400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Бастауыш сыныптарында дидактикалық ойындарды қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала бастауыш сынып ұстаздарына арналған. Мақала сабақ барысында дидактикалық ойвндарды қолданудың маңызы мен тиімділігі көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда

дидактикалық ойындар қолдану



Бастауыш сынып оқушыларына жаңа білімді толық игеріп, күрделі машықтарды бекіту жəне сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруда дидактикалық ойындар тиімді тəсілдердің бірі болып табылады. Сабақ барысында ойындар қолдану – жай ермек емес, ол оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасына ықпал етеді, яғни ол əлеуметтік тəжірибе жинақтайды, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.

Қазіргі таңда дидактикалық ойындардың бір текті жүйесі жоқ. Ойындардың құрылымы мен атқаратын фунциясына, сабақ беру мен тəрбие барысындағы маңызына байланысты ғалымдар бірнеше классификалық жүйелер жасаған. Мысалы, Г.М. Көпжасарова ойындарды пəндік, бейнелік, сюжеттік, рольдік, компьютерлік, дамытушылық жəне дидактикалық деп бөлсе, А. И. Сорокина дидактикалық ойындарды саяхат ойындары, тапсырма ойындар, болжау ойындары, жұмбақ жəне əңгімелесу ойындары деп бөледі. Л. И. Федорова дидактикалық ойындарды пайдаланылған материалдар сипаттамасы бойынша, қызмет аясы бойынша, пəндік ауқымы, педагогикалық процесс кезеңі, ойвндық методикасы жəне қатысушылар саны бойынша топтаоға жіктейді. Сонымен қатар көптеген ғалыидар дидактикалық ойындарды ізденушілік, жартыдай іздену, өнімділік ойындары, жəне де минуттық ойындар, эпизодтық, тақырыптық ойындар, дайындық жəне шығармалышық деп саралайды.

Аталған жүйелеудің сан түрлілігінеқарамастан, барлығы да дидактикалық ойындарды берілген сабақты жақсы игеріп, сабақ материалдарын бекітудің бірден бір жолы деп атайды.

Дидактикалық ойындарды мектепке дейінгі жастағы балалар педагогикасына алғаш енгізген Ф. Фребель мен М. Монтессори болатын. Ал бастауыш сынып бағдарламасына енгізген О. Деколли болды. Қазіргі кезде дидактикалық ойындар барлық мектеп буындарында кеңінен қолданылады.

Дидактикалық ойындар оқу əдісі деп саналғанмен, ерекше топтағы əдіс болып табылады. Біріншіден, олар əдепкі көрнекілік, бкйнелік жəне практикалық тəсілдерден өзгеше болып келеді, екіншіден өздеріне ғана тəн ерекшеліктері бар:

А) сабақ оқыту мақсатына сəйкес бейімделіп, арнайы құрылады;

Б) дидактикалық ойын ережесін ұстаз сабақ мақсатына сəйкес құрастырады;

В) дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытудың тиімді əдісі;

Г) дидактикалық ойындар жеке ақпаратпен таныстырып қана қоймай, онымен шығармашылық жұмыс жасауды үйретеді;

Д) дидактикалық ойындар балалар үшін өте қызықты.

Дидактикалық ойындардың құрылымы кнлесі компоненттерден тұрады:

А) ойын мақсаты;

Б) ойвн əрекеттері;

В) танымдық мазмұны немесе дидактикалық тапсырмалар;

Г) құралдар;

Д) ойын нəтижесі.

Ойын мақсаты тақырып мазмұнын ашады жəне сабақ барысында шешілуге тиісті дидактикалық тапсырмада беріледі. Ол ойынға танымдық сипат береді, жəне оқушылардан алған білімдеріне қатысты нақты твлаптар қояды.

Ойын ережесі дидактикалық ойынға қатысулардың əрекеттерін реттейді. Ол сабақ мақсаты мен оқушылардың мұмкіндіктеріне байланысты құралады. Ережелер оқушылардың қабілетін қалыптастырып, өз əрекеттерін басқарып үйренуге ықпал етеді.

Ддактикалық ойындардың негізі – оның инновациялық мазмұны болып табылады. Ол дегеніміз сабақ тапсырмасын шешуде қолданылатын ақпарат пен машықтарды игеруге бағытталған.

Ойын қүралдарына сабақ барысында қолданылатын барлық көрнекіліктер, техникалық қүралдар мен ддактикалық таратпа материалдар, т. б жатады.

Ойын аяқталысымен оның қорытындысы жасалады. Мысалы, баллдарды санау; үздік ойыншыларды анықтау; үздік команданы анықтау,т.б. Кез келген ойынның қорытындысын жасау – өте саңызды кезең болып табылады.

Дидактикалық ойындардың сабақ беру процессіндегі маңызды рөлін келесі функциялары дəлел бола алады:

А) білімдік;

Б) дамытушылық;

В) тəрбиелік;

Г) оқу-танымдық процессті эмоционалдық тұрғыдан жандандыру;

Д) оқу процессінің тиімділігін арттыру;

Е) коммуникативтік;

Ж) көңілашарлық;

З) корректмондық;

И) профориентациялық.

Дидактикалық ойындардың сабақ беру барасындағы маңызын көрсете отырып, келесі тұжырымдар жасауға болады:

  1. Дидактикалық ойындар арқасында пəнге деген танымдық қызығушылық арттады;

  2. Əр сабақ қызықты, жарқын, эмоционалды қанық болып өтеді;

  3. Оқу-танымдық əрекет белсендіріледі;

  4. Оқуға деген оң мотивация қалыптасады, ынта мен жұмыс жасау мүмкіндігі дамиды.

Дидактикалық ойындар – оқу барысында өте қажетті, балалардың танымы, ойлау қабілетін дамытады, оқушының психологиялық тұрақтылығвн қалыптастырады, ұйымшыл балалар ұжымын жасақтауға үйретеді.


Пайдаланылған əдебиеттер:


1. Аванесова В. Н. Дидактическая игра как форма организации обучения. – М.: Просвещение, 1992.

2. Коджаспирова Г. М., А. Ю. Коджаспиров. Педагогический словарь.– М.: Академия, 2003.

3. Серова А. А. К.Д. Ушинский о роли русского языка в воспитании человека / А.А. Серова // Знание. Понимание. Умение. – 2009. – №2. С.15-16.

4. Сухомлинский В. А. Методика воспитания. – М.: Просвещение, 1981.

5. Чен Н. В. Дидактическая игра – основа развития воображения и фантазии // Методическая копилка. Пилотный выпуск. 2011. С. 6-10


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
740
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі