақ қайткенде кедейдің халі жақсарып, жеке басына теңдік тиеді? Осы жолда жөн таппай көп түйткілдейді. «Байда мейір, жалшыда бейілдежоқ, Андыстырған екеуін, құдайым-ай!..»- деп, не істеудің бабын таба алмай, тіпті ыза да болады. Ақыр аяғында белгілі бір жөн жолға тұсе алмай, бұлыға-бұлыға келіп, бай мен жарлыны алдына қатар келтіріп алады да: «Алса да аяншақтау кедей сорлы, Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны. Жас бала, кемпір-шалынтентіретпей, Бір қыс сақта, тас болма, сен де о құрлы» - деп, тамаша саяси лирикасының аяғын жай ғана салқын қалпымен, оларды өзара ымыраластыру ниетінде бітіреді.

Абай өз заманындағы әлеуметтік өмірдің ең бір көзек күттірмес күрделі, түйінді мәселелеріне жауап іздеп, өзін қоршаған қүбылыстарды, жалпы ел тұрмысын терең зерттеп, өзіңдік ой таразысына сала талдап, өз пікірін айтпақ болды. Бұл ретте орыс революци- яшыл-демократтарының идеялары және орыстың классик. әдебиетінің сыншыл реалистік бағыты Абайдың әлеуметтік көз қарастарындағы ағартушы-де- мократтық бағыгын қалыптастыруға, философиялық көзқарасындағы кейбір материалистік белгілерді жинақ- тауға үлкен себепші болды. Осының нәтижесінде Абай, сөзжоқ, қазақелініңәлеуметтік өміріндегі алуан түрлі қайшылықтарды көрді. Халық басына тұскен зауалды - екі жақты қанауды әшкереледі. Бірақ халықтың осы ауыр тұрмыстан қалай құтылу.турмедей қапас өмірді қалай өзгерту жолын көрсете ал- мады. Міне, осыған байланысты Абай байға да, кедейге де жай ғана ақыл, басу айтып, ымыраға мегзеумен тынады. Абайдың дүниетанымындағы жұртқа мәлім тарихи шектелудің бір көрінісі осы болыптабылады. Бірақ Абай халықты қараңғылықтан, қапас өмірден қалай қүтқару жолын таппаса да, қоғамдық құрылыстың қалайша өзгеретіндігін аңғараалмасада, елдіңертеңінесенді. Оғанөзінің: «Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шелмек...»,- деген түйінді сөзі дәлел.

Ақыңдығының алғашқы көзеңінде, Абайдың орыс классиктерімен етене жақын емес көзінде жазған махаббат тақырыбындағы өлендері - теңеу, тіл жағынан да, махаббат-достық мәселесін сөзініп, үғыну жағынанда қазақ ауыз әдебиетінің бұрынғы көне үлгісіңде жазылған шығармалар. «Айттым сәлем, калам қас...»«Қиыстырып мақтайсыз...»«Қактаған ақ күмістей кең мандайлы...» т. б. өлеңдерінің қайсысын алып қарасақ та, осы жайды аңғарамыз.

«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа үқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура тұскен қырлы мұрын,
Ақша жүз ал қызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды...»

Осында не бар? Мұңда Абайдың ақындық шеберлігімен біздің көз алдымызға, өз сөзімен айтқанда, «қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» бір сұлу пайда болады. Бар сән-салтанатымен, мінсіз көркімен көзалдымыздатұр. Бірақ бары сол ғана. Мұның өзі түрлі-тұсті бояумен келістіріп салған жансыз сурет сияқты: үнсіз, тілсіз... Сұлу бір жалтетіп көрінді де, көлеңкедей қатып тұрып қалды... Қысқасы, ақынның бұл айшығы толық қанды адам образына айнала қоймаған. Адамның ішкі сыры мен сезіміне терең бойламай, сырт бедерін ғана қызықтап, статикалық портретпен тынған. Бұған қарап, әрине, өлеңнің поэзиялық қуатына нүқсан келтіруге болмайды. Ұлы ақынның бұл шығармасы да өз дәуірінің өлең сөздерінен озық, алда, биікте тұр. Біз жоғарыдағы сынды осыдан кейінірек туған тамаша сырлы лирикасын көріп, білгендіктен ғана айта аламыз. Бұл өлендеріңдегі бізге сырттай ғана таныс сұлуды кейінгі өлендеріңдегі бізге бар сыр-сынымен түгел танылып, мәлім болған адам образдарымен салыстырамыз. Сонда ғана әлгідей болып шығады. Осы айтылғандардың Абай шығармаларынан біздің көзімізге түсуі заңды, себебі бұл өлеңді жазған көздегі Абайдың образды ойлау машығының өзі осы сипатта, эстетикалық таным-талғамының өзі осы дәрежеде болатын.

Ал оның А.С.Пушкинмен М.Ю.Лермонтовты оқып-үйренген, үлгі алған тұстағы қалам сілтеуі әлгіден әлдеқайда өзге: «Қызарып, сұрланып, Лүпілдеп жүрегі. Өзгеден үрланып, Өзді-өзі керегі...»-

Мұнда адамның сырт құбылысының өзінен-ақ сөзім толқындары тулап керініп түр. Бұл арада ақын да бағанағыдай ауыз әдебиетінің үлгісінде жалаңсылдырата бермей, адам жанының нәзік иірімдеріне тереңірек барып, өзгеше бір суреткерлік мәдениет танытады. Бұл тұста Абай ұлы ақындардан үлгі, ернек алып, соны өзінше қүбылтып, өзгеше жағдайда жұмсап және өз оқушысына ұғымды, қонымды етіп бере білді. Ендігі қыз да, жігітте алғашқыдай құрсыртқы портрет, жалаң сурет емес, кәдімгі адам. Оларға енді ақын жан бітірген. Оларда енді қимыл, әрекет бар, сөйлейді, сыр шертеді. Енді біз олардың сыртын керіп қана құр таңырқамаймыз, ішкі психолиялық жайларын бірге аңғарамыз. Осылардың бәрі Абайдың ақын ретінде есу-ербуі болса, лириканың бұл саласында аңғарылатын Абайдың махаббат мәселесіне эстетикалық көзқарасы қандай? Абай, әрине, эстетикалық трактат жазып,теориялық қисын калыптастырған адам емес. Оның сұлулыққа көзқарасы да өлеңдерінен көрініп, белгі беріп отырады. Абай да сұлулықты қиялдан емес, өмірден іздеді. Ескі сағат-сана, әдет-ғүрыпқа, әртүрлі алдамшы ұғымға байланысты қиялдағы «періштеден», «хор қызы- нан» сұлулық тапқан жоқ. «Әзірет Әлі айдаһарсыз» сөз айтып, «алтын иек, сары ала қызды» қоя түрып:

«Жарқ етпес қара көңлім не қылса да,
Аспаңда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде, сірә, сеңдей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза болып жар ісіне,

Қорлық пен мазағына табынса да»

- деп, кәдімгі адамға тән шынайы асыл, аяулы қасиетті шыншыл жырға айналдырады.

