400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: «Әдебиетті оқытудағы жаңаша бағыт: шығармашылық оқу және функционалдық сауаттылықты дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада бастауыш білім беру жүйесінде оқушылардың әдеби және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әдебиетті оқытудағы жаңаша бағыт: шығармашылық оқу және функционалдық сауаттылықты дамыту»

Сагинова Гулшат Сагилашовна бастауыш сынып мұғалімі


Бұл мақалада бастауыш білім беру жүйесінде оқушылардың әдеби және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған «Әдебиеттегі таңғажайыптар: шығармашылық оқу және функционалдық сауаттылық» атты авторлық бағдарламаның мазмұны мен маңыздылығы қарастырылады. Бағдарлама оқушылардың көркем мәтінді түсіну, әдеби талдау жасау, шығармашылықпен жұмыс істеу және функционалдық дағдыларын дамытуда кешенді қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, әдеби шығармалар арқылы оқушы бойында құндылықтық бағдарларды қалыптастыру мақсат етіледі.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі — оқушының шығармашылық ойлауын, оқу және функционалдық сауаттылығын дамыту. Әсіресе, бастауыш білім беру сатысында бұл міндет ерекше маңызға ие. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың әдебиет сабағындағы оқу әрекетіне жаңаша көзқарас қалыптасуда. Осы орайда ұсынылып отырған «Әдебиеттегі таңғажайыптар: шығармашылық оқу және функционалдық сауаттылық» бағдарламасы оқушылардың көркем шығарманы оқу барысында белсенділік танытуына, әдеби талдау жасауына, өз ойын еркін және көркем жеткізуіне жағдай жасайды.

Бағдарлама 4-сынып оқушыларына арналып құрастырылған және жалпы 34 сағаттық оқу жүктемесін қамтиды. Оның құрылымы 5 бөлімнен тұрады:

1. Оқу әлеміне саяхат.

Бұл бөлімде оқушылар көркем мәтіннің құрылымымен, авторлық идеямен, кейіпкер бейнесімен танысады. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері қаланады, мәтіннің композициялық элементтері мен басты ойы анықталады. Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын оятып, әдеби сауаттылығын арттыруға бағытталған.

2. Әдеби кейіпкерлер әлемі.

Бөлімнің басты мақсаты – оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Әдеби кейіпкерлердің мінез-құлқын, әрекетін, сөйлеу мәнерін сараптау арқылы оқушылар тұлғалық дамуға қадам жасайды. Кейіпкерлердің әрекетін бағалау, ішкі әлемін ашу, сүйікті кейіпкер бейнесін суреттеу секілді тапсырмалар орындалады.

3. Шығармашылық оқу мен жазу.

Бұл бөлім шығармашылық әрекетке басымдық береді. Оқушылар эссе, кейіпкер күнделігі, сахналық қойылымдар арқылы өз ойын көркем тілмен жеткізуді үйренеді. Әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған бұл бөлімде оқушылар жазушы мен сахна әртібінің рөлінде болады.

4. Функционалдық оқу дағдылары.

Функционалдық оқу бөлімінде оқушылар ақпаратпен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін меңгереді: кесте, сызба, диаграмма, карта құру арқылы мәтін мазмұнын құрылымдайды. Бұл дағдылар оқушылардың алған білімін өмірде тиімді қолдануына мүмкіндік береді.

5. Әдебиеттегі таңғажайыптар.

Жобалау және қорытынды бөлімінде оқушылар өздік жобаларын құрып, ертегі жазып, оны көркемдеп, сынып алдында қорғайды. Әдебиеттегі таңғажайып кейіпкерлер әлемін зерттеп, өз шығармашылық қабілеттерін толық ашады. Бөлім әдеби кешпен аяқталады.

Қорытындылай келе, «Әдебиеттегі таңғажайыптар» бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін белсенді етуге, әдеби мәтінді терең түсінуге, шығармашылық және функционалдық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың тұлғалық, танымдық, сөйлеу және жазу қабілеттерінің қалыптасуына зор үлес қосады. Бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдері мен педагогикалық үдерісті жаңғыртуға мүдделі мамандар үшін тиімді әдістемелік құрал бола алады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
163
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі