Мақала. Еңбек ер атандырар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Еңбек ер атандырар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбекке тәрбиелеу, баулу және дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбек ер атандырады


Мектепте еңбекке тәрбиелеу- тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар беру, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамның адамгершілікке және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында еңбек тәрбиесі мәселесі ең негізгі көкейкесті проблемаға айналып отыр. Оған себеп-адам, қоғам, табиғат заңдылығымен санаспау салдарынан туған келіспеушілік. Еңбек тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста. Адамдар қазір еңбек етіп табыс тауып отбасын асырайды. Бүгінде жұмыстың сан түрі көп. Былайша айтқанда, екі қолға бір күрек табылады. Бұрынғыдай «Қолыңда бір жапырақ қағазың бол­маса, еш жерге ілінбейсің» дейтіндей уайым жоқ. Әрине, ол өмірлік жолдаманың орны бөлек. Дегенмен, еңбектің адамзатқа берер пайдасы орасан. Еңбек тынымсыз тірлік болғанымен, оның қоғамға, халыққа, отбасыға, жеке адамзатқа беретін қасиеті мол.Ал сол адам еңбекті дүниеге адал жолмен әкелмесе, адам тағдырындай оның да өмір жолы бұзылады. Не десек те, терлеп тап­қан табысқа еш нәрсе жетпейтіні анық. Дана халқымыз «Еңбектің наны, жал­қаудың жаны тәтті» деп бекер айтпаған ғой. Бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге оқушыларды баулу басты мақсатымызға айналуы қажет.

Осы орайда 1 «А» сыныбымда “ Еңбектің наны тәтті ” тәрбие сағатын өткіздім. Онда оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын, еңбекті қадірлеу, бағалау және де еңбектің қуанышын сезінгендігі байқалды. Балалар кішкентай болса да ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, достарына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керектігін ұғынды. Адам жас кезінен еңбекқор, тілалғыш болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленетінін түсінді. Оқушылар еңбек туралы мақал-мәтел, тыйым сөздерді білетіні байқалды.

- Болашақты бүгіннен ойлағанымыз жөн. Барша қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, инновациялық дамытудың бірден-бір жолы - еңбек ету деп Елбасымыз тектен-тек айтып отырған жоқ. Біз еңбектің наны тәтті екенін біліп өскен халықтың ұрпағымыз.  Бала кезімізде тез есейіп, еңбек етсек деп армандадық. Сондықтан жастайымыздан еңбекке құлшынып, кейін оның жемісін жеп жатқанымыз шындық. Мемлекет басшысы осыған ерекше мән беріп, бәсекелестік заманында  нақты еңбек ете білуге шақырды. Бір сөзбен айтқанда, еңбек етіп, өзімізді, отбасымызды асырау - өз қолымызда. “Еңбек ер атандырады” -дегендей еңбек –адамның атақ-даңқын шығарады. Еңбектенген адам жеңісті, қуанышты болады.


Жеңіс жалпы орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі Суханова Алия Кумисбековна




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2020
901
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі