Рудный қаласы әкімдігі «Дм.
Карбышев атындағы №14 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Алимбаева Таншолпан
Мерекекызы
Тақырыбы:
Дүниетану пәні арқылы оқушылардың ұлттық
мәдени
құндылықтар
жайында түсініктерін
қалыптастыру
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін
аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің
басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы
қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны
анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық
тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі
бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан
- 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел
болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды
бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені
игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын
жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқитын 1 – сыныптың «Дүниетану»
пәең бойынша «Мен және менің отбасым», «Отбасы шежіресі» атты үлкен
бөлімдер мен бөлімшелерде осындай өзекті тақырыптар қарастырылған.
Дүниетану пәнің тиімді оқыту барысында жас бүлдіршіндерді ұлттық
мәдени құндылықтар мен рухани мәдени мұралардың сабақтастықтарын
сақтай отырып оқушылардың бойына осы түсініктерді терең сіңіртуге
және тәрбиелеуге
бағытталған.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге
шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу
үшін:
-
Оқушылардың ұлттық сана-сезімін
қалыптастыру;
-
Жас ұрпақ санасына туған халқына деген
құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық
сана-сезімін
қалыптастыру;
-
Ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін,
өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды
қастерлеу;
-
Жас ұрпақ бойында жаңашырлық, сенімділік,
намысшылдық сияқты ұлттық мінездерді қалыптастыру міндеттерін
орындағанда ғана басты мақсатқа
жетеміз.
Шежіре - араб сөзі, мағынасы ағаштық бұтақ-тармақтарын
білдіреді. Мен қазақпын, дей алатын азамат өзінің
шыққан тегін, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген
ұл, жеті рулы елді біледі» деп сөз салмақтап, ой байқап атамыз
қазақ тегін айтпаған. «Қырық рулы еліміз, қарға тамырлы қазақпыз»
деген сөздер баяғыдан келе жатыр. Бұрын үлкен қариялар әкелеріміз
кім, кімнен туатынын аталарынан тармақтаған ұрпақтарды тәптіштей
таратып, балалардың құлақтарына құйып
отырған. Кейінгі ұрпақтары аталарын мақтан
тұтып жүріп, жомарттылыққа, ерлікке, саяттық істері мен жайсан
мінездерінен тәлім-тағылым алған. Бұл ата-тектік шежіре болады. Дүниетану пәні саласындағы
«Мен және менің отбасым» немесе «Отбасы шежіресі» тақырыптарын
оқушылардың бойына тиімді сіңірте отырып, оқушыларға өз «Отбасы
шежіресін» жазуға шақыру өте тиімді жұмыстардың бірі болып
табылады. Ол үшін өз ата-аналарынан, ата-апаларынан бәрін
сұрастырып, сауалнама, пікірлесу, схема, салыстыру сияқты жұмыс
түрлерін жүзеге асыра отырып, барлығын өз шежіресіне жазып қою
керек. Бұдан адамның тууын үшін, барлық адамдар кездесуі керек
болғаны көрінетін «үлкен ағаш» пайда болады. Тектің жақсы деген
ерекшеліктерінің сақталуы, рухани құндылықтардың артуы, балалардың
өзінің ата – бабасын мақтан ететіні жайлы және бұл өмірдегі
ата-бабаларының қалдырған ісің жалғастыру да өте
маңызды. Шежірені жасаған
кезде өткенді түсіну үшін шыдамдылық қана емес, дедуктивтік әдіс те
керек. Сонымен қоса терминологияны білу өте маңызды.
Генеалогия (грек тілінен - «шежіре») жеке
тұлғаның шығу тегі мен олардың арасындағы туыстық қарым-қатынасты
жасауға көмек береді. Бұл ғылым жеке рулар мен олардың қоғам
өміріндегі рөлінің тарихын зерттейді. Тек – бұл ортақ ата-текпен байланысқан адамдар, яғни арғы
атадан басталатын ер жағының ұрпағы.
Уақыт
өткен сайын тектегі адам саны көбейеді, және ол бірқатар дербес
тектерге бөлініп кетуі мүмкін. Отбасы – түрлі тек: күйеуі мен
әйелі, олардың балалары, балаларының отбасылары, немерелері
байланысатын қоғамның негізгі бөлігі екендігін оқушылардың санасына
жеткізу.
«Отбасы шежіресің» жасау үшін
шежіре деректері – бұл түрлі құжаттар мен олардың көшірмелерінің
жинағы: тектің әрбір өкілі туралы үзінді көшірмелері, суреттер,
мәтіндер, естеліктер т.б. мәліметтер қажет болады. Әдетте құжаттама
материалдары кітапханалардан, мұрағаттардан жиналып, құжаттамада
жазылып жатқан адамды танитын кісілермен кездескенде жазылып алыну
арқылы ұзақ жазылады. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылықтарын
ескере отырып «Шежірелік карточка» құрастыруға болады. «Шежірелік
карточка» шежірелік құжаттама негізінде тектің өкілі жөнінде
мынадай қысқаша мәліметтерді қамтиды:
• жылы, күні, айы және туған жері;
• ата-анасы жөнінде мәлімет;
• отбасылық жағдайы: әйелі, күйеуі, барлық некелері жөнінде
мәлімет;
• этникалық шығу тегі;
• физикалық жағдайы;
• білімі;
• дінге сенуі, өмірінің түрлі кезеңіндегі әлеуметтік және
лауазымдық жағдайы;;
• саяси пайымдары, қаржылық жағдайы;
• қайтыс болған күні (дереккөздері мен шежірелік құжатқа сілтемелер
болуы тиіс).
Біреулер: «Шежіре! Тарихи құжаттың түрін! Біздің
отбасымыз ең қарапайым, әйгілілігі жоқ, мұндайлар миллиондап қаптап
жатыр!» Бірақ бұл барлық гүлдер бірдей, кемпірқосақта бір ғана түс
– ақ түс бар деумен тең келеді. Бірдей саусақ ізі болмайтындай,
отбасы да бірдей болмайды. Сонымен қоса, миллиондаған отбасы шежіре
жасамайды, ал біз
оны
жасайтын болсақ, ол бізде пайда болады.
Шежіре ата-баба жөнінде естелік сақтауға
көмектеседі.
Қазіргі
таңда ұлттық мәдени
құндылықтарды дамыту барысында мектеп
қабырғасында сыныптан тыс іс-шара «Өз туысқандығыңды
есте сақта» ұранымен «Менің отбасымның өмірбаяны елімнің
өмірбаянында» немесе «Менің отбасым», «Менің шежірем» атты
сайыстарды жиі өткізіп
тұрамыз.Ол сайыста өзінің шежірелік білімдерін
оқушылар ортаға
салады. Сайыс нәтижесі бойынша
бастауыш сыныптар
арасында сайысқа белсене қатысып алға шыққан оқушыларды «Мен және менің
шежірем» әңгіме-кешін өткізуге аламыз. Тәрбиенің
түп қазығы тәрбие берер ұстазда. Демек, ұлт қамын ойлайтын
азамат қалыптастыруда ұстазға да артылар жүк
ауыр.
Ұлттық тәрбиенің маңыздылығын
айтып түгесу мүмкін емес. Ұлттық тәрбиенің жүзеге асуы ұлтымызға
ұстын, болашағымызға бағдар болары
анық.