400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: Алаш рухының айбынын асырған аңыз тұлға-Шер-аға!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссе Шерхан Мұртазаға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаш рухының айбынын асырған аңыз тұлға-Шер-аға!

Шерхан Мұртаза! Әдебиет пен журналистикаға небір таланттар келіп қосылды. Бірақ олардың арасында Шерхан жұлдызы еш көмескіленбей қайта бұрынғыдан да жарқырап әр жүрекке нұр құя түсті. Бір кезде «айналасы жұп-жұмыр тегіс келген» әңгімелерден бастаған жазушы қазақ әдебиетіне көп томдық роман әкелген санаулы қаламгердің биігіне көтерілді.Қызметін баспаның редакторлығынан бастап, ұзақ жылдар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы, Парламент депутаты болып, қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүрді. Коммунист, редактор Шерхан партия шақыруына үн қосып жазды деген шығармаларының өзінде ой жібі шатаспаған, өткінші саясаттың жетегінде кетпеген. Тіпті, заманының қаһарманын жасаймын деп жасандылыққа бармаған. Оның өндіріс және тың тақырыбына жазылған әңгіме-повестерінің бүгінге дейін көркемдік-идеялық құндылығын жоймауының басты себебі-кеңестік өмірді,оның қаһармандарын орынсыз идеализацияламауында. Жалпы жас Шерханның да,тарлан Шерханның да көлемді ,күрделі шығармаларында алтын арқау болып отыратын үш желі бар. Оның біріншісі-туған жер табиғаты, екіншісі-ата-баба рухы, үшіншісі-шығарманың негізгі сюжеті, яғни, кейіпкердің басынан өтіп жатқан оқиғалар тізбегі. Шерханның суреткерлік шеберлігінің ерекшелігі де осы үш желінің бір кейіпкердің бір сәтінде-ақ көрініс беруінде. Ол белгілі бір оқиғаны суреттегенде соның айналасындағы жаратылыс құбылыстарын қалт жібермей, табиғатын да, жануар-жәндігін де, сол адамның жай-күйін де қоса қабат қамтиды. Оның «Табылған теңіздегі оралы да,» «Белгісіз солдаттың баласындағы Исатайы да,» «Бұлтсыз найзағайындағы Нариманы да, тау мен даладағы ұлы еңбекті туған жердің ризығын оны жайнату ата-баба арманы деп ұғынып,солардың аруағына әр істі бастар алдында сыйынып отырады. Нағыз шындық осы, қаулы құдіретті емес,тәңірі құдіретті. Мыңдаған жылдық бай тарихы, тәрбиесі, ділі, діні бар елдің ұлы осылай болса керек. Коммунист жазушының көргендігі, шындыққа адалдығы, ұлтжандылығы осында - жас кезінен-ақ, құрыштай берік ұлттың дүниетанымында жатыр. Шерхан Мұртазаның «Мылтықсыз майдан»атты повесі бар. 1968 жылы жазылған. Сырт қарағанда Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиласын еске түсіреді». Әсіресе орыс тілді қауым,одан әрі батыс қызыға қабылдап, қошеметті сөздерін көп айтты. «Жәмиладағы» автор шешімі олардың жанына жақын еді. Шерхан Мұртаза қазақ қоғамы құрылымының ең негізгі сатысы, бастапқы ұясы-отбасы беріктігін, ер-азамат рухының биік болуын жырлайды. Екеуі де шындық, бірақ бір күректің екі басы, екі түрлі дүниетаным, бірақ ғасырлар бойы үйлесімін таппай келе жатқан бір бүтіннің екі жартысы. Шерханның ерте жазылған шығармаларының өзінде үнемі ата-баба аруағының ілесіп жүретіні аға шығармасының ерекшелігі.

Қорыта келе, «Алаш рухының айбынын асырған аңыз тұлға – Шер-ағаның» әрбір әрекеті, өмір жолы, атқарған қызметі, қалдырған туындылары кейінгі ұрпақ, яғни, біздер үшін таптырмас үлгі. Мен осындай ел қамын, ел болашағын ойлаған ұлы тұлғаның қазақ маңдайына біткеніне қуанамын. Табандылығынан таймаған арыстай тұлғаларымызды әрқашан ардақтай білсек екен.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.02.2023
227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі