Мақала даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс 2 сынып даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау жолдарын айқындау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың ерекшеліктері

Педагогика жүйесіндегі балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі балаларды мінез - құлқындағы кемшіліктерді ескере отырып оқыту, олардың ой - өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс - тұрысындағы кемшіліктер олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне, яғни оқу, жазу, ортаға бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен, құрдастарымен қарым - қатынасына кері әсер етеді. Сондықтан да психикалық даму мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу үрдісін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Ал танымдық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек ол мәнді тапсырмаларды орындай алады.

Менің ұстаздық жолымда қалыпты балалармен жұмыс істегеніме 29 жыл, ал мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеп келе жатқаныма екінші жыл. Осы аз ғана уақыттың ішінде мен мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығы мен үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін сезініп те үлгердім. Себебі, қалыпты балаларға сабақ беру барысында еңбегіңнің жемісін тез көресің. Қалыпты балалар қоршаған ортаға тез бейімделеді, айтқаныңды тез ұғады. Тіпті, сабақ оқымай келген қалыпты балаға қаттырақ сөйлесең, ұрысқанның өзін ол дұрыс қабылдай алады, келесі жолы ондай қателік жібермеуге тырысады. Мектеп табалдырығын енді ғана аттап басқан бүлдіршіннің оқығанын, жазғанын, сабаққа деген құлшынысын көрудің өзі бір бақыт.

Ал мүмкіндігі шектеулі балалар болса, даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарластарынан артта қалған, қоршаған ортаға бейімделуі баяу, кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды, көбіне көңіл - күйі төмен болатындықтан да қатты сөйлегенді қабылдай алмайды. Мұндай балалардың ата - аналарымен жұмыс істеудің де өзіндік қиыншылықтары бар. Мүмкіндігі шектеулі бала үйреткеніңді қабылдайды, дегенмен, бұл ұзақ жүретін процесс. Бір сыныпта бес мүмкіндігі шектеулі бала болатын болса, әрқайсысының қабылдау деңгейі әр түрлі. Бірі түсінгенді екіншісі түсінбейді, бірін - бірі тыңдағысы келмейді, сабақтың өзін көңіл - күйіне қарай қабылдайды. Бұл балаларға қатты сөйлеуге болмайды, тек асқан шыдамдылықпен баланың тілін таба білу керек. Яғни, сабақ түсіндіру барысында әр балаға қабылдау деңгейіне қарай түрлі тәсілді қолдану керек. Баланың ақыл - ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс - әрекет, яғни баланың жанына жақын заттарды еске сақтату, ойландыру, елестету, бала бойындағы түрлі қабілеттерін дамытумен тығыз байланысты. Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, еске сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты.

Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырғанбірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері зейіні төмен, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары, жаңашыл, ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.

Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадыр - қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесуін толыққанды жағдайлардалайықты өмір сүруге, яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларға жан - жақты педагогикалық қолдау көрсетіліп, әрбір оқушы шама - шарқына қарайбілім көлемін меңгеруде. Жалпы, ақыл - ойында әртүрлі ауытқуы бар балалардың көбі толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шығады. Мұндай балалар өз отбасымен толық қарым - қатынас жасай алмайды және бұл олардың және тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді.

Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, жаратпау және еркелету эмоцияларын ажырата алады. Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, адам бетіне аянышты түрде қараумен білдіреді. Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балалар селсоқ, өзіне - өзі сенімсіз, кейбіреулері шектен тыз ызақор болып келеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болады. Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбейді. Міне, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығының өзі де осында.
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ жүргізетін мұғалімге қойылатын талап та жоғары. Ол мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
1. Мүмкіндігі шектеулі бала мен мұғалім арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;
2. Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;
3. Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру;
4. Балаларға сабақ жүргізу барысында тапсырманың бала зердесіне әсер етуін, оның қабылдауын, есте сақтауын назардан тыс қалдырмау;
5. Бала ата - анасымен тығыз байланыста болу;
6. Сабақ жүргізу барысында түрлі ойын элементтерін көбірек қолдану.
Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақты, көбіне, олардың жанына жақын ойын түрінде өткізу тиімді. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық көңіл - күйі көбінесе ойын және еңбек іс - әрекетінде көрініс береді.

Осы орайда мен де сабақты, көбіне ойын түрінде өткізуге тырысамын. Негізінен, мен 4 «В» дамыта түзету сыныбына сабақ беремін. Осы сыныптағы кезекті математика сабақтарының бірінде «Аңдар бізде қонақта» тақырыбында сабақ өткіздім. Бұл сабақ қаңтар айында өткізілген. Аңдарды таңдап алған себебім, балалардың жанына аңдардың бейнесі жақын, өйткені, олар оның алдында ғана Жаңа жыл шыршасында қасқыр, аю, түлкі болып киінген еді. Сондықтан, осы аңдар таңдалынып алынды. Сабақ барысында интерактивті тақта арқылы аталған аңдардың суреттері көрсетіліп, осы аңдар ұсынған тапсырмалар орындалды. Сабақ барысы төмендегідей жүргізілді.

Сабақ тақырыбы: Көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, дүниетанымын дамыту, жануарларға деген жылы сезімдерін ояту, оларды қорғауға және қамқорлық жасауға үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, аңдардың суреттері.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ басталар алдында оқушыларға жыл мезгілдері, әр жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы сұрақтар қойылды. Балалар шамаларының келгенінше жауап берді. Одан соң қыс мезгілі туралы, қыс мезгіліндегі аңдардың тіршілігі туралы айтылды және слайд арқылы суреттер көрсетілді.

Мұғалім: Балалар, біз үшін бұл күн – өте қуанышты күн. Өйткені, біздің сабағымызға бүгін өздеріңе таныс аңдар: қасқыр, аю және түлкі қонаққа келді және олар жай келген жоқ, сендерден көмек сұрай келіпті. Кәне, аңдарға көмектесіп, тапсырмаларын орындап береміз бе?
Балалар қуана - қуана келісті. Әрине, балаларға ұсынылған тапсырмалар олардың деңгейлеріне сай келеді және олар осыған ұқсас тапсырмаларды күнделікті орындап жүр. Сондықтан да балалар тапсырмаларды орындауға қызыға кірісті. Мысалы:
1. Қасқыр: Балалар, маған мына тапсырманы орындап берсеңдер, мен апанымды адаспай табар едім, әйтпесе, адасып жүрмін, әбден тоңдым.
Қасқырдың тапсырмасы: 1200 – 172 * 3 + 308 =
4508 + 486 * 2 – 892 =
Балалар тапсырманы орындады.
Аюдың тапсырмасы: Балалар, сендер білесіңдер, мен қыс бойы ұйықтаймын. Ал осы жолы мен мына тапсырманы орындамағандықтан ұйықтай алмай жүрмін. Маған көмектессеңдер, мен алаңсыз тәтті ұйқыға батар едім.
Тапсырма: (45 - Х) * 7 = 49
8 * Х = 632 * 7
Балалар бір - біріне көмектесе отырып, бұл тапсырманы да орындады.
Түлкі: Балалар, маған да көмектесіңдерші? Мен мына есептерді шығара алмай жүрмін.
Түлкінің тапсырмасы математикалық диктант:
1. 14 пен 7 - нің бөліндісі нешеге тең?
2. 42: 6 =
3. 24 саны 8 санынан неше есе артық?
4. 36 мен 6 - ның бөліндісі нешеге тең?
5. 28 - ден 7 саны неше есе кем?
6. 49: 7 =
7. 21 мен 3 - тің бөліндісі қанша?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.11.2021
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі