мақала "Ақпараттық мәдениет" 10-11 сыныптарға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала "Ақпараттық мәдениет" 10-11 сыныптарға

Материал туралы қысқаша түсінік
жоғарғы сыныптарға беретін мұғалімдерге арналған. Ақпараттық мәдениет туралы мәлімет бар. Активті және пассивті ақпарат , қазіргі заманның актуальды проблемасы талғамдық мәдениет және интернет туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақпараттық мәдениет


Қазіргі заман талабына сай адамдарлың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық –коммуникациялық технолгиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері –жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

«Ақпараттық мәдениет « деген не? Иә, бүгінгі күні ақпараттық қоғамға көшу процесінде ақпараттың құдылығы өзгеріп, уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің, яғни ақпарттық мәдениеттің тууына себепші болып отыр.

 

 Ақпараттың біраз бөлігі техникалық жинақтауыштарға жазылған және оларды компьютер арқылы алуға болады. Ал ақпарттың басым бөлігі баспа түрінде кітапханаларда және архивтерде сақталады. Компьютерлік сауаттылық адамның ақпарттық қоғамдағы іс-әрекеттеріне жеткіліксіз. Ақпарттық сауаттылық пен мәдениеттіліктің маңызды компоненті компьютерлікпен қатар кітапханалық болып табылады.  Осы орайда кітапханамен жұмыс істей алудың маңызы зор. 

    Кітапхана туралы: Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі –осы ақпарат, бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетеді  екен. Бұл ақпараттың пассивті  түрде пайдаланатын бөлігінің  артуына байланысты    болып отыр. Интернеттің кең тарауына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады. Ондай ақпараттардың сапасы көбініесе өте төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәлімет көбейіп барады, ең қауыптісі осы залалды ақпараттырдың шексіз таралуы бірте-бірте артып барады.

Қазіргі кезеңде біздін еліміз бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікке белсенді түрде кірді деп айтуға болады. Оның ертеңі қалай болмақ? Біз қандай ақпаратқа кіреміз, не аламыз? Алғашқы жасалған қадамдар жоғарыда айтылған кері әсерлердің де жеткілікті екенін көрсетіп жатыр.

Осындай мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды, ол үшін бізде «талғамдық мәдениеті» қалыптасуы керек, яғни ақпараттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның  моральдық  деңгейін биіктететін «Ақпараттық мәдениет»  қалыптастыратын тәрбие беруіміз керек

 

Біздің заманымыздың талабына сай ақпарат алудың активті және пассивті түрі пайда болды. Міне, кітапхана туралы  айтып отырған  мәлімет, жоғарыда айтылған мұражай, театр т.б жерлерге бару бәрі ақпарат алудың активті түрі.  Енді ақпарт алудың пассивті түріне тоқталайық. Ол не деп ойлайсыңдар?

Сендердің ойларыңды қорыта келе ақпарттық мәдениет –компьютерлік технологияны пайдалану деген шешімге келдік. Ал енді алдарыңыздағы қағазға активті және пассивті ақпарттың жақсы және жаман жақтарын түсіріңдер.

 

ХХІ ғасыр –ақпараттану ғасыры дейміз. Бүгінде интернеттен ақпарат алу жылдам жолға қойылған.  Интернеттің көмегімен оқыту бағдарламаларына қатыса аламыз, дистанттық білім алу жүйесіне енуге болады. әсіресе өнер саласында зерттеуге қолайлы, мысалы мұражайлардың әртүрлі сайттарын пайдалану.Эрмитаждың залдарын туристермен қысылмай—ақ үйде отырып аралауға болады немесе Вашингтондағы Ақ үйге  барып, президенттің жанұясымен танысуға болады және т.с.с.

Дегенменде Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқандығы байқалады. Ондай ақпарттың сапасы өте төмен болып келеді, тіпті жалған әрі зиянды мәлімет көбейіп барады.Ең қауіптісі осы залалды ақпарат күннен күнге артып бара жатыр. Бұл кез келген мәліметті қажет болмаса да қабылдай беретін жандарға кері әсер бертін  «ақпарттар қоқысы» көбейіп барады.

Олай болса төмендегі сауалдар бойынша пікірімізді ортаға салайық:

Интернеттегі «ақпараттар қоқысы» туралы не айтасыңдар?

Компьютердің денсаулыққа әсері және компьютерлік ойындардың зияны қандай?

«Хакердің» пайда болуы неліктен?

Қазіргі кезде «компьютерлік вирустар» қаншалықты зиян әкелуде?

 

Осы мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол үшін бізге талғамдық мәдениетті қалыптастыру керек. Яғни ақпарттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық деңгейін бейнелейтін «Ақпарттық мәдениет қалыптастыратын тәрбие алуымыз керек және адамда келесі білім, меңгеру тәсілдерін қалыптастыру керек.

 

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі –осы ақпарат, бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетеді  екен. Бұл ақпараттың пассивті  түрде пайдаланатын бөлігінің  артуына байланысты    болып отыр. Интернеттің кең тарауына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады. Ондай ақпараттардың сапасы көбініесе өте төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәлімет көбейіп барады, ең қауыптісі осы залалды ақпараттырдың шексіз таралуы бірте-бірте артып барады.

Қазіргі кезеңде біздін еліміз бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікке белсенді түрде кірді деп айтуға болады. Оның ертеңі қалай болмақ? Біз қандай ақпаратқа кіреміз, не аламыз? Алғашқы жасалған қадамдар жоғарыда айтылған кері әсерлердің де жеткілікті екенін көрсетіп жатыр.

Осындай мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды, ол үшін бізде «талғамдық мәдениеті» қалыптасуы керек, яғни ақпараттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның  моральдық  деңгейін биіктететін «Ақпараттық мәдениет»  қалыптастыратын тәрбие беруіміз керек.

 

«Ақпараттық  мәдениет» дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін- анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. «Ақпараттық мәдениет»-бұл әңгімелесе білу теледидар хабарын   ( Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегініен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің «еркіндігіне» әсер ететін жағдайларда, өз «еркіндігіңді» шектей білу.

Өздерің талқыға салғандай жағымды, жағымсыз мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол үшін бізде “талғамдық мәдениеті” қалыптасуы керек.
Яғни информациялық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық деңгейін биіктететін “”Ақпараттық мәдениетті” бойымызға қалыптастыруымыз керек



Есимбаева Куляш Бейсеновна,

Алматы облысы; Еңбекшіқазақ ауданы,

Нұра ауылы,О.Жандосов атындағы

орта мектеп-интернат КММ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2017
768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі