400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Мақала "Ана деген"

Материал туралы қысқаша түсінік
Анаға авторлық арнауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана деген

Ана деген аппақ нұрлы шапағат,

Ана деген мөлдір-мөлдір махаббат.

Бойында күш дарыған керемет жан

Ана деген құдіретті ғаламат.


Ана деген кәусары ғой бұлақтың

Өмірдегі шамын жақтың шырақтың.

Ана деген сарқылмайтын қазына

Байлығы ғой мына мендей пырақтың.


Ана деген даналардың данасы,

Бақытты ғой әр ананың баласы.

Ана деген өмірінің зор мәні

Мен үшін даралардың дарасы.


Ана деген қымбаттырақ салтымнан,

Кымбаттырақ күмістен де алтыннан.

Ана деген бітпес шексіз байлығым

Ана барда кең далада шалқығам.


Ана деген әдемірек гүлден де,

Нұры да көп алып сары күннен де.

Ана деген әдемірек жұлдыздан

Әдемірек бал-бұл жайнап күлгенде.


Ана деген ақылдырақ ғалымнан,

Сені ойлап мұң көңілге салынам.

Ана деген көңілге сәуле оятар

Сағына берем, сағынан сені, сағынам.


Ана деген жарығырақ жұлдыздан,

Қызық екен, қызыл-қара құңдыздан.

Ана деген мен сүрініп жатқанда,

Қолын беріп, аяғымнан тұрғызған.


Ана деген мейрімді жан өмірде,

Қаяу салмай жүреді ғой көңілге.

Ана деген болар кейде қап-қатты

Қаттылығы жатыр қара көмірде.


Ана деген аппақ-аппақ шағала,

Ананды шын көңілмен бағала.

Ана деген мына менің қамқоршым

Дүниеде меннен артығын таба ма?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі