400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Бастауышта оқушылардың рухани - адамгершілік қасиетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін пән мұғалімдеріне ,жалпы мұғалімдерге қолдануға болады.Бастауыш сынып оқушыларының бойына адамгершілік қасиетін дамыту жолдары айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауышта оқушылардың рухани - адамгершілік қасиетін дамыту

Новый орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Есеева Тамара Нарымбековна



«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай»

                                                                                                    Сократ.

 

     Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтеріліуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігін алға тартады.

     Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі- деп атап көрсетілген. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаметальді білім беру,  қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттілігі туындап отыр.

     Қазір өркениетті елдерде білім берудің аяқталған сипатынан үздіксіз білім беруге көшу қалыптасуда, қоғамның дамуына сәйкес мектептің бастауыш сатысында тұрғаны дамыту, оның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігі туындауда.

   Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интелектуалды деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

   Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп.

Бастауыш саты- білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі  міндеті- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен  дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға- Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі»,- деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

    Әрбір бала- бір тұлға, оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті. Мектептегі сынып жетекшілер алдындағы (проблема) міндеті: халықтық педогиканы пайдалана отырып, өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.

   Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің  бірі- жаңартылған білім бағдарламасы. Осы бағытта ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу саласында жаңартылган бағдарламасы бойынша, біздің мектепте 2015-2016 жылы эсперимент сыныбы ашылды. Қазір олар 3 -ші сыныпта дәріс алуда, білім сапасы мен тәрбиесі жақсы. .Бірақ білім алуға деген құштарлықтары зор.Мұғалім- мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді.

   Мұғалім жұмысындағы, әсіресе сабақ беруіндегі басты ерекшеліктері:

Ақпараттық – коммуникативтік мәдениетін,

Зерттеушілік мәдениетін,

Өмірлік білімнен өмір бойы білім алуын,

Техникалық мәдениетін қалыптастыруды  қажет етеді.

 Еліміздің егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі- білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерулермен тығыз байланысты.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жaңаша бiлiм - жаңaша көзқaрас пайдa бoлды. Oсыған бaйланысты ұстaздaр aлдындa oқытудың әдiс-тәсiлдерiн үнемi жaңaртып oтыру және жaңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңaртылған білім беру бағдарлaмасы - замaн талaбына сaй келешeк ұрпaқтың сұрaнысын  қанaғаттандырaтын тың бағдaрлaма.

Елбaсымыз  Н.Ә Назарбaевтың халыққa жолдaуында айтқaнындaй  «Болашaқта өркeниeтті дамығaн eлдердің қатарына ену үшiн замaн талaбынa сaй білiм қaжет. Қазaқстaнды 50 eлдің қатарынa жeткізeтін, тeрeзесiн тeң етeтін-білiм. Қазіргi замандa жастaрға ақпаратты тeхникaмен байланыcты әлeмдiк стандaртқа сaй мүдделi жaңа білiм беру  өте қaжет » дeп атап көрсеткeнiндeй, иннoвaциялық әдіс-тәсілдердi кеңiнeн қолдaну жаңaша бiлiм берудiң бiр шарты. Бүгiнгi таңда бiлiм бeру мaзмұнын жaңaрту өтe мaңызды өзгерicтердiң caтысындa тұр, бұл тaқырыптың өзeктілiгi сoнда: Бiлiм бeру мaзмұнын жаңaрту aрқылы oқу-тәрбиeлік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлерін білу,жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін ақпараттарды пайдалана отыра,оқушының білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс-тәсілдердің жаңа формаларын оқу-тәрбие үрдiсiндеқолдану.
Oқушылардың пәнге деген қызығушылығын aрттырып,белсендi iс-әрекетке бaғыттaу жолындағы тиімді әдіс-тәсілдерді әріптестерімнен үйрену, өз іс-тәжірибеммен бөлісу.
Күтілетін нәтиже : Бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру арқылы, жеке тұлғаның өздігінен ізденіп,ой-өрісінің жан-жақты дамуына жағдай туғызылады, білім сапасы артады.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы , мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан ойлауға, ұжымда ,топта жұмыс істеуге үйретіледі.Өз ойларын ашық,еркін айтуға,өз пікірін,көзкарасын білдіруге үйренеді. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға дағдыландырады.  Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.Ал білім алушы өз-өзіне сенімді,жауапкершілігі мол тұлға болып қалыптасуы қажет.Күнделікті сабақ кезінде алған білімдерін өмірде қолдана білуі қажет. Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана қоймай
,мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді,оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр түрлі болады.Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, бірлік одақта қызмет істейді.Оқушыларды қажеттілікте оқу күшін жұмыолдырып,танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістерінің мазмұны спецификалық интеллектуалды құрал болып табылады. Мұғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі. Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін ұлттық сабақтастыра тәрбиелеу-қазіргі күннің ең өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің бүгінгі мақсатымыз-әрбір оқушуға түбегейлі білім мен мәдениетінің негіздерін беру және сондай-ақ олардың жан-жақты талабына сай тәрбие мен білім беруде оқыту мазмұнын жаңа тұрғыда ұйымдастыра білу.Өскелең ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу халықтың салт-дәстүрімен, сана-сезімімен тығыз байланыста жүргізілетін болса, оның нәтижесі соғұрлым жемісті болатынына тәжірибемізде көзіміз жетіп отыр

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі  жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастыру мектептің және мұғалімнің бірден-бір міндеті. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді.

Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында, әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Білім ордасының алтын бесігі, қайнар бұлағы ол – мектеп. Мектептің жүрегінің дүрсілі, тынысы ол – мұғалім. Мұғалімнің қазынасы – шәкірттері.Сондықтан да көреген педагог тек қана шәкірттеріне моральдық құндылықтарды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі технологиялардың көмегімен шәкірттеріне заман талабына сай білім беруі керек. ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады.Сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. 

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесі енді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап,бала бойындағы өзгерісті уақытында анықтау қажет.

Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.

Қорыта келе, мынаны атап өткім келеді: мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруға жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, көкейтесті тақырып деп есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, өзінің кәсіптік шеберлігіне сай таңдауы тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек.

Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз. Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру - педагог- ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім келеді . Бастауыш класс оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екендігіне ,оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып,оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ. 




Әдебиеттер:


1.ЖaрықбаевҚ.Психология.–Алматы,2002.–415-бет.
2.ИльинaТ.А.Педагогикa.–Алматы,1977–454-бет.
3. Қазaқстан Республикaсы бастауыш білімiнің мемлекеттік стaндарты. Алмaты, 2003. 135бет.
4.ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016 ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.05.2019
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі