жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала Білімді ұлт болашағы-жаңашыл ұстаз қолында
Разиванова Айсара Тилеужановна
Райымбек ауданы, Қайнар орта мектебі
Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі
«Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі,ол барлық ой мен қимыл әрекетіне
ақылдың дәнін сеуіп , нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»
Е.Каменский
Білімді ұрпақ болашағы – жаңашыл ұстаз қолында
«Ең әуелі мектепке керегі –білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» -деп А. Байтұрсынұлы айтпақшы ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты-жетілген толыққанды азамат тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда білім беру өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай экономикалық қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, шығармашыл адамдар қажет. Қайнар орта мектебінде 2012-2017 оқу жылында Кембридж технологиясы бойынша мектебімізде 14 мұғалім оқып келіп өз тәжірибелерімен 2015-2016 оқу жылында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістігін сыни тұрғыдан бағалау » атты аудандық семинар өтіліп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алдажарова Жанардың 8-сыныпта «Наречие», «Тағылым» республикалық әдістемелік журналына жіберілді және Қазақтан тарихы пәнінен Майлыбекова Меруерттің 7-а сыныбында «Қазақ хандығы» атты сабағы, Абитинова Райхан «Сын тұрғысынан ойлау» атты коучинг, Смағұлова Айнұр «Оқушылардың білім жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» шебер сынып, 8-сыныпта ағылшын тілінен Кемелжанова Айжан «Education in Kazakhstan» атты бастауыш пән мұғалім Збайырова Эльмира 1-сыныпта ана тілі пәнінен «Әке-мен бала», атты сабақтары, коучингтары, шебер-сыныптары аудан көлеміне таратылды. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер бірігіп жеке кабинет жасады, және оқушыларға сабақтарын Блум таксономиясы бойынша жүргізілуде. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер «kainar»,«nis», «Жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздар» атты қауымдастық ашып жұмыс істеуде және сабақтарын есептерін коучингтарын шебер-сыныптарынан smk сайтына жіберілуде. Биылғы оқу жылында оқу-ісінің меңгерушісі Утапова Рая және информатика пәнінің мұғалімі Смағұлова Айнұр «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлекция» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша тренерлік курстан» өтіп келіп, тәжірибедегі рефлекция жалпы білім беретін мектептердегі кадрлардың білім көтеру курсы аясында 15 мұғалім оқытып жатыр. 15 мұғалім жаңа пед технология бойынша тізбектелген сабақтар өтіп, өз сабақтарына өзгерістер енгізіп, оқушылармен тығыз байланыс жасауда.
Жалпы елімізде білім саласына қатысты жүргізіліп отырған басты саясатта өзін-өзі дамытуға және өзін барынша көрсетуге қабілетті жоғары сауатты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады. Бұл бағытты біз жаңа формация мұғалімімен іске асырамыз. Жаңа формация мұғалімі дегеніміз, ол педагогикалық құралдың бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған,әлеуеттік жағынан жетілген шығармашылық тұлға, білікті маман.
Бүгінде жаңаша ойлай алатын мұғалім мәртебесі де жоғары болмақ, ол оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыра алатын жаңа формациялы мұғалім. Сол себепті білім кеңістігінде «Жаңашыл мұғалім қандай болу керек?» Өскелең ұрпақты қалай және неге үйрету керекпіз? деген сұрақтың өзектілігі арта түспек. Қазіргі таңда әр пән бойынша мектебіміздің мұғалімдері жаңартылған бағдарлама бойынша 3-апталық курстардан өтіп, өз білімдері мен біліктіліктерін арттыра отырып, шыңдап келуде.
1-сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде «Критериалды бағалау» жүйесі бойынша барлық пәндерден 6 мұғалім курстан өтіп, өз шығармашылық жұмыстарын жаңа бағдарлама жүйесінде жүзеге асырылуда. Жыл басында жаңартылған білім беру аясында түсініспеушіліктер болды. «Шешілмейтін түйін жоқ»,- демекші білікті мамандарымыздың және әкімшілік мүшелерінің арқасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ынтымақтастық атмосферасын орнатты. 1-сыныптардың ата-аналары мен мұғалімдер арасында тығыз байланыс орнап, балаларының қандай деңгейде оқып жатқанынын ата-аналар хабардар болып отыр. Бұл критериалды бағалау оқушылар үшін логикалық ойлау қабілетін дамытуда ерекше орын алуда және олардың жеке тұлға болып қалыптасуына мұғалімдер ерекше ынта-ықыласымен жұмыс жасауда. Жыл бойы алған білімдері талданып, сараланып, жинақталып ауданға мәліметтер жіберіліп отырды.
Сондықтан бүгінгі оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа формациядағы мұғалім бойында төмендегі кәсіби құзіреттілігі болса мақсатымызға бірге жетпекпіз.
Қоғамның қойып отырған талаптары да осы, ал қоғам талаптырына сәйкес болу үшін мұғалім өзінің білімін жетілдіре, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын, мұғалім болу керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Біз білім беруді жаңартуды одан ары жалғастыруға тиіспіз, өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» демекпін.
Ұстаз үшін ең басты мәселе-оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып,шығармашыл ойының дамуында басты рөл атқарады.
Оқушыларға қамқорлық көрсете білетін,оған ықпал жасай алатын және өз бетінше шешім қабылдауда бағыт-бағдар беретін;
-
Әрбір оқушыны пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттілігін ойластыра білетін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын;
-
Оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар
-
Оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін,өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін:
-
Бастапқы идеядан өзге идияларды өрістете байланыстыратын және сол идияларды оқушылардың өздері құрастырып, жандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып,тереңдетіп бере алатын мұғалімдер.
Қорыта келгенде, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша критериалды бағалау жүйесінің әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, мұғалім бәсекеге қабілетті болу керек деп ойлаймын. Мұғалім өзі өзгермей оқу үдерісіне өзгерту енгізуге болмайтыны айдан анық. Оқушының өзгеруі үшін ата – аналардың да өзгеруі керек. Ата – ананы өзгерту үшін мұғалім ата- аналарды жиналысқа шақырып, енді өздерінің балаларының оқудағы өзгерістерді қалай қабылдағаны , мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылауы оқуға деген ынтасын үнемі қадағалап тұруды тапсыру керек.
Әрине, тың бастаманың әр жағдайда да бірден қолдау тауып кетуі екіталай. Себебі, әр бастаманың өзін талдап, көрсету арқылы және оны тәжірибеде қолдану арқылы жеткізе білу керек. Оны тәжірибе жүзінде көрсете білгенде ғана, оның нәтижесін көруге болады. Алдымен алдымызда отырған оқушыларға деген көзқарасымызды өзгертіп, олардың әр біреуін жеке тұлға ретінде қабылдап, оларды өмірге лайықтап тәрбиелейік. Себебі Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген