Материалдар / Мақала Бастауыш сынып пәндерінде “Модельдеу – ғылымды тану “ әдісін қолданудың ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала Бастауыш сынып пәндерінде “Модельдеу – ғылымды тану “ әдісін қолданудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып пәндерінде модельдеу әдісін қолдану арқылы балалардың ой – өрісін, қиялын , тіл байлығын өте жақсы жетілдіруге болады. Бұл әдісті әсіресе жаратылыстану пәнінен пайдаланған өте тиімді. Кез келген тақырыпты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2021
478
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып пәндерінде “Модельдеу – ғылымды тану “ әдісін қолданудың ерекшеліктері

Бастауыш сынып пәндерінде модельдеу әдісін қолдану  арқылы балалардың ой – өрісін, қиялын , тіл байлығын өте жақсы жетілдіруге болады. Бұл әдісті әсіресе жаратылыстану пәнінен пайдаланған өте тиімді. Кез келген тақырыпты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Өсімдіктер әлемі тақырыбында көрнекілік модельдеу әдісін пайдаланған тиімді. Мысалы өсімдіктерге қатысты жұмбақтар оқып, шешуін сурет арқылы көрсетсе, оқушы өсімдіктің атын ғана біліп қоймай, түрін де танитын болады.Сабақта Венн диаграмма сызбасы арқылы объектілердің бірдей белгілерін және айырмашалықтарын анықтап, екі өсімдікті өзара салыстырып қорытынды жасауға қалыптасады.2-сыныпта жаратылыстану пәнінен оқушылар шырша мен емен бұтағын салыстыр «Не байқадың?» деген сұраққа осы сызбаны пайдаланып, шыршаның жыл бойы бір түсте болатынын, емен бұтағының күзде түсін өзгертетінін ажыратып жазып, ортақ белгісіне өсімдік, ағаш деп жазып көрсете білді.Қай пәнді алатын болсақ та «Жыл мезгілдері» тақырыбын балалар өте жақсы көреді және тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды.Әр жыл мезгілінде айнала түрленіп, өзгеріске ұшырап жататынын, олардың бәрі де өзінше керемет екенін байқату үшін “Жыл мезгілін ажыратуға болатын үш белгіні тап ” деген тапсырманы орындатып, бірден ой елегінен өткізіп, салыстырып, талдап ізденімпаздығы артады.Өсімдік топтары тақырыбымен танысқанда да сабақты бекіту мақсатында “Суреттегі өсімдіктер қайда өседі?” тапсырмасын сәйкестендіру арқылы өсімдіктердің мекен ету ортасына байналысты өсімдіктердің тіршілігін салыстыра сипаттайды, өсімдіктердің табиғи жағдайларға бейімділігі туралы айта алады. Сондай-ақ өсімдік топтарын өзара салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын атап,өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін ажыратып береді. Модельдеу әдісін пайдаланатын мұғалімдер суреттерді, заттарды пайдалану арқылы оқушыны әңгімелеуге, салыстыруға,сөйлемдерді дұрыс байланыстырып құрауға қызығушылығын оятады.Осындай тапсырмалардың қатарына «Суреттегі өсімдіктер қайда өседі?» деген сәйкестендіру тапсырмасын жатқызуға болады.Оқушылар осы кестелердегі өсімдік суреттерін мысалдарға қарап, берілген сөзге сөйлемдер құрап, жауапты толықтырып жеткізуге тырысады. «Сен білесің бе?» тапсырмасының ерекшелігі әрбір оқушы өзін зерттеуші ретінде сезінеді. Оқушыларға әртүрлі заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың суреттерін таратып немесе суретін көрсетіп «неге?», «неліктен?» деген сұрақтарға жауап алып, өз ойларын бір-біріне тыңдатуға болады. Оқушыларға өздерінің зерттеушілер екенін, табиғатта болып жатқан әртүрлі құбылыстар мен заттарды да бақылай алатынын байқатамыз. Өз сабақтарымда моделдеу әдісін қолдану арқылы балалардың әр жас кезеңінде жүйелі өз ойын айту біліктілігі артатынын, әңгімелесуде белсенді қатысып, сұрақтарға толық жауап беріп, бір-бірлеріне сұрақ қоя білу дағдылары артқанын байқадым.Сонымен қатар заттарды сипаттау, өзара салыстыру қасиеттері дамиды, көлемі шағын әңгімелердің мазмұнын айтуға қалыптасады. Оқушылар тапсырманы нақтырақ орындауға, барынша зейінді болуға тырысады.Сөзімді аяқтай келе айтарым, осындай дамытушылық тапсырмаларды ұйымдастыра отырып – балалардың танымдық әрекетін, сабаққа қызығушылығын, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеулерін, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге жаттықтырамыз.




Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

«№10 жалпы орта білім беретін мектеп”КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Баисова Жулдуз Мукашевна





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!