Махаббат жырларының ішіндегі Абайдың Ұлылығын, асқан талантын танытқан Пушкиннен аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері. Мұнда Абай жай аудармашы емес. Алдымен, өлеңмен жазылған ұзақ романның өз ақындық мұратына керек жерін ғана тандап алады. Пушкин - Абайдың үлгілі ұстазы. Бірақ, оның «Тәңірі қосқан жар едің сен...», «Таңғажайып бұл қалай хат...»,«Амал жоқ қайттым білдірмей...»,«Хупбілемін, сізге жақпас...» сияқты роман ұзінділерін аударған уақытта тек Пушкиннің ғана ықпалында, мәнер-машығында, өлең шеңберінде қалып, буынын санап отырмайды. И. А. Крыловты не М. Ю. Лермонтовты аударуындағы кейбір дәлшілдік әдетті мұнда қолданбайды. Әдейі қолданбайды. Өзінше жырлап, Пушкин арнасынан шығып кетіп отырады. Тақырыпты Пушкинмен қатарласа, жарыса баяндайды. Соның нәтижесінде Абай бұл аудармасын өз өлеңдерінің нұсқасындай, өз оқырмандарының тұсінігіне лайықтап шығарған. Осы арқылы қазақ қыздарына Пушкиннің Татьянасын үлгі етіп ұсынып, тoзығы жеткен феодал қоғамдағы әйелді әлсіз, кем тұтар кеселді көзқарасқа біржола үкім айтып, ескіліктің торын бұзып, орнын талқаңдайды. Екінші жағынан, қазақ жігіттеріне «әйел де өзіңдей тең праволы досың» деген өсиетін айтып, Онегиннің тағдырын Пушкинше қалдырмай, оны ажал аузына апарып, оқырманды содан сақтандырады.

Мінезіне, қылығына қарағанда жаза-кесімі, бар үкімі осы деп, Онегинді мысқылмен мінеп, түйреп тоқтаған Пушкиннен белек барып, оның қолына өзін-өзі ату үшін пистолет үсынады: «Атам, анам, қара жер Сен аша бер қойныңды, Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды...» Татьянаның «Амал жоқ қайттым білдірмей» деп басталатын оның жан сыры, ішкі толқыны түп нұсқадағы биік дәрежесінен ешбір кемімей, қазақ оқыр- манына тұңғиық терең сыр болып шертіліп, түгел жеткен:

«Шыныңды айт, кімсің тербеткен,
Иембісің сақтаушы?
Әлде азғырып әуре еткен,
Жаумысың теуіп, таптаушы?
Шеш көңлімнің жұмбағын,
Әлде бәрі - алданыс.
Жас жұрек жайып саусағын,

Талпынған шығар айға алыс...»

Осыны аудару үстінде ақынның өзі де самғап, биік шығандап, поэзия шыңына шыққан. Асқақтап, серпіле көтерілген. Қазақ әдебиетіндегі өзіне дейінгі өлең сөздерден мүлде қара үзіп, ілгері кеткен. Бүкіл дүниежүзілік әдебиеттің үлгілі өрнегі - классик, поэзияның сан дыбысты, сырлы, сиқырлы симфониясына өз үнін қосып, өзгеден ерекше өзіне тән ғажайып сұлу үнін қосып, майда қоңыр саз тапқан. Кемеліне келе есейген. «Жас жұрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс...» Саусақ адам бапасында ғана бар. Жүректе саусақ бола ма? Жүрек саусақ жайып, алыс кектегі айға қалай талпынар? Ол көздегі қазақ ұғымында осы бар ма еді? Байырғы қазақ поэзиясына осылай шығандау тән бе еді? Бірақ: «Жас жұрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс...» Осыны тұсінбеуге, ұқпауға бола ма? Жоқ. Данышпан ақынның отты, әсерлі лирикасы бұл терең сырға оқырманын тебіренте тұсіндіреді: мың құбылған нәзік сезім ырғағы, жүрек дүрсілі, жан толқыны. Өлендегі сөз мүлде соны, жап-жаңа, тың. Бірақ тосын деп жатырқау былай тұрсын, алған әсер, ұққан сырды бір сәтке баса алмай, қызыға, қызғана оқисың. Кінәсіз таза жанды жас сұлудың мың құбылған нәзік сезім ырғағын, жүрек лүпілін, жан толқынын терең ұғасың.

Міне, Абайдың ақындық шеберлігін жетілдіруде Пушкиннің ұстаздық үлгісі осындай. Бүдан былай Абайдың осы тақырыптағы өлеңдерінің бейнесі бұрынғыларына мүлде үқсамайды... Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат «адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ... Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлеңген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бүрын табиғат көрінісін мүншалық шебер, мүншалық терең Һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың бұл тақырыпта жазған лирикасында да ақындық эволюциясы - шығармашылық түлеу жолының көзең-көзеңдері жатыр. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі кұй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абай - асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заманжайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын керініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық тұсіп сұлапжатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз маңдаланың жалаңкеріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайта- ланбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.

«Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Үзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтыдцап,
Ат, айғырлар, биөлер
Бүйірі шығып, ыңқыддап,
Суда түрып шыбыңцап,

Қүйрығымен шылпыдцап...»

Бұл - әшейін дала суреті емес, даладағы дарқан өмір, өзгеше тіршілік. Жалаң табиғаттың бірыңғай өзін ғана қызықтап, «анау арада гүл жайқалады, сонау арада жапырақтар сыбырласады, мынау жерде өзен сықылықтап күледі» деп сыдыртып ете шықса, табиғатты адам өмірінен жеке-дара бөліп әкетіп, сырттай боямаласа, одан сырлы сурет, терең поэзия тумас еді. Ал Абай лирикасында жанды дүние - адамды да, адамдардың іс-әрекет, қимыл-қарекет бесігі - табиғатты да тұтас қаусырған бұтін бір әдемі әлем - құбыла құлпырған көркемдік атмосфера жасалады. «Ақ киімді, денелі, ақсакалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды...» Осы әшейін қыс көрінісі ғана ма? Аумаған адам сияқты мінезі мен мүсіні бар, дем алатын, қозғалатын, жабырқайтын, жадырайтын жанды нәрсе емес пе? Қыс бұл жерде «ақ киімді, денелі, ақ сақалды», баяғы бір «кәрі құда», шал. Қытымыр қатал қүлқы бар қушұнақ, тентек шал. Шаруаның соры - жұтын ала келетін кеселді «құда». Мал-жанға құрық үйіре келген қағынған қарт. Қысты бұлай адам бейнесінде суреттеу - қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын атымен болған емес. Бұл жердеде мәдениетті поэзияның өкілі Абай өзінің өзгеше өлең ерімін, жаңаша үлгі-өрнегін төгіп отыр. 19 ғ-дағы орыс әдебиетінде, арғысы Пушкин, бергісі Н. А. Некрасов, шын жүйрік лириктер табиғатқа осылайша жан бітіріп, тұтас бір тіршілік әлемін жасайтын. Абайдікі осыған құр еліктеу емес, классикалық поэзиядан игерген үлгі-өнегесін ақындық түрде өзінше өрнектеп, өзінің ұлт топырағында қайтадан өсіріп, өз дәні етіп беріп отыр. Адам бейнесіндегі қатал қыс қазақ оқушысының үғымына лайық образға айналып отыр. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мөзгілін суреттейтін өлеңдер - күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сылқым, сырлыжырлар. Бұлардың композициялық қүрылысындада өзіндік өзгешелік бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр тұсті ақындық бояу арқылы оқырманның көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған гүл бәйшешекті, «көк орай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солған сарғыш даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда... Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді. «Жазда» күркіреп жатқан өзеннің көкорай-шалғын жағасына көшіп барып қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып үй тіккен қыз-келіншектер, өзен жағасында шыбындап, бөгелектеп тұрған құлын-тайлы көп жылқы... одан әрі сол ауыл шындығы өрістеп кете беретін болса, «Қыста» шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да долы боранға «бет қарауға шыдамай сырт айналып», тағы да мал соңында қаржамылып, мұз жастанған жылқышылар, суық тиіп, титығы қүрыған тай-құнандарға ауыз салуға аран ашып, жанталасып айдалада соқақ-қоқақ жортып жүрген аш қасқырлар т. б. көз алдымызға келеді.

Мұның бәрі көшпелі қазақ аулының сол көздегі тұрмыс-тіршілігі. Мүнан кейін келіп Абай дәл сол ортадағы қоғамдық қарым-қатынастан белгі береді. Енді табиғат лирикасы биігірек сатыға көтеріліп, саяси сипат алады да, алуан түрлі әлеуметтік мәселөлерді қозғайды. Абайдың тамаша реалистігі, сонымен қатар қоғамдық өмірге азаматтық көзқарасы дәл осы арада айқындала ашылып қалады. Абайдың асқан сырлы лирикасының бірі - «Қан сонарда бүркітші шыгады аңға...». Мұнда сонар күні бүркітпен аңға шыққан аңшының іс-әрекеті әдемі, тартымды суреттеледі. Аңшылық турасында бұған жеткен өлең де, мұңдай шебер суреттеген ақын да болған емес. Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері - аудармалар. Бірақ Абай аудармасының өзіндік өзгешеліктері бар. Оның көпшілік аудармалары сол өлеңнің түп нұсқасымен жолма-жол қабысып, бірдей шығып отырмайды. Автордың айтайын деген ойын, негізгі желісін алады да, соны өзінше толғап, анаумен жарыса жырлап кетеді. Қайсы бір өлеңнің басы бірдей басталады да, аяғы өзінше бітеді. Абайдыңеңді бір аудармалары бар: ол аудармалардың тұсында әлгі айтқанымыздай немесе «Евгений Онегин» романының үзіңцілерін аударғаңдағыдай еркін кетушілік машьғын қолданбайды. Түпнұсқа мүмкіңдігінше сақталады. Олардың көпшілігі Лермонтовтан аударылған.

«Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап,
Даланы жым-жырт, делсал қып,
Түн басады сапбырап.
Шаң шығармас жол-дағы
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы
Сабыр қылсаң азырақ».

Бұл өлеңде тек табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл-күйі бар, философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларында жаңа, терең, күшті үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз, жаңа сөз тапты.

«Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса,
Күнді уақыт қызартып,
Көк жиектен асырса,
Күңгірт кеңлім сырласар,
Сұрғылт тартқан бейуаққа.
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа...»

Осы үзіндідегі табиғатты дәл осы түрде сөзіну Абайдан бүрын қазақта болған үлгі ме? Жоқ. Стихия мен адам көңілінің шарпысуын бұлайша суреттеу - тек Батыс Еуропа әдебиетіндегі романтизм үлгісі. Ұлы ақынның сол классикалық әдебиеттен тауып, бойына сіңірген зор мәдениетінің айғағы. Асылы, лирикалық шығарма ақынның көңіл күйіне құрылады дегенбіз: ақын онда өзін, өз сөзімі менсырын жырға айналдырады, өзі туралы сөйлейді. Ап ақын өзі туралы, өзінің жеке «мені» туралы айтса, ол - жалпы көпшілік туралы - бүкіл адам баласы туралы айтқаны: өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән қасиеттің бәрі де бар. Демек «кеңіл кұйі» дегенді жеңіл-желпі түсінбеуіміз керек: бұл - өмірдің көз келген жағдайынан туа беретін құбылыс. Идеясыз жалпы әдеби шығарма болмайтыны секілді, лирикадағы ақынның көңіл кұйі оның өмірге көзқарасымен сабақтас. Бұларға да көз келген сөзім кіре алады. Абайдың өз көңіл күйінен туған өлеңдерінде көз келген адамның басында болатын психологиялық хал-жай,көңілдің әр алуан толқын күйі, әр адамға тән күйініш-сүйініш әр қилы қыры-сырымен түтас, шебер, тартымды, дәл суреттеледі.

«Көкала бұлт сегіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп, күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Басауырып, ішжанар».

Бұл адамға тән құбылыс, адам басында болатын хал. Абай бұл саладағы лирикасында сол өзі өмір сүрген дәуірде өзімен бірге тіршілік еткен, ғұмыр кешкен қарапайым адамдардың жан жүрегіне сұлулық пен сүйіспеншіліктің, жігер мен үміттің ыстық қанын қүйып, олардың сана-сезімін сұлу лирикасымен желпи оятып, риясыз, ашықсырласады. Бұл ретте ақын замандастарын еткен өмірдің тұманды тозаңына тұншықтырмай алға, келер күндерге нұсқайды, оларды өз тереңдеріне үңіле білуге, сейтіп адам бойыңдағы асылдықты бағалауға, келешекке сеніммен қарауға мегзейді. Бірақ, Абайдың бұл салада жазылған лирикалық өлеңдерінің дені Лермонтов жырларына ұқсап, қам кеңілмен, жүдеу қабақпен жырланады. Ақын басында болған жабығу, күңгірт көңіл, одан туған мұңды сыр, жүрек шерін шерте шыққан жалғыздық сарындағы жыр - оның жеке басына ғана тән нәрсе емес. Абай өмір сүрген беймәзгіл тұстың, талантқа егей ортаның әрбір ойлы азаматының басындағы хал-күй деп білу керек.

«Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әрнені.
Бір себепсіз қайғы қүр,
Баса ме екен бендені?
Қапамын мен, қапамын,
Қуаныш жоқ көңлімде.
Қайғырамын, жатамын,

Нені іздеймін өмірде?..»

Немесе:

«Жүрегім менің - қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау,

Қайтқаннан соң әр неден?..»

Бұл - Абай көңіл күйінің бұған дейін бізғе мәлім емес бір түкпірі. «Мыңмен жалғыз алысқан» Абай жүрегі енді қапалы. Жұлысты, тартысты, ел үстін бұлттай торлаған надандық қасіретін, әділетсіздік лаңын бір өзі серпіп сейілте алмады (бұл мүмкін де еместі). Енді ақын амалсыз тоқтап, не істерін білмей дағдарған тәрізді. Осы жайт ақын өлеңіне жабырқау, мұңды көлеңкесін түсіріп, қапалы көңіл селт етпей, сұлық, суық қана, өзімен-өзі тілдесетін сияқты.

Өзінің Абай туралы зерттеулерінде М. Әуезов 19 ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Абай басында ауыр қасірет болғанын, оның өзі ақын өлеңдері не өмірден түңілу сарынын әкелгенін айтқан. Өзін қоршаған орта, ондағы озбыр, өрескел надан мінездер ақын жанын жирендіріп, ақынды өз ортасынан түңілуге дейін апарады. Абай алдымен ел билеген жемқор болыс-билерден, сонан соң «сәлдесі дағарадай болып, қүранды төріс оқыған» аңқау елдің арамза молдасынан, одан әрі әкім-ұлықтардан түңіледі. Енді оларға қарсы күрестің бір алуан қүралы етіп ащы тілді сықақ өлендерін алады. Дәл осы арадан Абайдың ақындыққа, ақындық қана емес, жалпы көркем-өнерге эстетикалық көзқарасы айқын көрінеді.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сөзімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...» -

деген жолдарда ақынның эстетикалық мұраты, азаматтық мақсаты жатыр. Демек, ақын басынан еткен әлгідей аянышты ауыр халдің өзі де тегіннен-тегін етпепті. Ақын енді қайралған, шыңдалған секілді. Ендігі машық басқа сияқты. Ақын сөзі ыза мен ашуға суарылып, мысқыл мен сықаққа толып, тиген жерін тіліп тұсер семсерге айналған тәрізді. Мұны ақынның өзі де аңғарғандай: «Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл, Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің біл...» - деп алады да, өз ортасындағы ұйқы-тұйқы, күйкі қылықтарға күйіне қарап, сол күйініштен туған ызалы жырын тағы да ел мұңын емдеуге тегеді. Абай сатирасының қоғамдық мәнінің байыбына барсақ түсінеміз.

«Қара басқан, қаңғыған,
Қас надан нені үға алсын!
Көкірегінде оты бар,

Қүлағын ойлы е

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!