Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала: Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларының қызығушылықтарын арттыру үшін мұғалімнің шығармашылыққа бағытталған жұмыстары туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Қызылорда қаласы. Қ. Мұхамеджанов атындағы 1 мектеп –гимназия мұғалімі Бакиева Ләззат Бақытжанқызы

Эл. Пошта: bakieva.lyazzat@mail.ru

Байланыс номер: 8 705 177 43 98



Мұғалімнің қызметі- оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ал жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру”, - деп ой тұжырымдауы балаға білімді практикалық жолмен өздігінен игерудің тиімділігін, баланың қабілеті мен қабылдау мүмкіндігіне сай, жеке тұлғалық-бағдарлы білім берудің қажеттігін көрсетеді.

Біз ғалымның пікіріне қосыла отырып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іс-әрекет түрлерін үйлестіре жүргізгенде ғана мүмкін болады деп санаймыз.

Оқушының өз еңбегіне қанағаттану сезімі оның сабақтағы материалды меңгеруіне байланысты болады. Демек, өткен немесе жаңа сабақ бойынша берілген тапсырманы орындауы сапалы болады.

Шығармашылықпен еңбек етуге талаптанады. Оған балалардың өз шығармашылығымен еркін тақырыпқа құрастырған ертегілерінен, мәтін мазмұнына сәйкес қиялы бойынша салған суреттерінен, өткен тақырыпқа ұқсас өлең, тақпақ шығару, логикалық тапсырмаларды орындауынан, анаграмма, ребус құрастыруларынан көруге болады.

Ж.Аймауытов білім тану жолы мен тіл үйрету жолын бірлікте қарастыра отырып, бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай әдістемелік ұсыныстар берген. Олар:

– басқа пәндерден тіл оқуы айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге көмек етсін;

– жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге таянып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесіп, тыңдасып жазсын, оқысын тілге үйренсін;

– баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу, танудан соң келеді, соңғылары тәжірибеден соң келеді.

– бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге еліктеуге мүмкіндік берілсін;

– әңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермесін, баланың тәжірибесінен, көрген-білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын.

Біздің пікірімізше, ғалымның берген ұсыныстары күні бүгінге дейін бастауыш мектепте ана тілін оқыту әдістемесінде басшылыққа алатын қағида іспеттес.

Ж.С.Сардарова тұлғалық әрекеттік тұрғыдан бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі ретінде мұғалім мен оқушы арасындағы ашық қарым-қатынас, сенімділік, диалог, негізінде оқушылардың шығармашылық әлеуетінің өзіндік ашылуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасауды көрсетеді. Автор жеке шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру өзін-өзі дамыту мен тұлғалық даму механизмін іске қоса отырып, ақпараттық сауаттылық қалыптастыру үрдісінде оның ынтасы мен серпінділігін есепке алуды болжайды.

Бұдан шығатын қорытынды ақпараттық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сыныптан оқытудың тиімділігіне көз жеткізген автордың идеясын бүгінгі ақпараттық технологияның қарқынды дамуы кезінде информатика пәнін бастауыш сыныптарға енгізуде пайдалану қажет, деп санаймыз. Танымдық қызығушылық оқушының өзіндік жұмысында ашыла түседі. А.К.Маркова өзіндік жұмысқа оның мақсаты арқылы баға береді.

Бұл жерде автор баланың, жеке басының белсенділігі, жеке басының қамтылуы, қызығуы, талап-тілегі мен мақсат-мүддесінің белсенділігінен туатынын айтып отыр. “Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан-дүниесі дұрыс жетілмейді”-деген Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А.Н.Леонтьевтің адам психологиясы тек іс-әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз.

Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым, мінез - құлқында еріктілік жеткіліксіз, алдында кездескен мысалдарды шешуге практикалық тұрғыдан қарайды. Сондықтан да біз өз сабақтарымызда ойын әдістерін көптеп қолданамыз.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Бұдан оқытуды тұлғаға бағдарлап, баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырып, онда әрекетті баланың өзіне істету, яғни жұмысының нәтижесін көрсетіп, ынталандырып отыруы қажет деп санаймыз.Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
  Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
А. И. Субетто: «Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В. А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б.
- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).
4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.).
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
7.Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.
8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. 442 б.

  2. Сардарова Ж.Ы. Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы мен практикасы: – Алматы. - 2008. – 240 б.

  3. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. – Алматы: Ғылым, 2002. – 168 б.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12