Балаларға
қамқорлық.
Биылғы оқу жылы да басталды.
Жылда жыл басында «Мектепке жол» акциясы басталатын еді , тамыз
айында. Бірақ қазіргі таңда «Мектепке жол» акциясы жыл бойына
өтетін болғандықтан , биыл осы акция аясында «Балаларға қамқорлық»
акциясы шілде -тамыз айларында өткізілді. Осыған орай , жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы
төмен , аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына демеушілік көмек
көрсетіп, жаңа оқу жылына дайындау, балалардың мектепке баруына
мүмкіншілік тудыру мақсатында біріңғай мектеп формасы, оқуға
қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету жалпыға міндетті білім
беру қоры , демеушілерді тарта отырып акция өткізуді тапсырады
.
Міне осындай игі істен Еңбек
ауылында орналасқан №33 бастауыш мектеп ұжымы да шет қалмады. Акция
бастала салысымен ауыл азаматтарына айтылып , дүкендер мен мектеп
маңына халыққа үндеу жарияланды және де округтегі көптеген
кәсіпкерлрге сұраныс жазылды. Балаларға көмек қолын созған
алғашқылардың бірі олар атап айтсақ, мектебіміздің ұстаздары
бірауыздан өздері ақшалай қаржы жинап бірнеше оқушыларға оқу
құралдарын табыс етті. Бұған қоса ауыл азаматтары Солтанбеков Дарын
, Асанов Орал мырза бастаған абыройлы азаматтарымыз да
оқушыларымызға жаңа оқу жылына, жаңа киім әперуге қаржылай көмек
қолдарын созды. Тағы бір жүрегі жайсаң жан, ауылымыздағы кәсіпкер ,
ауылымыздың тұрғыны Нурмолдаев Жасулан демеушілік жасады. Демеуші
тарапынан мектебіміздегі екі жартылай жетім оқушыларымызға спорттық
киім мен мектеп сөмкелерін, мектеп оқу құралдарымен қоса алып
берді.
Жазылған сұраныс негізінде
жомарттық танытып, балаларға әрқашанда қуаныш сыйлауға дайын
адамдар да табылды. Атап айтсақ, Жетіген ауылдық округінде
орналасқан «Салтанат» азық түлік дүкенінің иесі Түлепова Бибігүл
ханым өз мейірімділігін төге , жазылған сұранысқа қарсы емес екенін
жазып , көмек қолын созды. Бұл жолы көпбалалы отбасынан шыққан
оқушыға көмек көрсетілді. Дүкен иесі Бибігүл ханым алтын уақытын
қиып , өзі бастап киім сататын дүкенге алып барып киіндірді. Өз
таңдауымен оқушыға мектепке киетін ақ жейде, юбка , колготки,
мектеп сөмкесі және аяқ -киім сатып
алынды.
Сұраныс негізінде жомарттық
танытып , оқушыларымызға қуаныш силаған Жетіген ауылындағы кәсіпкер
азамат пен азаматшалар да болды. Ол кісілерге жеке тоқтала кетер
болсақ: «Ауыл мен әлем әйелдері» қоғамдық бірлестігінің басшысы
Арсымазы Патима ханым оқушыларымызға мектеп сөмкесі мен оқу
құралдарын алып берді. «Планета одежды» киім дүкенінің иесі Шаринов
Фейруз мырза да оқушымызды қуантып мектеп формасын алуға көмек
қолын созды. Сұранысымыздан бас тартпаған «Viktoria-Farm» дәріхана
басшысы Оксана Александровна ханымға да алғысымыз шексіз.
Оқушыларымызды қалауы бойынша спорттық киімдермен киіндіріп ,
жүздеріне шуақ ұялатты. ИП «Бахтияр» құрлыс дүкенінің басшысы
Баданов Бахтияр мырзаға да ризашылығымызды білдіремін, бір
барғаннан келісімін беріп , оқушыларымыздың киінуіне жағдай жасады
. «Амин» азық түлік дүкенінің иесі Алиева Асли ханымға да
ризашылығымызды білдіреміз. Оқушыларымызға күлкі силап , жазып
апарған сұранысымыздан бас тартпай мектеп формасын алып бергені
үшін. Тағы бір қолы жомарт жан «Korona Stom» стомотология басшысы
Гасанов Камран мырзаға және ұжымына да көптен көп рахмет айтамыз.
Оқушымызға мектеп оқу құралдарын алуға жәрдемдескені үшін. « Строй
сити» құрлыс дүкенінің иесі Караев Пашали мырзаға да көмек қолын
созғаны үшін алғыс айтамыз. Біз үшін әр бүлдіршіндеріміздің
жадыраған күлкісі қымбат.Сонымен қатар Іле аудандық жұмыспен қамту
бөлімінің басшысы Рахимбаев Айбек мырза да балаларымызға көрсетіліп
жатқан қайырымдылық акциясына өз үлесін қосып , бүлдіршіндеріміздің
жүзіне күлкі силады. Ол кісі бір оқушымызды толықтай қамтып метепке
дайындады. Міне осы жоғарыда аты аталған мекеме басшылары және
ұжымдарына толағай табыс пен шексіз алғысымызды білдіреміз. Осындай
ізгі істер өз жалғасын табады деген үміттеміз. Аспанымыз ашық
,бүлдіршіндеріміз аман болып, жүздерінен күлкі кетпесін
ағайын.
«№33 бастауыш мектеп»
әлеуметтік педагогы Ш.Сапаргалиева