жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала Диалект сөздер
Авторы: Бейбітқызы Кәусар
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле Ғалымбекқызы
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Федоров ауданына қоныс аударып келген
Монғолия қазақтары тіліндегі диалект сөздер
Бүгінгі күні қазақ халқының рухани да қоғамдық – әлеуметтік тіршілігінің барлық саласына тамырын кең жайып, халқымыздың қатынас құралы ретінде қалтқысыз қызмет істеп отырған әдеби тіліміздің даму жолының өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп қарасақ, оның қалыптасуы мен кемелденуіне, талабына сай биік белестерге де көтерілуіне қозғау салған халық тілі. Академик Ә.Қайдардың «Этностың дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады» деген тұжырымын еске алсақ, халықтың байырғы кездегі дүниетанымынан, рухани мәдениетінен, шаруашылық жүргізу тәсілдері мен кәсібінен мол болып саналатын жергілікті тіл ерекшеліктері осыған дәлел.Қазақ әдеби тілінің байып, әрленіп отыратын негізгі арналарының бірі – жалпыхалықтық тіл. Жалпыхалықтық тілдің бір түрі – диалект. Диалектизмдердің әдеби тілге қарым-қатынасы бір жақты ғана деп үзілді-кесілді айтуға болмайтыны белгілі. [Қалиев Қ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы» Алматы: Ғылым, 2002,-200 бет. ]
Федоров ауданындағы оралман қазақтары тілінің лексикалық ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, Монғолиядағы қазақтар негізінен Баян-Өлгий аймағында тұрады. Осыдан он шақты жыл бұрын Монғолияда 150 мыңдай қазақ бар еді, олардың 70 мыңдайы Қазақстанға көшіп келді. Жалпы Монғолияда қазір 130 мыңға жуық қазақ бар. Оның жүз мыңға жуығы Баян-Өлгий аймағын мекендейді. Шетелдегі ұлттық жағдайы ең жақсысы – осы Монғолия қазақтары. Олардың басым көпшілігі өз ана тілінде оқиды. Қазақтың ұлттық ерекшелігін, ежелгі салт-дәстүрлерін, ата кәсібін жақсы сақтаған. Аймақтың басшыларының бәрі дерлік-қазақтар. Қазақстанда «Оралман» бағдарламасы жүзеге асқаннан соң, монғолиядағы қазақтардың Қазақстанға көшуі күшейе түсті. Сол себептен Монғолия жерінде қазақтың саны азайып келеді. Монғолиядағы қазақтардың басым көпшілігі баяғыдан сол жерде өсіп-өнген, сол жерде қазақ болып қалыптасқан ел, сондықтан да Монғолиядағы қазақтар ата-бабасының тұлпары таптаған жерде өмір сүреді.
Қазақ этникалық топтары мен диаспораларының этномәдени ерекшеліктерін-тарихын,мәдениетін,әдебиетін, мінез-құлқын, психологиясын т.б жете танып білу үшін, олардың тілін зерттеу маңызды мәселелердің бірі болып саналады.Моңғол қазақтарының тілін зерттеуші ғалымдар, оны қазақ әдеби тілінің шығыс- солтүстік говорына жатқызады.Мұндай ерекшеліктер әсіресе, ауызекі тілде ерекше көзге түседі.[Ө.Айтбайұлы, Б.Момынова, Алматы: «Арыс» 2001, 60бет ]
Белгілі бір аймаққа тән жергілікті тіл ерекшеліктеріндегі этнолингвистикалық сипаттарға талдау жасау қазақ тіл білімінде әлі де болса өз деңгейінде зерттелмеген. Соның бір дәлелі тақырыбымызға арқау болып отырған «Монғол қазақтары тілінің лексикалық ерекшеліктері». Қостанай облысының Федоров ауданы, Успенов ауылына қоныс аударып көшіп келгеніне биыл міне, 24 жыл толып отыр. Осы 24 жылдың ішінде 46 отбасы қоныс тепті, осы отбасының соңғы 6 отбасы 2012-2013 жылдар аралығында келген болатын. Зерттеу барысында тұрғындардың диалект сөздерді қаншалықты қолданатынын, күнделікті өмірде, тұрмыста өзара сөйлеу ерекшелігін байқадық.
Монғолиядан Қазақстанға көшіп келген оралмандардың атап айтсақ, Федоров ауданы, Успенов ауылында тұратын қазақтардың тіліндегі лексикалық ерекшеліктерді зерттеп, қаншалықты қазақтың байырғы сөздерінің жоғалмай сақталғанын көреміз.Зерттеу нәтижесінде біздің қазақ тілінің қоржынына төмендегідей сөздер келіп кірікті.
Монғол қазақтарының жалпы диалект сөздерінің қысқаша мағынасы
Ыдыс – аяқ атауына байланысты қолданылатын сөздер
Кәтел- бұл темір ыдыс. Басқадай шелек, битан, торсық деген сияқты атаулары да бар. Мысалы: Кәтелмен су тасып қолы тимеді.....
Тегене- бұл ұн илейтін ,ет салатын үлкен шара. Мысалы: Бір тегене ұн илеп, тойға дайындалды.
Мерзетір- капрон ыдысты солай айтады. Мысалы: Мерзетірді пештің үстіне қоймайды еріп кетеді.
Айыр- тамақ ішетін құрал.
Қалақ- тамақ ішетін құрал. Тамақты қалақпен ішу керек. Яғни қасықты қалақ деп атайды.
Тоға- қазан, яғни тоға деп атайды.
Шыны- шай құйып ішетін ыдыс яғни, кесе. Мысалы: Шыныға апам шай құйып берді.
Құлтаз- үстелдің үстіне жауып қоятын дастарханды құлтаз дейді.
Үй - жай атауларына қатысты диалектілер
Шырпы- тал, терек қарағайлардың қураған бұтақтарын атайды. Мысалы: Мен тал арасынан шырпы теріп келдім.
Пең үй- кіре берістегі ауыз үйді айтады. Мысалы: Үйге келген қонақтар пең үйге аяқ киімдерін шешіп кірді.
Мешпет- бұл жылы кеудеге киетін, арасына мақта немесе жүн салып, матадан сырылып тігілген жеңі жоқ киім.
Көшкі- шымылдық терезеге ұсталатын матадан тігілген зат. Оны әдеби тілде перде деп атайды.
Жіпси- көзі кішкене қысыңқы адамды айтады. Мысалы: Көзі жіпсиіп келе жатты.
Шылауыш- басқа тартатын ақ орамал. Мысалы: Мен шылауышымды тағып алайыншы.
Ағзу- ақ мата. Мысалы: Ағзу матадан көрпе жасауым керек,-деді анам.
Қышқаш- от көсейтін құрал.
Шидін- шамды шидін деп қолданады.
Жә-жә- болды,бітті, жарайды жеген мағынада.
Мысалдан байқағандай ерін үндестігі сөз ішінде бірінші-екінші буында ғана емес, тұтас сөз соңына дейін сақталады. Монғолия қазақтарының тілінің сөйлеу ерекшелігін зерттеу нәтижесінде өзіміме көптеген материалдар жиналып,ашылды.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Ө.Айтбайұлы, Б.Момынова «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы» Алматы: «Арыс» баспасы, 2001.
-
Қалиев Қ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы» Алматы: Ғылым, 2002,-200 бет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген