400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: БОС УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ- АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бос уақытты тиімді пайдалану- адамгершілік және рухани тәрбиенің негізгі қағидасы


“… Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда. Сондықтан тәрбиелі жас болып қаланайық. Біреудің ала жібін аттамай адамгершілігі мол ұрпақ болайық.” деп Елбасы Қазақстан халқына жолдауында жас ұрпақты, ғылым жолында еңбектенуге және адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасуына үндеді. Міне осы мақсатпен біздің түбегейлі көздеп отырғанымыз еліміздің болашағы жастарға білім нәрін сусындай отырып, олардың тек қана сабақ процесінде білім алып қана қоймай, сонымен қатар бос уақыттарын тиімді жүзеге асыру болып отыр. Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі күннен күнге дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Осы жағдайдан мектептің алдына қоятын басты мәселелерінің бірі – өркениетті, азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.Менің ойымша адамды тәрбиеге ,білімге баулымас бұрын адам бойындағы бес құнды қасиетті ұғындыра білуіміз керек. Адам бойында мынадай бес қасиет қалыптасу керек олар:Ақиқат, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау. Бұл құндылықтарды жастар бойларына дәріптей алса, өмірді сүрулеріне және талай асуларды бағындыруға қол жеткізеді. Осы құндылықтардың ішінде жүрекке жақын өскелен жас ұрпақ тәрбиесіне барынша көмегін тигізетін олардың ішкі жан дүниесін ішкі сезімдеріне ойларына әсерін тигізетін құндылықтын бірі ол сүйіспеншілік деп ойлаймын.Біздің болашағымыз бен өміріміздің жарқын болуы жас ұрпақтың талмай тынбай еңбек етуінің арқасында жүзеге аспақ, ал оларға дұрыс бағыт бағдар сілтеуші мына біз педагогтар. Біздің негізгі мақсатымыз қоғамның қажетті талаптарына сай әрбір баланың бойында борыш, намыс, ар- ождан, қадір- қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Осы айтылып отырған қасиеттерді қалыптастыра отырып Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында көздеген жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолына бағытталу болып отыр, оған қоса «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыру көзделді. Қазіргі уақытта осы көзделіп отырған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қарқынды дамып, талай жетістіктерге жетіп жатыр. «Рухани жаңғыру» бұл бір күнде атқарылатын жұмыс емес, бұл ауқымды уақыт пен қажырлы еңбекті талап ететін бағдарлама. Бағдарламаның негізі мақсаты мен міндеті ол әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену болып отыр. Аталып отырған мақсат дәлме дәл уақытында және барынша дұрыс әрі тиянақты орындалуы мына біз жастардың қолында. Мақсатқа жетуіміз үшін тәрбиеміз бен сана сезіміміз еңбек жолында өз-өзімізді жігерлендіріп, санамыз озық ойларға толы болуы керек. «Рухани жаңғыру» деген сөздің мағынасын ашар болсақ бұл жаңа келбет жаңашаланған бағыт бағдар деген ұғымдарды білдіреді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастардың заман ағымына сай әрі сана сезімі дамыған , ұлттық сипатты сақтай отырып кейбір өзгерістер өзгертуге бағытталған. Менің айтпақ болып отырғаным сүйіспеншілікті жас жеткіншектер бойына дәріптей отырып, алға қойылып отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып кеткен жолдауын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолға ала отырып жаңа озық бірегей ойларды жүзеге асыру болып отыр.Уақыт біздің өміріміздегі баға жетпес асыл құндылықтарымыздың бірі.Уақыттың ерекшелігі бұл оны не кері қайтарып алуға не оны қайта қалпына келтіре алмауда. Сондықтан, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек. Біздің негізгі мақсатымыз балалардың бос уақытын ұтымды әрі тиімді өткізу сол мақсатта ол балаларға қызықты және елімізге өз үлесін қосарлықтай болу тиіс деп көзделіп отыр. Ең алдымен бос уақытты тиімді ұйымдастыру үшін әр тұлға өзіне өзі мақсат қоя білуі керек және сол мақсатын жүзеге асыру үшін оны жоспарлап ой иелегінен өткізу керек. Бос уақытты өткізу үшін балалардың өз ортасында бір-біріне деген қарым-қатынастары жақсы көзқараста болуы шарт. Олар бос уақыттарын қызықты өткізулері үшін барлығы бірге бір жұдырықтай жұмылып берік ұжымды құраулары тиіс, ал осы ұжымды қалыптастыру үшін әр баланың бойында бір-біріне деген қоршаған ортаға айналасына деген сүйіспеншілік қасиеттері басым болуы абзал. Жас жеткіншектердің бос уақыттарын ұйымдастырғанда ұлттық рухани жағынан көбірек көңіл бөлгеніміз дұрыс. «Цифрлық дәуір» өнеркәсібінің дамуы үшін балаларды жаңашаланған технологиялар арқылы рухани көзқарастарын кеңеткеніміз жөн. Жас жеткіншекті қызығатын жұмыстарының бірі ол қызықты ойындарды ойнау, ал біз сол ойныдарға жаңаша келбет беріп балаларды қызықтырғымыз келеді. Ол үшін компьютерге ұлттық ойындарды, батырлар жырын әдеби көріністерді енгізуге болады. Менің ойымша балалардың бойында белсенділік және қызығушылық дағдыларын қалыптастыру үшін мерекелік бағдарламалар ұйымдастыру және сол бағдарламаларда ұлттық сипаттар басым болса деп ойлаймын. Жас жеткіншектердің бос уақытын ұйымдастыруда қосымша білім алуда жоғары деңгейде көрініс табады. Балалардың бос уақытында салауатты өмір салтын ұстанып, театрлық қойылымдарға барып, өмірден алынған өнер туындыларын тамашалап тарихи әдеби кітаптартарды оқи отырып, пайдасыз арзан сауық сайран мен түнгі клубтардан құлдырауға әкеп соғатын жат қылықтардан аулақ болса дейміз.Осындай арзан ойын сауықтардын арқасында балалардың тәрбиесі жан түршігерлік кесапаттарын қоршаған ортаға тигізуде, сол себептен негізгі мақсат осындай арзан ойын сауыққа бет бұрмас үшін бала бойында адамгершілік, сүйіспеншілік , отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және оларға бос уақытты пайдалы істерге жұмасауына бағыт бағдар сілтеу. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бала тәрбиесінде үлкен рөл атқарады. Себебі оқушыларда қолдары бос болса, олар көптеген теріс жолдарға, еріншектікке, жалқаулыққа шалдығуы мүмкін.Осыған байланысты мектеп қабырғансында оларға көптеген үйірме түрлері жұмыс атқарып келеді. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мектебімізде дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады. Сонымен, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағанда ескеру керек. Мысалға алар болсақ, мен қазір колледж студентімін, әрине менің бос уақытымның болуы өте сирек болатын жағдай. Алайда мен бос уақытымды тиімді істерге жұмсағанды жөн көрем. Менің қызығушылығым шығармашылық істермен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанып тұруды да ұмыт қалдырмаймын. Мен көп уақытымды шығармашылық жолындағы ізденістерге жұмсаймын. Ол үшін мәдениет үйіндегі іс-шараларға, аудандық кітапханаларға, мұражайлар мен театрларда көркем туындыларды тамашалаймын. Кей кездері тынығып қайту үшін табиғат аясында достарыммен көңіл көтеремін. Міне осылайша өзімнің бос уақытымды қызықты әрі пайдалы істерге жұмсаймын. Қазіргі уақытта балалардың бос уақытын өткізу туралы мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыру пәнінен қарастырып жүрміз және сол сабақ бойынша мектеп мекемелерге барып алған білімімізді практикада шыңдаймыз.Осы практикада болған кезімізде оқушылардың бос уақытын би кештері мен ойындар арқылы ұйымдастырдық. Білімімізді шыңдау үшін мәдениет үйлеріне, демалыс шипажайларға барып әр түрлі қойылымдар, мерекелік іс-шаралар ұймыдастырамыз. Бос уақыт тек көңіл көтеру емес, ол баланың өз бетінше жұмыс істеуіне, өнер түрлерімен танысуына және өнерге талпынуына жағдай жасайды. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана олардың танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасалады. Бос уақытты ұйымдастырудың болашаққа тигізер пайдасы зор. Осы арқылы олардың қоғамдағы орнын табуға негіз қаланып, ұлт мақтанышы болуына өз септігін тигізеді. Қорыта келгенде, балалар бос уақытты тиімді пайдаланған дұрыс. Жаман әрекеттерден аулақ жүру керек. Таза ауада жиі серуендеген денсаулыққа пайдалы,көбінесе бос уақыттарыңды ата-анасымен өткізіп отырғандары тиімді. Отбасы деген өте жақын адамдар. Олар үнемі бірге болып, бос уақытты бірге өткізсе, әрбір бала бойында сүйіспеншілік пен мейірбандық отансүйгіштік қасиеттері қалыптасады. Бір сөзбен айтқанда уақытымызды құр босқа ысырап қылмай, қолда барда алтынның қадірін білейік ағайын.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі