400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Анадан артық дос бар ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анадан артық дос бар ма?


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, өскелең ұрпақ - біздің ертеңіміз болғандықтан, оларға мектепте тек білім беріп қана қоймай, осындай іс-шараларды көптеп ұйымдастыру елімізде саналы, жан-жақты балаларды тәрбиелеуде өз септігін тигізері сөзсіз.

Соған орай,қараша айында Құрық ауылы,№ 6 орта мектебінде 1 «А» сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен, сынып жетекшісі Капарова Жанар Төреқызының ұйымдастыруымен балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету және ата-аналардың мектеппен байланысын күшейтіп, жауапкершілігін насихаттау мақсатында «Саған сенемін...» атты отбасылық сайысы болып өтті.

Байқау 1«А» сыныбының оқушылары мен аналары арасында ұйымдастырылды. Отбасылық байқау бағдарламасы 5 кезеңнен құрылды. Кезеңдер «Менің анам- әлемдегі ең керемет жан», «Өнерлі отбасы », «Егер де...» , «Отбасы хроникасы» және «Сән үлгісі» сайыстарынан тұрады. Осындай тәлімді шараға қатысқан отбасылар өздерінің жан-жақты екенін көрсете білді. Байқау барысында қатысушы отбасылар бағдарламаның барлық кезеңдеріне жақсы дайындықтарын көрсетіп, өздерінің өнерлі, сөзге шешен, жан-жақты шеберліктерін танытты.

Тартысты өткен жанұялар жарысының нәтижесінде барлық кезеңге шығармашылығымен көзге түскен 1 «А» сынып оқушысы Қыдырша Айкөркем мен оның анасы Кушбаева Айдана «Шығармашыл отбасы», ал байқауда «Жақсылық пен жамандық» атты көрініс қойып, көпшілікке терең ой салған Абуталуб Инабат пен анасы Ебосинова Ақтоты «Өнерлі отбасы» номинациясына ие болды. Сонымен қатар, жағдаятты талдап, сахналау кезінде ақыл –өнегесімен, тәлімімен, тапқырлығымен көзге түскен Есенбай Қадір мен анасы Бекенова Анаргүл «Ақылды отбасы» атанса, сән үлгісі кезінде ерекше образымен көзге түсіп, ана мен баланың арасындағы мейірімділік пен махаббатты көрсете білген Исламғали Айзере мен анасы Ермаханова Гүлнар «Мейірімді отбасы» номинацияларына ие болды.

Байқауға қатысушы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Берішбаева Жанар Татайқызы «Кез келген сабақты, тәрбие сағатын немесе сыныптас тыс шараларды тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты»екендігін атап көрсетіп, ұйымдастырушы бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санатты ұстаз - Жанар Төреқызына алғысын білдірді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі