400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: «Экологиялық қылмыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Экологиялық қылмыс»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Экологиялық қылмыс»


Ахметова Айнур Нуртолеуовна – құқық негіздері пәнінің оқытушысы


КМКҚ «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі»


Экология құқығы – құқытың саласы ретінде, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресуртсарды ұтымды пайдаланумен байланысты қоғам мен табиғаттың қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың жиынтығы.

Экология – тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экология (грекше oikos-үй, мекен, logos-ғылым,ілім)-жанды организмдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зеттейтін биологиялық ғылым. Алғаш рет бұл терминді 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель енгізген болатын. Табиғатты қорғау-табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі-айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау.

"Қазақстан Республикасының экология құқығы"- айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

"Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Заңы айналадағы табиғи ортаның жай күйіне ықпал ететін шаруашылық,басқару және өзгеде қызметті өкімет органдарының,министрліктер мен ведостволардың, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың мынадай қағидаттарда жүзеге асыруын қарастырған:

-адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басқа да қызмет түрінен басымдылығы,айналадағы табиғи ортаның, еңбек және демалыс үшін қолайлы болуына азаматтар құқығының нақты кепілдіктерін қамтамасыз ету;

-қоғамның экономикалық және экологиялық мүдделерін соңғысына басымдылық бере отырып,ғылыми тұрғыдан негізден ұштастыру;

-табиғатты жалпы тегін пайдалану;

-табиғатты ақы төлеп арнайы пайдалану;

-табиғатты қорғау және оны қалпына келтіру тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу;

-айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадағы табиғи ортаға зиянды зардаптар жасалуын шектеу;

-айналадағы табиғи ортаны қоғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау,оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау т.б.

Экология заңдарын бұзу-белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортағы зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Табиғи ортаға зиян келтіру-табиғи обьектілеріне, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына немесе табиғатты пайдалануда заңсыз залалды әрекеттер жасаудың экологиялық және экономикалық салдарынан туындайды.

Экологиялық тәртіпті бұзудың 4 белгісі бар:тәртіпті бұзушының кінәсі,заңға қарсы бағыт,заңды бұздан келген зиянның себепті байланысты,табиғи ортаға,адамның денсаулығына (өміріне) келген зиян немесе абайсызда болуы мүмкін.Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы заңды қасақана бұзады.Мұндай заңды бұзушылықты 3топқа бөлуге болады:

1 топқа - табиғи ресурстарды заңда көрсетілген реттерде алуға-сатуға,сыйға тартуға,кепілдік беруге,өз бетімен айырбастауға және осы сияқты жерге,жер қойнауына,суға,орманға,жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекет меншігі құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзатын әрекеттер жатады.

2 топқа - жер, оның қойнауы,су,орман,жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, дағдылы және сирек кездесетін ладшафтар, табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, ұлттық табиғи парктер, табиғи ескерткіштері, жердің климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа және табиғи экологиялық жүйелер, өзгеде табиғи объектілерін қорғау, пайдалану құқығына қарсы жою, ластау және өзгеде ұтымсыз пайдалану әрекеті мен әрекетсіздіктер жатады.

3 топқа - адамдардың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ мүлкіне табиғи жағдайлар мен шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпал ететін заң бұзушылықтарының түрлері жатады

Экологиялық қылмыс - Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне қол сұғатын және адамдардың денсаулығына немесе айналадағы табиғи ортаға зиян келтіретін, не зиян келтіруге нақты қатер төндіретін, қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ экологиялық залал келтіретін қылмыстық заңда көзделген өзге де қоғамдық қауіпті іс-әрекет.

Экологиялық әкімшілік жауаптылық-экология құқығына қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын әкімшілік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Табиғат қорғау заңдарын бұзаны үшін экологиялық әкімшілік жауаптылықтың негізгі 2 шарты бар:

1)ондай заңдарды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілген болуы керек;

2)ондай әкімшілік құқық бұзушылық экологиялық қылмыс белгілеріне жатпауы керек.

Экологиялық тәртіптік жауаптылық-экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын тәртіптік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.Экологиялық тәртіптік жауаптылық кәсіпорындардың,мекемелер мен ұйымдардың табиғат қорғау заңдары талаптарының бұзуына кінәлі лауазымды адамдар мен өзге де қызметкерлердің,міндеті мен қызметтерін және айналадағы табиғи ортаны қорғау мен шараларды орындамау салдарынан болады.

Экологиялық материалдық жауаптылық-экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсыз жасалатын кінәлі әрекет пен әрекетсіздіктін салдарынан меншік иесіне,иемденушілері мен пайдаланушыларына келтірілген зиянды өтеу. Экологиялық заңдарды бұзып,табиғат ресурстарына,адамдардың өмірі мен мүлкіне келтірілген материалдық зиянды өтеу кінәлі адамдардың қылмыстық,әкімшілік,тәртіптік жауапқа тартылуы немесе тартылмауына байланысты болмайды.

Жер заңдарын бұзғаны үшін экологиялық жауаптылық (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, материалдық тәртіптік жауаптылықтардан басқа)-жер заңдарының талаптарын,ережелерін қасақана немесе абайсыздықтан бұзу арқылы жасалатын кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Жер құқығы-жерге меншік құқығы,жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану,оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасының құқығының дербес саласы.Жер-табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің негізгі қайнар көзі болып табылады. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексі бойынша жер-бұл Қазақстан Республикасының егемендегі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік,табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процесінің аумақтық негізі.

Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қозғалады. Меншік құқығының субъектілері болып мыналар табылады:

1)Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі- Қазақстан Республикасы;

2)"Жер кодексінде" белгіленген негіздерде,шарттар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі- азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар.Бұл жағдайда, Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан азаматтары,шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар түсініледі.

Жер мәмілелері дегеніміз-жер құқықтық қатынастарын туындатуға, өзгеруге және тоқтатуға бағыттылған жеке ерікті әрекеті. Жермен жасалатын мәмілелерге жер учаскесін сату-сатып алу, жерді жалдау, жерді сыйға тарту, жерді кепілге беру және т.б. мәмілелер жатқызылады.

"Жер Кодексінің"4-тарауы"Жер пайдалану құқығы" деп аталады. Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады, Жер Кодексі мен заттық құқықтық мәніне қайшы келмейтіндіктен,бұған меншік құқұғы туралы нормалар қолданылады.

Жер пайдалану құқығының түрлері:

-тұрақты;

-уақытша;

-иеліктен шығарылатын;

-иеліктен шығарылмайтын;

-өтеулі алынатын;

-өтеусіз алынатын;

Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

Жер пайдалану құқығының субъектілері мыналар:

1)мемлекеттік және мемлекеттік емес;

2)ұлттық және шетелдік;

3)жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар;

4)тұрақты және уақытша;

5)бастапқы және кейінгі;

"Жер Кодексінде"және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларда меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және заңды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруге міндетті.

Сервитут, яғни бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы мына жағдайларда туындайды:

1)тікелей нормативтік актіден;

2)мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шартының негізінде;

3)жергілікті атқаушы органның актісі негізінде;

4)сот шешімінің негізінде;

5)Қазақстан Республикасының заңдарында көздеоген өзге де жағдайларда.


Қолданылған әдебиеттер

1. Ө.Қопабев, Қ.Айтқожин, Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали, «Құқық негіздері», Алматы «Мектеп», 2006 жыл, 71-85 бет

2. Е.Т. Өміржанов «Құқық негіздері», Алматы, 2015 жыл, 78-85 бет


Дереккөздері: Yandex.kz сайтынан мағұлматтар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 маусым
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі