Бүгінгі
таңдағы жас маман кім?
21
ғасыр білім мен ғылым кеңістігінің
дәуірі. Жаһандану заманында білім,
ғылым, жаңашылдық категориялары басты
қызмет атқаратындығы белгілі. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев өзінің саяси ұстанымдары
негізінде "Болашақ жастардың қолында"
- деген пікір білдірген еді. Әр заманда
болсын жастардың қоғамға қосар үлесі
зор болмақ.
Ал
бүгінгі таңдағы "Жас маман" кім?
Ол - интеллектуалды дамыған, ақпараттық
коммуникациялық технологиядарды жетік
меңгерген, жаңашыл идеялар иесі және
өзінің шеберлігін дамыта, ізденісте
жүретін қоғамдық тұлға. Жас маман атауы
бұл барлық салада алғаш қызмет атқарудағы
кәсіби имиджі десек те болады. Біздің
саламыз білімді ұрпақ тәрбиелеп,
болашағына қадам бастыру. Осы тұрғыда
жас маман ретінде ұстанымым: Саналы
ұрпақ тәрбиелеуде алдымыздағы отырған
шәкірттің шырағын жағу. Әрбір оқушының
қабілетін ашу бұл мұғалім қызметінің
ең басты құндылығы һәм жемісі деп
түсінемін. Чех елінің белгілі ойшылы,
педагог Ян Амос Коменский "Мұғалім
— мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық
ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін
сеуіп, нұр құятын, тынымсыз лаулаған
жалын иесі" деген құнды пікірі ойға
оралады. Ұлы педагогтің пікірі әрбір
жас маманның көкейінде ұстаным қызметін
атқарса әрбір оқушының болашағы жарқын
болмақ. Елімізде кейінгі жылдары білім
жүйесінде бірқатар реформалар қабылданды.
Кеңестік білім жүйесінен критериалды
білім мазмұнына ауысу үлкен жаңашылдықтың
негізі іспетті.
Бұрынғы
білім жүйесінде оқушыға 5,4,3 тік бағалар
қойылды. Олардың не үшін 5, тиісінше не
үшін 3 алғандарын нақты түсіндірмеді.
Бұған бір ғана жауап: мәліметті жаттап
айтып берді 5 тік баға, тиісінше жаттай
алмады 3 тік бағамен қорытылды. Ал
критериалды бағалау да барлық жағынан
ұтымды тұстары көп. Мысалы оқушыға 5
тік баға қойсақ, белгілі бір дескрипторлар
арқылы не үшін 5 тік бағаға жеткендігін
айта аламыз. Тиісінше бұрынғы білім
жүйеміздегі 3 тік баға алған оқушымыз
4,5 тік баға алған оқушылардың деңгейімен
сәйкес келуі мүмкін. Себебі; ол оқушымыз
құндылығын, маңызын жетік меңгеруі
мүмкін. Мен жас маман ретінде педагогикалық
талаптарымда үнемі осы жағдайларды
ескеріп, әрбір оқушының шырағын жағуға
ұмтыламын. Тәрбие мен білім беруде
бастауыш мектептің алатын орны зор.
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін
ең алдымен өзінің ұстазын көріп, екінші
анасы ретінде қабылдайды. Бастауыш
сынып пәні мұғалімі ретінде әрбір
іс-әрекетіміз оқушыға үлгі екендігін
ұмытпай даңғыл жолды көрсету мақсатымыз
болып қалады. Қазіргі таңдағы жас маман
педагогикалық шеберліктің символы,
жаңашыл білім жүйесіндегі осындай
көптеген идеяларды жетік пайдаланушы
тұлға. Педагогикалық ұстанымым негізінде
әрбір оқушының шырағын жағу қасиетті
парызым ретінде мәңгі қалары анық.
Кешегі Мағжан сенген жастар бүгінгі
таңда өте көп. Біз осы тұрғыда
күш-жігерімізді аямаймыз. Саналы ұрпақ
тәрбиелеу жас мамандардың бүгінгі
таңдағы басты парызы...