жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала: Ағылшын тілі сабағында ойналынатын ойын түрлері
Ағылшын тілі сабағында ойналынатын ойын түрлері
Сабақтағы ойынның орны, оған бөлінетін уақыт мөлшері оқушылардың білімінің деңгейімен, оқу материалының жеңіл не қиындығымен, сабақтың мақсаты мен мүмкіндігімен т.т байланысты. Мысалы, егер ойын жаңа материалды алғашқы бекіту кезінде жүргізілсе, онда ойынға уақыт көбірек бөлінеді, ал кейінірек сол ойын өткен материалды қайталату ретінде ұйымдастырылса 3-5 минут жеткілікті.
Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі үрдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаныда қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетінің орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Дидактикалық ойындар-балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың барысында –өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында-тақырып бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын , пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағының баланың қабілет қарымына , психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркесін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру;
Қәзіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Инновациялық оқу-оқудын түсіндірмелі –иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге ауыса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.
Қазіргі таңда ағылшын тілі бүкіл дүниежүзілік тілге айналып отыр.
Қазақты бүкіл ғаламға танытып, әлемдік деңгегйге шығарамын деген әрбір азамат ағылшын тілін еркін меңгергені жөн. Ал тіл үйрену мәселесіне келгенде ұстаздар қауымының біліктілігімен біліміне сүйенетініміз айғақ.
Қазіргі кезеңде бұрынғы дәртүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы. Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысындада, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын,білімге құштарлығынояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек. Балаларымыздыңағылшын тілін білуі-уақыт талабы. Шет тілі-қазіргі кезде заман талабына сай барлық мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі ойын технологиясы. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында өзгеге өз бетінше жеткізу қабілетімен дағдысын, екеуара қарым-қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алады.
Күнделікті бір сарында, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмаймыз, керісінше жалықтырып аламыз. Сондықтанда ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін ойын технологиясын қолдану керек. Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым-қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойын- оқушылардың негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады. Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «Happy song», «bingo» т.с.с әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп, қызығушылықтары оянады. Бір жағынан , тілдері жаттығады, екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.
Ағылшын тілі сабағында ойнатылатын ойындардың сан алуан түрлері бар.
Олар :
Фонетикалық ойындар
Әріптерге байланысты ойындар
Оқу ережесіне, жаттығуларға байланысты ойындар
Грамматикалық ойындар
Сан есімге байланысты ойындар
Дидактикалық ойындар
Сын есімге байланысты ойындар.
стол үсті ойындары
қозғалыс ойындары
іскерлік ойындар
интеллектуалдық ойындар
І. Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Мысалы: «Алфавит ойыны». Бірінші оқушы: «Apple...» деп, «А» әрпінен басталатын сөзді айтады , келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, «В» әрпінен басталатын сөз айтады (ex : box) т.с.с
ІІІ. Қозғалыс ойындары .
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар .
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
- әр-түрлі ойындарды ойнаған шығармашылдыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін
тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.
Оқушылардың фонетиканы және грамматиканы толық түсініп, ары қарай жалғастырып, оқып қызығуы үшін оларға өтілген әрбір жаңа сабақ ойын сабағы болып өткен жөн. Оқушылар ағылшын пәнін ойын сабағы ретінде тез қабылдайды, мұның өзі мұғаліммен оқушыларды пәнге қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруі қажет. Мұндай қызықты шаралардың қатарына: логикалық сұрақтар, тақырыпқа, жаттығуларға байланысты жаңылтпаштар, ребустар, мақал-мәтелдер, табиғат, туған ауыл туралы әңгімелеу қажет. мектеп оқушылары бірыңғай көп жазудан, оқудан, сабақ айтудан жалығады. Сондықтан сабақ барысында ойын элементтерін жиі қолдану өте тиімді. Осы орайда баланың сөзді көбірек үйренуіне ықпал ететін мына ойынды қолдану өте тиімді. Бірінші оқушы ағылшын тілінде бір сөзді атауы керек, ал екінші оқушы сол сөздің соңғы әріпінен басталатын сөзді айту керек. Осылайша ойын жалғаса береді. Бұл ойын баланың тез ойлау қабілетін дамытуға, сөз жаттауға ұмтылысын арттырады. Баланың ойын еркін айтуға, топпен жұмыс істеуге үйретуге, ойлау қабілетін дамытуға, белсенділігін арттыруға топтық ойындардың ықпалы мол. Бірақ жасөспірімдердің сезімталдығы өте жоғары болады. Ойын барысында «үшінді дүниежүзілік соғыс» болып кетуі мүмкін.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамысту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әртүрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау барысында грамматикалық ойындарды қолдану тиімді.
Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалану керек. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процесстері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әртүрлі қимылдарды орындауға үйретеді.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін озық технология ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген