400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Білімімді шыңдаған курс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада мен Өрлеу біліктілікті арттыру курсында Дарын мектебінде интеграцияланған сабақ өткіздім. Соған байланысты "Біліміміді шыңдаған курс" деген мақала жаздым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұнайлы ауданы

№1 «жалпы білім беру орта мектебі»

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Қалмұрат Перизат Ғабиденқызы



МАҚАЛА

Мен Қалмұрат Перизат Ғабиденқызы 2017жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінде 5В012300-әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығын бітіріп келдім. Университетіміз бізге көптеген әдіс-тәсілдерді, методикаларды, интеграция сабақтарын үйреткен болатын. Енді міне, биыл мен Мұнайлы ауданы №1 орта мектебіне өзін-өзі тану пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Мектепте жұмыс жасағаныма 6 ай уақыт. 2018 жылдың 19 ақпан күнінен бастап Ақтау қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалында «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру деңгейлік курсын оқып жатырмын. Әдіскеріме қайта-қайта барып, мен осы курсқа барсам болама деп алдына бардым. Міне, содан бері осы курста білімімді шыңдап жүрмін десемде болады. Рысгүл Жұмажанқызы айтқандай бұл курсқа кез келген адам кездейсоқ келмейді-деген сөзінің де жаны бар. Біздің курстағы тренеріміз Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы. Ол кісіге үлкен рахмет. Біздің осы курстан аларымыз көп. Білімімізді шыңдап, тәжірибе алмасудамыз. Біз 13 наурыз күні ОМИ-ға барып, семинар, өзін-өзі тану сабағын, интеграция сабақтарын өткіздік. Мұғалімдер мен семинар сабақты-Шолпан Қармысовна, өзін-өзі тану сабағын-Дуйсенова Ұлжан апай өткізді. Бұл сабақтар өз дәрежесінде өтті, тіпті өте жақсы өтті десем де болады.

Мен 6 «А» сыныпқа Биология пәнінен Вирустар дүниесі тақырыбында өзін-өзі тану пәнімен интеграция сабағын өткіздім. Әрине, оңай болған жоқ. Бізді университетте интеграция, инклюзивті білім беруді оқытты. Біз сонда практикада оңалту орталықтарына баратын едік. Себебі, тек қана өзін-өзі тану пәні мамандығы емес әлеуметтік педагогика мамандығы болғандықтан инклюзивті білім беру мен интеграциялауды жалпылама түсіндірген болатын. Интеграция сабақ-бұл түрлі пәндерді біріктіретін өте қызықты сабақ. Дарын мектеп-интернатында өткізген интеграция сабағым өзіме ұнады. Балаларда түсініп, сабаққа кірісіп, ұғына алды және түсінгендерін шығармашылық топтық жұмыс кезінде көрсете білді. Интеграция сабақтың тиімді жолы-екі сабақты бір-бірімен тікелей интеграциялаймыз.

Мысалы: Биологияда Вирустар дүниесі деген тақырып.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Тәртіптілік, ұқыптылық, әдептілік

Вирустар-бұл адам ағзасын улаушылар. Яғни «у» деген мағынаны береді. Оларды жай микроскоппен көруге болмайды. Олар бір адамнан екінші адамға тез ауысып отырады. Олардан айығу жолдары: тазалықты, гигиенаны сақтау, түрлі дәрумендер ішу, таза ауада серуендеу қажет.

Жағымсыз қасиеттер-вирустар секілді адам санасындағы жағымсыз әрекеттер. Адамдарды сыртынан танып біле алмайсың. Әрине, оның рухани жан дүниесіне кіргенде ғана және оның жасаған әрекетінен біле аламыз. Жағымсыз қасиеттер де адамдарға тез таралады. Ол үшін біз сақтық шараларын жасап, жақсы қасиеттерді бойымызға әдет ретінде дағдыландырып өз бойымызға әдептілік, ұқыптылық, тәртіптілік қасиеттерін қалдыруымыз керек. Міне, осы курс бізге керемет әсерін беруде. Бізде күннен-күнге өзгеру (трансформация) үстіндеміз. Рысгүл Жұмажанқызы барлығы үшін рахмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 сәуір
989
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі