Материалдар / Мақала "Балаларды мектепке даярлау"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала "Балаларды мектепке даярлау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала мектепке дейінгі білім беру ұйымында жұмыс істейтін ұстаздарға керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
462
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Балаларды мектепке дайындау Мектепке дейінгі ұйымдарда болшақ ұрпақтың дүниетанымын кеңейту жеке тұлға ртінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасау керек. Баланы жеке дайындығын қадағалап бағыт бағдар беріп отыру керек. Бала ақ қағаз сияқты, оған не үйретсең соны істеп қайталайды. Балалалық шақтан дұрыс бағдар берсе солай қалыптасады. Жон Лок айтқандай: «балаға еркін тәрбие беру керек» -, деген. Еркін түрде тәрбие берсе бала қандай ұжымда болсын араласып кете алады. Қатты да ұстау керек, бірақ баланы басқалармен араласуға, сөйлесуге ерік беру керек. Сонда ғана бала ұйымшыл, бола алады. Өз құрбы құрастарымен еркін араласа алады, өз ойын ортаға салады. Мектепке даярлық тобында баланы балабақшада психологиялық жағынан дайындау керек. Өйткені бала жаңа ортаға барғанда балада «дағдарыс» пайда болады. Жаңа ортаға бейімделу үшін балаға көп кақыт керек. Ол үшін мектеп мұғалімі мен балабақша тәрбиешісінің арнайы ұйымдастырылған кездесулер керек. Педагогтар келешек өзінің оқушысының балабақшадағы білімі мен тәрбиесін, жеке дара қасиеттерін көріп білу керек. Психикалық ауытқуыда болуы мүмкін. Сол үшін ауытқуы бар балалармен қандай жұмыстар жүргізетінін тәжірибе жүзінде көреді. Тәрбиешілердің балабақшадағы балалармен сан алуан жұмыстар жүргізетіндерін көріп қадағалау керек. Балабақшада тәрбиеші балалармен қандай жұмыстар жүргізетінін көріп, мектепте соны ұштастыра білу керек. Жаңа келген балалармен ұмыс жасағанда, балабақшада қандай жұмыстар істейтіндерін қайталап, біртіндеп мектепке педагогы баланы үйрету керек. Баланың мектепке үйренуіне мұғалім басты ықпал жсайды. Шебер педагог баланы мектепке үйреткенде, жан – жақты өзін жетілдіріп, баланың сол мектепке ережелеріне үйренуіне ықпал жасайды. Ал, тәрбиешілер мектепке даярлық тобымен жұмыс істегенгенде, мектеппен сабақтас орнату керек. Мектептің ережелерін балаларға түісіндіріп, мектепке барғанда не істейтіндерін, оқу сабақтарын тереңдетіп оқитындарын, ойнай алмайтындарын, бір орында қырық бес минут отыруларын айтып, алдын – ала баланы мектепке әзірлейді. Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп оқушылары арасындағы байланыс формалары олар: мектеп эскурциясы, мектеп музейіне, кітапханаға, шеберханаға бару, оқу сабақтарын, ертеңгіліктерді, музықалық –әдеби кештерді бірлесіп өткізу арқылы сабақтастық орнату. Қорта келгенде, екі сатыдағы негізгі мақсат, міндеттер нақтыланып, білім мазмұнын айқындайтын ұстанымдар анықталып, баланың мектепалды даярлығы мен бірінші сыныптың оқу жылы аяғындағы оқу мазмұнына сипаттама жасау арқылы балабақша мен бастауыш сыныптағы білім мазмұнының сабақтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата – аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының біріңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата – аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай –ақ баланың физиологиялық – психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша ата – аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау. Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата – ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы арнайы және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай – ақ бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалды. Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндылығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу миханизімін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым –қатынас жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсат ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.























































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!