Материалдар / Мақала: Ел президентінің үндеуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Ел президентінің үндеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Пленарлық отырысқа дейін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары жетекшілерінің алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылауға ұсынды. Фракциялар жетекшілері Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қолдау білдірді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясының 44 бабына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлының кандидатурасын ұсынды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«Құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны







Баяндама


Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Президентінің халқына үндеуі.





Құрылыс-жол пәндер бірлестігі отырысында қаралған.

хаттама «________ » 2022 ж.

ПБ төрайымы: Д. Болатқызы __________________





Арнайы пән оқытушысы:

Абылкасимова Талшын Сейтбековна



Семей 2022 ж

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты 2022 жылғы 11 қаңтардағы үндеуі.

Пленарлық отырысқа дейін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары жетекшілерінің алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылауға ұсынды. Фракциялар жетекшілері Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қолдау білдірді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясының 44 бабына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлының кандидатурасын ұсынды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынамын. Ол тәжірибелі маман, еңбекқор мемлекеттік қызметші. Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президенттің көмекшісі, Қаржы министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Қазақстан экономикасының болашағы туралы көзқарасы дұрыс. Нақты жоспары бар. Әлихан Асханұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы біледі. Өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін, – деді Президент.

Саяси партиялардың фракция жетекшілері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қолдау білдіріп, сөз сөйледі. Талқылаулардан кейін дауыс беріліп, Мәжіліс Президенттің Әлихан Смайыловты Үкімет басшысы лауазымына тағайындау жөніндегі ұсынысына келісім берді. Пленарлық отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Премьер-Министр лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Президент жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қаматамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді. Мемлекет басшысы сөзінің соңында қайғылы күндері бірлік танытқан қазақстандықтарға шынайы ризашылығын білдірді.

Жуық арада болған қайғылы оқиғалар кезіндегі экстремистермен күресте азаматтарымыздың көпшілігі патриоттық танытты. Халықтың бірлігі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егеменді дамуы идеясына деген шынайы сенімі – еліміздің дамуы мен қоғам болып ұйысуының мықты іргетасы. Біз барлық қиындықты бірлесе еңсереміз. Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз, – деді Қасым- Жомарт Тоқаев.

  • Оператор РОП-қа Утильсборды алуды тоқтатты. Енді машина құны азаюы мүмкін.

  • Қазақстан байлары халыққа қаржылай көмектесіп

  • ОДКБ сарбаздары 2-3 күнде үйлеріне қайта бастайды;

  • Атамекен гранты(бизнес бастағандарға) 400 АЕК 1166800 теңгеге дейін өседі.

  • Жастарға жаңа жұмыс орындары ашылады.

  • Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. 5 жаңа жоғары оқу орны ашылады. Оның екеуі батыс аймақта.

  • ЛРТ жобасы туралы оңтайлы шешім қабылдап, жобаны қолданысқа енгізетін мүмкіндіктерді қарастыратын отандық және шетелдік архитекторларды шақыруды бұйырды;

  • Қытаймен кедендік шекарада болып жатқан «былық» жойылады;

  • Самұрық-Қазынаны қайта реформалау қажет. Болмаса мүлде қажеті жоқ екенін айтты;

  • Үкімет мүшелерінің жалақысы 5 жылға дейін көтерілмейді;

  • Ал өзге бюджет қызметкерлерінің айлығы өседі. Нақты қанша % айтылмады;

  • 2025 жылға дейін инфляция дәлізі 3-4% болмақ;

  • Қазақстанда кәдеге жарату төлемін әкімшілендіру тоқтатылады;

  • Ұлттық қауіпсіздік жүйесі толық өзгертіледі және жағдай жасау үшін жалақысы арттырылады;

  • Қағазбастылық азаятынын айтты.

Президент: бұл Қазақстанның жаңа даму кезеңі болады деп сөзін аяқтады!

Шешім: Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуімен «Құрылыс колледжі» КМҚК қызметкерлері толықтай таныссын.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!