жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
мақала Білім беру Мазмұнын жаңарту заман талабы
Г.Е.Қарамергенова
Домбыра,прима класының мұғалімі
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы
Шалқар ауданының саз мектебі
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағымыз – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке,ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Оқыту-оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мынаны атап өтуге болады: ойлануға жүйелі түрде үйрету. Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Сабақтарда «Мұғалімнің сөйлеуінің» орнына «оқушының сөйлеуіне» негізделген оқытумен қатар интерактивті оқыту ұсынылады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Шығармашылық қабілетін дамыту кезеңінде инновациялық технологиялардың ролі аса маңызды. Осы бағытта білім сатысы оқуынан өткеннен кейін, теориялық негізінде практикалық бағытта сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін пайдаландым. Бұлшыңдалған ойлау. Сын тұрғысынан ойлау баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Идея мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттердің орындалуы тиіс: -Бастауыш сыныптағы тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында балалардың интеллектуалды қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдай жасау; -Бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық технологиялар мен әдістерді жинақтау және жүйелеу; Осыдан келіп жұмыс бағытын нақтыладым. Бағытым:«Топтық жұмыс кезінде диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»Мақсатым: Оқушыларды топтық оқыту кезінде оқушы- оқушы, оқушы- мұғалім арасында диалогқа түсіре отырып, сыни ойлануға, әр оқушы өзін еркін сезінуіне, мұғаліммен және өзара ынтымақтастықта тығыз байланыс орнатуына ықпал жасай отырып, оқушылардың ынтасын көтеру арқылы білім деңгейін өсіру. Әр оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқыту әдістерін жетілдіру. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан –жақты дамыған,рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.Қазіргі білім берудің басты мақсаты да жан – жақты дамыған,рухани бай жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып,қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша оқушыларға ақпараттық – коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр. Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен, иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түсіну жолымен. Егер қандай да болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, биологиялық, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді шығармашылықпен ізденіп, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады. Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы ізденеді, топпен, жұппен жеке жұмыс жасайды. Шығармашылықпен жұмыс жасап, оқушылардың өз бетімен ізденуін, алған білімін өмірде қолдана алуға бағыттаймын. Әр сабақ тақырыптан басталады, тақырыпты жай ауызша мәлімдеу керек емес, тақырып айтпас бұрын қызығушылығын арттыру керек, өтетін тақырыптың маңыздылығын, бұрын өткен сабақпен байланысын көрсету маңызды. Оқушы тақырыптың маңызын түсіну барысында игеруге талпыныс жасау керек, әр сабақтың басты міндеті-білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту. Ол үшін мыналарды ескеру қажет: - Оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру. - Оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік. - Оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру. - Жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру. Танымдық қабілетті арттырудың жолдары: - Ақпаратты өмірмен ұштастыру, байланыстыру - Мәселелік жағдаятты туғызу. - Әдеби, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қолдана білу. - Салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету. -Ұсынылған тақырып бойынша өз көзқарастарына рефлексия жасай алады. Әр пәннің оқушыларға берер танымдық тәрбиесі мол десек, соның ішінде биология пәнінің де оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор. Оқушыларға танымдық тәрбие берудің алғашқы баспалдағы деп оқытудағы саналылық принципін атауға болады, себебі табиғатты, сыртқы ортаны, жалпы тіршілікті оқыту барысында тәрбиелік міндеттердің де шешілетіні белгілі. Табиғат құбылыстарының, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің мәнін, заңдылықтарын терең түсінудегі өздігінен өзінің білім дағдылары мен іскерлігін жетілдірудегі оқушының әрбір қадамы оның дүниетанымын кеңейте түседі. ХХІ ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің 2018 жылғы қазақстан халқына жолдауы. 2.«Биологияны оқыту әдістемелік құралы»
3. ҚР “Білім туралы” заңының 51 бабы
4. Әдебиеттік оқу. Хрестоматия. 4-сыныбына арналған. Алматы «Атамұра» 2013.
78-79 беттер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген