400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Бала тәрбиесінене кім жауапты?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала оқушылардың ата-аналары мен ұстаздарға қажет. Бала тәрбиесіндегі олқылықтар қандай? Ең алдымен кімнен бала тәрбие алып жүр...Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үйінде де, басқа жерде де үлгі болуға тиіс. Мектептен, ұстаздан да кететін қателіктер де болады .Міне осындай ойландыратын маңызды мәселелер қарастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рисунок 3

Кадина Алтын Зекеновна

Бастауыш сынып мұғалімі

№ 65 ЖББ ОМ КММ

Қарағанды қаласы.




Бала тәрбиесінене кім жауапты?

Бала тәрбиесіне алаңдаймын. Ойланайықшы неден қателесіп жатырмыз... Қандай тәрбие беріп жүрміз... Ең алдымен кімнен бала тәрбие алып жүр...

Мен мектепте отыз екі жыл балалар арасында жұмыс істеп жүрген де дәл бүгінгідей бала тәрбиесіне қатты алаңдаулы болған емеспін.

Ешкімді ренжітіп алмайтындай, бірақ ащы болса да шындықты айтуға тырысайын. Бұл мәселелер барлақ отбасына қатысты емес, 70/80 пайызына. Бұл алаңдатырлық әрине.

Ең алдымен кімнен бала тәрбие алып жүр...

  1. Өз ата-анасынан

  2. Ұялы телефоннан

  3. Мектептен, ұстаздан

  4. Қоршаған ортадан

Осы мәселелерге жеке тоқталар болсақ.

1.Ата-ананың басты қателігі неде ?

Бастауыш сынып арасында жиі кездесетін, қарапайым күнделікті көріп жүргеніміз.

  • Бір сынып ата-аналарының бір-бірімен тіл табыса алмайтындығы, баланың көзінше керілдесіп, өз балаларын жақтауы.

  • Сөйлеу мәдениетін сақтамай , басқаны жазғырып, балағаттауы.

  • Баланың көзінше өсек айту немесе мақтану.

  • Ұстазды , мектеп басшыларын сыйлауға үйреткеннің орнына жамандап, талқылап өздігінен ой түйіндеуі.

  • Баласының қабілетінен жоғары талап қойып, оны басқа баламен салыстырып, жекіп ұрсып немесе жазалауы.

  • Керсінше баласын өз қабілетінен жоғары бағалап артық мақтап, оған ұстазының да «5»не «4» қойуын талап етулері.

  • Мектепте қандай білім алдың ? - деп сұраудың орнына , кім тиісті ?

Мұғалім ұрысты ма ? Анау не істеді, мынау не істеді? Көрсетемін оларға...

Айта берсе осындай жайсыз жағдайлар өте көп.


Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үйінде де, басқа жерде де үлгі болуға тиіс. Татулық , өзара сенім, құрмет, сыпайы, әдепті мінез- құлық көрсетіңіз. Балаға айта бергенннен гөрі соны өз ата-анасынан , қоршаған ортадан көргені өте дұрыс.

2.Ұялы телефоннан ...

  • Балалар нешетүрліні тауып алуға өте шебер.

  • Ұялы телефон баланың ең жақынына айналып барады

  • Балаға дос та, бауыр да, туыс та, ата-ана да қажет емес, тек сотка керек болуы ғажап емес. Тіпті тамақ пен ұйқыны да азайтады.

Ұялы телефоннан қандай тәрбие алып жүргенін қатты қадағалау қажет.

3.Мектептен, ұстаздан да кететін қателіктер де болады .

Әрине бұл кейбір жекелеген ұстаздардан байқалуы мүмкін.

  • Жалпы мектеп ішіндегі тәртіптің қатаң қадағалануы маңызды.

  • Ұстаз балаға екінші анасындай жауапкершілігін сезінуі қажет.

  • ( жұмысымды істеп ақшамды алсам болды демеңіз)

  • Балаға бір-бірінің көзінше намысына тиетін сөз айтпаңыз.

  • Оның ата-анасы туралы тек жақсы сөз айтыңыз

  • Әр баланың бір жақсылығын тауып алып айтып отыруға тырысыңыз.(өзін жақсы көретініңізді сездіріңіз)

  • Қандай тапсырма болса да шама -шарқына қарай орындай алатынына сендіріңіз.

  • Ата-анасының салғырттығынан болған кемшіліктер үшін баланы жазаламаңыз.

  • Баланы шектен тыс еркін жіберуге де қарсымын. Ұстаздың алдындағы шәкірттік міндетін білетіндей болуы керек.

  • Ұстаз - балаға жанашыр, дос, ана, дана, пана, ақылшы ең сенімді адамына айналуы керек

4.Қоршаған ортасы , достары кім екеніне басты назар аударған дұрыс.

Бала үйде бір басқа, тыста мүлдем басқаша болуы әбден мүмкін.


Ата –аналар .

Арыздану, шағымдану дегендер қазір көпшілік ата-аналардың басты жұмысы болып тұр.(Барлығына топырақ шашып , кіналаудан аулақпын.) Өте мәдениетті ата-аналарымыз да баршылық.

Шағымданудың да өз ережесі болу керек. Бірден айқай шу шығырып даурықпаңыз. Мектеп басшысының алдына келмес бурын шешуге де болады.

Басшының басты міндеттерден қолы тие бермеуі мүмкін. Бұл жағдай да бала тәрбиесіне үлкен әсерін тигізері сөзсіз.


Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі