400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала: Денсаулық құпиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
денсаулық туралы оқушылармен ой қозғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 сыныпта өзін-өзі тану сабағы.


Тақырыбы: «Денсаулық сырлары»


Мақсаты: адам денсаулығының құндылығы туралы білімі мен ұғымын кеңейту.

Міндеттері:

- оқушыларға салауатты өмір сүру салты туралы қарапайым ұғымдар беру;

- салауатты өмір сүру салты ережелерімен таныстыру;

  • өз қылықтарының денсаулығына тигізетін салдарларын болжау іскерлігін қалыптастыру;

  • салауатты өмір сүру салтының негізгі ережелерін сақтауға талпынысын тәрбиелеу;

  • В.Левидің денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша ұсынымдарымен таныстыру.
    Ресурстар:

«Ох және Ах» мультфильмі бар бейнетаспа;

маңдайшалар: «Денсаулық сырлары: жүнжімеу, жыламау, мұңаймау, ашуланбау, спортпен айналысу, шынығу, жақсы нәрселер туралы ойлау, көңілді болу»;балалардың сурететрі: «ЖЖЕ (жолда жүру ережелері)», «Қатерлі заттар мен сұйықтықтар», «Зиянды қылықтар» тақырыптары;

ауа шарлары, маркерлер;


Сабақтың эпиграфы: «Жақсы көңіл-күй — жақсы денсаулық кепілі».


Сабақтың жоспары.

  1. Қуаныш шеңбері.

  2. Мұғалімнің әңгімесі. Тақырыпты өзектеу.

  3. Әңгіме.

  4. Би жаттығулары.

  5. Бейнефильмнен үзінді қарау.

  6. Әңгіме.

  7. «Думан» жаттығулары.

  8. «Денсаулық сырлары» жаттығу - кластер.

  9. «Қауіп-қатерлер!» жаттығулары

10. «Мынау-мен, ал мынау – менің барлық достарым» ойыны.

11. Сабақтың дәйексөзі.

12. «У» сиқырлы дәрумені» шығармашылық қызметі.

13. Жалпылау.

14.Үй тапсырмасы.

15. «Жүректен жүрекке» шеңбері.

16.Ән айтайық, достар! («От улыбки»)


1. Қуаныш шеңбері.

Күн, жер мен орман, сәлеметсіңдер ме!

Тау, мұхит пен дала, сәлеметсіңдер ме!

Сен де, менің досым, сәлеметсің бе!

Бізге келген қонақтар, сәлеметсіңдер ме!

2. Мұғалімнің әңгімесі. Тақырыпты өзектеу

  • Бүгін сыныпта өте бай адамдардың жиналғанын көріп тұрмын!
    -Солай ма?

  • Өсиетті тыңдаңыздар, қандай байлық туралы айтып тұрғанымды сонда түсінесіңдер.

«Ең үлкен байлық» өсиеті

Бір бозбала өзінің кедейлігіне қатты нали береді.

  • Неге нали бересің? Сенің онсыз да үлкен байлығың бар! – деді қарт.

  • Ол байлық қайда? – деп таң қалды бозбала.

  • Сенің көздерің. Өзіңнің бір көзің үшін нені қалар едің?

  • Жоқ, мен өз көзімді ешқандай байлық үшін де бермеймін, - жауап берді бозбала.

  • Жақсы. Онда маған қолдарыңды бер. Ал сол үшін мен саған алтынды үйіп беремін.

  • Жоқ, тау-тау алтын берсең де, мен өз қолдарымды бермеймін.

  • Енді сен бай екеніңді өзің де көріп отырсың. Маған сен: адамның ең үлкен байлығы – күш пен денсаулық. Оларды ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың, - деді қарт.

3. Әңгіме

  • Қалай ойлайсыңдар, қарт күш пен денсаулық – ең үлкен байлық деп неге ойлайды? (балалардың жауаптары)

  • Өз денсаулығынды қүту неліктен маңызды? (балалардың жауаптары)

  • Қалай ойлайсыңдар, дені сау болу деген нені білдіреді? (балалардың жауаптары)

  • Дені сау адамды неліктен бақытты адам деп есептейді? (балалардың жауаптары)

Мұғалімнің толықтырулары: денсаулық – аурулардың жоқтығы. Дені сау адам өзін жақсы сезінеді, жұмыстан, оқудан қанағат алады. Біреуге денсаулық беріледі, біреуге берілмейді деп айтылады. Денсаулық емес, денсаулыққа қабілеттілік беріледі. Адамның денсаулығы өзіне байланысты. Адам өз денсаулығын сақтау мен нығайту үшін не істеуі қажет? (Балаларға осы тақырыпта талқылауға мүмкіндік беру).

Мұғалім қорытындылайды және ұсынымдар береді.

Біріншіден, анық та дұрыс күн тәртібі. Күн тәртібіне денсаулыққа пайдалы нәрселерді енгізуіңіз қажет (гиги­еналық процедуралар, физикалық жаттығулар). Барлығын бір уақытта істеу қажет. Анық тәртіптің арқасында ағза аз жүктемелі болады, күш тезірек қалпына келеді, ағза аз шаршайды.

Екіншіден, жоғары қозғалыстық белсенділік. Физикалық жүктеме қажетті және өте пайдалы. Ол ағзаны шыдамды, күшті, ауруларға төтеп бере алатындай етеді. Естеріңізде сақтаңыз: бір жерге жаяу және көлікпен бір уақытта жететін болсаңыз, онда бұл қашықтықты жаяу өткеніңіз абзал. Күнделікті қозғалыстық белсенділікті ешқандай арнайы спорттық жаттығулар ауыстыра алмайды.

Үшіншіден, табиғатпен үнемі қарым-қатынаста (таза ауа, су, күн).

Дәрігер-психолог В. Леви дені сау болу үшін не істеу қажет екенінен кеңес береді, тыңдап көріңіздер:

1. Жыл бойына — таза ауа! Саябақ, бақша, орман қашан болса да, кез-келген ауа райында емдейді! Жеңіл, еркін киініңіз.

2. Жалаң аяқ жүріңіз. Аяқ жүру құралдары ғана емес, сонымен бірге барлаушылар және белгі берушілер болып табылады. Біздің табандарымызда барлық мүшелермен және мимен байланысты көптеген нүктелер бар. Аяқ киім кигенде, біз оларға демалуға, бізді шынықтыруға бермейміз. Қара жерде жалаң аяқ жүрген шипалы болады.

  1. Ағашқа жақын болыңыз. Оған жақындаңыз, қол тигізіңіз... (бірақ сындырмаңыз!). Ағаш — сиқырлы қайнар көз: ауаны оттегімен байытып қана қоймай, көптеген құнды ұшпалы заттармен толтырады.

  2. Судан қорықпаңыз! Су — бізді құратын құпия. Сумен достаса отырып, көптеген дәрілерді қажет етуден бас тартуға болады. Ол ішті және сыртты тазартады, жаңартады, суытады және жылытады. Табиғи су көздерін (көл, өзен, теңіз) пайдаланған жоқ. Бұлақ, қар, жаңбыр суына ерекше назар аудару қажет. Кез-келген мүмкіндікте жуыныңыз, ішіңіз! Қандай су болмасын онда қозғалыссыз көп уақыт тұрмаңыз. Ваннада жатып та, бастапқы қалпыңызды өзгертіп отырыңыз. Барлық су процедуралары тамақ алдында жақсы болады.

Барлығына белгілі, күн тіршілік күшін әкеледі. Ол адамның көптеген мүшелеріне әсер етеді. Күн нұрынан қан құрамы да өзгереді, ағза үшін құнды заттар бөлінеді. Бірақ сонымен қатар, күн көзінде ұзақ уақыт жүру тері күйігіне, денсаулық жағдайының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан осы жайлы ұмытпаған жөн.

Басты бес ескертулер

  1. Күн көзінде ұзақ уақыт қозғалыссыз болмаңыз, қалыбыңызды жиі өзгертіңіз.

  2. Басқа күн тиюден аулақ болыңыз. Күн көзінде бас киімсіз жүруге болмайды.

2. Қатты жел, суық емес жел кезінде де күн тиюден аулақ болыңыз. (Назар аударыңыз: жануарлар жел болғанда күн көзінің астында жатпайды).

  1. Тауда — ең ыстық және күйдіргіш, теңізде – ең айлакер, далада — аяусыз күн. Ең қауіпсіз күн орманда, өзен жағасында, бақта болады.

  2. Көктем соңында, бірінші жылы күндері, күннің көзі өте белсенді болған уақытта ерекше сақтықта болу қажет.


4. « Құстар тангосы» би ширатуы

- Барлығының көңіл-күйі көтеріліп, жүздерінде күлкінің пайда болғаны қандай тамаша. Өйткені көтеріңкі көңіл-күй денсаулық үшін өте маңызды.

5. «Ах және Ох» мультфильмінен үзінді қарау.

(Ох және Ах жаңбыр астында қалып, әбден су болғаны, Охтың ауырып қалғаны туралы айтылатын жері.)

6. Әңгіме.

  • Ох неліктен ауырып қалды? (балалардың жауабы)

  • Қандай адам тез жазылады?

  • Көңіл-күйі жоқ, үнемі уайымдағыш адам немесе тез жазылатынына сенетін, жақсы туралы ойлайтын, аурумен күресетін адам ба? (балалардың жауабы)

7. «Думан» ширатуы

(Мұғалім мәтін оқиды, оқушылар сыныпта еркін жүреді және «мәтінді тірілту» үшін кез-келген қозғалыстар жасайды)

Алақай! Думандайтын уақыт келді!

Жайра осылай деп күлді.

Қарға да: - Кар - кар - кар!

Күшік те: - Гав - гав - гав!

Деп күлді

Кім думандаса – сол дұрыс!

Ай көтерілді аспанға

-Ол да күліп, жымиды.

Барлық жерде күлкі орнап,

Думан уақыты келді!

8. «Денсаулық сырлары» жаттығу-кластер.

- Қараңыздар, біздің Охтың әлі де көңіл-күйі жоқ. Келіңіздер, оған барлық сөздерден тек қана денсаулық құпияларын таңдауға, ал керек емес сөздерді алып тастауға көмектесейік. («Денсаулық сырлары» маңдайшасы, Охтың портреті айналасында сөздерді орналастырады)

Қайғырмау, жылау, мұңаю, ашуланйу, спортпен шұғылдану, шынығу, жақсы туралы ойлау, көңілді болу.

9. «Қауіп-қатер!» жаттығуы

- Өмірде көптеген қауіп-қатерлер бар және әркім оларды міндетті түрде білу қажет. (Мұғалім «Қауіп-қатер!» маңдайшасының айналасына балалардың суреттерін іледі.)

а) ЖЖЕ (тақпақ + сурет).

Тоқта, ойлан.

Жасыл бағдаршам жанғанын,

Көргенше күте тұр.

Сұрақ: - Жолда қандай қауіп болуы мүмкін? (балалардың жауаптары)

б) Қатерлі заттар (тақпақ + сурет).

Барлық өткір заттарды,

Қышқылдар мен уларды

Кішкене балалардан

Алыс тығып қой!

Сұрақ: - Кейбір заттар несімен қатерлі болады? (балалардың жауаптары)

в) Зиянды әдеттер (тақпақ + сурет).

Алыс, алыс қойыңдар!

Қымбатты достар,

Қолдарыңызға зиянды заттарды

Алмаңыздар, алмаңыздар!

Сұрақ: - Зиянды әдеттер адам үшін неліктен қатерлі болады?(балалардың жауаптары)


10. «Мынау – мен, ал мынау – барлық менің достарым» ойыны.

- Келіңіздер, сіздердің денсаулық құпияларын қаншалықты есте сақтағандарыңызды тексерейік.

Мен сендерге сұрақтар қоямын, егер сіздер менімен келісетін болсаңдар, онда орындарыңнан тұрасыңдар да «Мынау – мен, ал мынау – барлық менің достарым» деп айтасыздар, келіспейтін болсаңыздар - үндемей отырасыздар, тығыласыздар.

Кім ұйқыға кеш жатып,

Таңертең тұра алмайды?

Кім төсекті тез жинап

Өзі жаттығулар істейді?

Кім көтеріңкі көңілмен

Мектепке асығыс барады?

Балақайлар, сендердің қайсысың Жуынбай жүресіңдер?

Кім біледі, оттықтар – ойын емес,

Өрт – қорқынышты бақытсыздық!

Тамақ ішкенде сөйлемеймін, Қақалам деп қорқамын.

Кім жолда жүру ережесін білмей

Жолда күнде ойнайды.

Кім көңілді жүріп,

Спортты сүйеді.

11. Сабақтың дәйексөзі.

-Тақтада жазылып тұрған сабақ дәйексөзін оқыңыздар: «Көтеріңкі көңіл-күй – жақсы денсаулық кепілі». Кім түсіндіреді, бұл сөздер нені білдіреді? (балалардың жауаптары)

12.Шығармашылық қызмет

«У» сиқырлы дәрумені».

- Көңіл-күйді көтеретін «У» деген сиқырлы дәрумен бар, ол көңілді көтереді. Қалай ойлайсыздар, ол қандай дәрумен? (Күлкі)

- У нас есть такие витамины, но они пока ещё не волшебные. Нарисуйте на этих шарах- витаминах улыбающееся лицо и подарите его тому, кого вы хотите видеть радостным и здоровым.

13. Жалпылау.

- Біздің денсаулығымыз өзімізге, деніміз сау болу тілегімізге байланысты. Мүмкіндігінше спортпен шұғылдану керек, шынығу, көңілді болу қажет, қауіпті жағдайлардан аулақ болу қажет. Жасқа тәуелсіз әр адам В.Левидің кеңестерін ұстанса, өз денсаулығын сақтауына және жақсартуына болады:

Әркімге! Кем дегенде күніне бір рет:

  1. Дене бұлшық еттерін жұмыс істетуге, қоғалутға тырысу. Жұмыс істемеген адам өмір сүрмейді! (Қан тамырлары мен нервтер тазарады).

  2. Дене жаттығулары арқылы терлеу (қан тамырлары тазарады).

  3. Таза ауамен қан жаңарғанын сезгенше дем алу қажет. Нәтижесінде сезімдер пайда болады: дем алу мен қозғалыстардың жеңілдеуі; ес пен ойлаудың жылдамдауы, көңілдің көтерілуі, тәбеттің пайда болуы және т.б.

  4. Тәбетті сезіну!

  5. Кішкене болсын күлкі мен қуаныш үшін себеп табу.

  6. Түнгі ұйқыдан басқа, күндіз бірнеше минут болса да тыныштық қалыпта болу қажет.


14. Үй тапсырмасы

55 беттегі №1 тапсырманы орындаңыз.


15. «Жүректен жүрекке» шеңбері.

Мұғалім өлең оқиды:

Денсаулық сырларын түсіну қажет,

Оларды есте ұстау қажет.

Көзқарас анық,

Сақ естіп,

Күлкіңіз - көңілді, бақытты болсын!


16. Ән салайық, достар!

Улыбка.

От улыбки хмурый день светлей,

От улыбки в небе радуга проснётся...

Поделись улыбкою своей,

И она к тебе не раз ещё вернётся.

Припев: И тогда наверняка вдруг запляшут облака

И кузнечик запиликает на скрипке...

С голубого ручейка начинается река,

А здоровье начинается с улыбки.

От улыбки солнечной одной

Перестанет плакать самый грустный дождик,

Сонный лес простится с тишиной

И захлопает в зелёные ладоши.

От улыбки станет всем теплей —

И слону, и даже маленькой улитке...

Так пускай, повсюду на земле,

Словно лампочки, включаются улыбки!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі